Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты. Тұйық етістік.Қажеттілік модальдігі. Сабақтың мақсаттары



Дата05.07.2016
өлшемі54.53 Kb.
#179181
түріСабақ
Күні: 29-30-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты. Тұйық етістік.Қажеттілік модальдігі.

Сабақтың мақсаттары:

1) лексикалық тақырыпты меңгеру барысында тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту;

2) өз ойын еркін жеткізе білу; сауаттылығын байқау.

3) түрлі тапсырмаларды орындату арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.



1. 236-беттегі сөздермен танысыңыз.

Ауызғы бөлмеприхожая

Әткеншек – качеля

Балалар бөлмесі – детская

Бұрыш – угол

Жер үй – частный дом

Перде – шторы

Жиһаз –мебель

Жуынатын бөлме - ванная

2.Төмендегі сұрақтарға сәйкес сөздерді бағанға бөліп жазыңыз.

Кеше, баратын, ғимаратта, ақ, мың, көретін, кеңседе, кешке, мұражайда, бір мың бес жүз, мешітте, жұмада, жиырма, күлді, түстен кейін, момын, қызыл, жетпіс жеті, ащы, тыңдады, пәтерде, жомарт, жүз отыз, сөйледі, қышқыл.




қандай?

неше?

қайда?

қашан?

не істеді?

ақ

мың

кеңседе

жұмада

баратын






























































3. Оқыңыз. Жауабын айтыңыз.

(«Қазақ тілі» В1 56-бет, 3-тапсырма)


ІІ.Жаңа сабақ.

Тұйық етістік іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік формаларына тән шақтық мағынады да, жақтық мағынады да білдірмейді.

Жасалу жолы: Етістік + у

Мысалы: сұра+у, жүр+у, бар+у, шегеле+у;



Ескерту:

оқы+у – оқ+у

Жаңа газетті оқуың керек.

құй+у – құ+ю

Бүгін гүлдерге су құюым керек.

азай+у - аза+ю

Жұмыссыздар саны азаюы керек.

көбей+у - көбе+ю

Астанада жаңа ғимараттар көбеюі керек.

Қажеттілік модальдігі

Модаль сөздер – сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын білдіретін сөздер. Қазіргі қазақ тілінде модальдылықты толық мәнді есім де, етістік те, көмекші сөздер де білдірмейді.

Модаль сөздер

есімді етістікті

керек, қажет, тиіс, сияқты, екен,шығар,болар,

сықылды, тәрізді, секілді, бар, жоқ дейді, білем


Модаль сөздер сөйлемнің баяндауышының құрамында болады. Кейбірі қыстырма сөздердің қызметінде қолданылады. Модаль сөздер мен қыстырма сөздерді шатыстыруға болмайды, бұлар - өзіндік ерекшеліктері бар екі түрлі грамматикалық категориялар.

Мысалы: Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. (меніңше – қыстырма сөз)

Олар жұмысты кешке дейін бітірулері керек. (керек – модаль сөздер)
Жазылым

4.Сөйлемдердің мағынасына қарай тиісті етістіктерді қойып жазыңыз.

Жіберу, сатып алу, оқу, көру, бару, сырғанау, тыңдау, билеу, кету, пісіру.



Үлгі: Мен күнде кешке теледидар көремін.

1.Менің досым күнде кітап .............................

2.Оның анасы тамақты жақсы ..........................

3.Әкем бос уақытында ән .................................

4. Аружан, досыңмен бірге біздің үйге ..............

5. Қыста балалар шанамен ............................

6.Нағашымның қызы Америкаға ..........................

7. Сіз қазір дәріханаға .....................................

8.Журнал тілшісі көп қателік ........................

9.Дариға кешегі биді қайта ..........................

10.Асылжанның ағасы күнде кешке газет ..........................
5. Көптік формада беріңіз.

Менің – біздің

Сенің – сендердің

Сіздің – сіздердің

Оның – олардың


1

Менің ертең қалаға баруым керек.

Біздің ертең қалаға баруымыз керек.

2

Менің дәрігерге көрінуім қажет.




3

Атам денсаулығын күтуі қажет.




4

Сіздің таза ауаға шығып тұруыңыз қажет.




5

Оның үйге келуі қажет.





Ән-көңілдің ажары

6. «Аппақ гүлдер» әні
7. Етістіктерге –у жұрнағын жалғап, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Емде, оқы, маман бол, бала тәрбиеле.

1.Оқушының міндеті - оқу.

2.Студенттің мақсаты - .......................

3.Ата-ананың мақсаты - ......................

4.Дәрігердің мақсаты - ........................


8.Тиісті қосымшаларды қойыңыз.

(«Грамматикалық анықтағыш» В1 193-бет, 4-тапсырма)


9. Төмендегі суреттерге қараңыз. Сұраққа жауап беріңіз.

(«Қазақ тілі» В1 61-бет, 1-тапсырма)


Оқылым

10.Мәтінді оқыңыз. Жоғарыдағы суреттерден мәтінге сәйкес үйді табыңыз.

(«Қазақ тілі» В1 61-бет, 2-тапсырма)


11.Сұрақтарға жауап беріңіз. Әр сұрақтың қасына 1-үй немесе 2-ші үй деп жазыңыз.

1

Қала орталығына қай үй жақын?

2-үй

2

Қай үйдің ауласы бар?




3

Қай үйде екі жуынатын бөлме бар?




4

Мейрамхана, кафелер қай үйге жақын орналасқан?




5

Қай үйден қоғамдық көлікке жету оңай?




6

Қай үйдің көршілері тыныш?




7

Қай үйде жұмыс бөлмесі бар?




8

Қай үйде жиһаздар бар?




9

Қай үйде машина қоятын тұрақ бар?




10

Қай үй жаңалау?





12. Қай үйді жалға алғыңыз келеді? Себебін жазыңыз.

.....................................................................................................................................

.................................................................................................................................

Қай үйді жалға алғыңыз келмейді?Себебін жазыңыз.

....................................................................................................................................

....................................................................................................................................
Қорытынды

13. Сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз.



(«Қазақ тілі» 64 бет, 8- тапсырма)
Үйге тапсырма. Оқыңыз. Сәйкес келетін суретті табыңыз.

(«Қазақ тілі» 63 бет, 7- тапсырма)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет