Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сан есім туралы түсінік беру. Сан есім заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру. Сөз таптары туралы білімдерін бекіту.
Пәндік нәтиже: сөйлемдегі әр сөзге сұрақ қойғызу арқылы сан есімдердің қандай сұраққа жауап беретіндігін түсіндіру.
Тұлғалық нәтиже: ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; щығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.
Әдәс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, баяндау, ой қозғау, топтастыру.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
-Арайлап таң атып келеді. Не дейміз?
-Қайырлы таң дейміз!
-Күлімдеп күн шығып келеді. Не дейміз?
-Қайырлы күн дейміз!
-Күнге қарап қандай тілек тілейміз?
-Күніміз көңілді, сабағымыз сәтті болсын деп тілейміз!
Геометриялық фигураларды таңдау арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
І топ үшбұрыштар - зат есім.
ІІ топ шаршылар – етістік.
ІІІ топ дөңгелектер – сын есім.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Қандай сөз таптрын білесіңдер?
-
Зат есім, етістік, сын есім.
І топ – зат есім туралы не біледі соны топтастырады.
ІІ топ – етістікті топтастырады.
ІІІ топ – сын есімді топтастырады
Зат есім Етістік
Сын есім
Балалар, мен сендерге бірнеше сөздер айтамын, ал сендер сол сөздерді зат есіммен байланыстырып айтасыңдар.
Бірінші (сынып), жеті ( лақ), жиырмасыншы ( қабат ), отызыншы қатар , сегіз ( жас) т. б.
Сөзжұмбақ шешу.
|
|
б
|
е
|
с
|
|
|
|
Т
|
о
|
қ
|
т
|
а
|
р
|
|
|
М
|
ә
|
н
|
ш
|
ү
|
к
|
|
|
|
|
м
|
е
|
к
|
т
|
е
|
п
|
|
|
|
е
|
т
|
і
|
с
|
т
|
і
|
к
|
|
|
|
|
к
|
і
|
р
|
п
|
і
|
|
к
|
ө
|
к
|
т
|
е
|
м
|
|
|
-
Ең жақсы баға.
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері.
-
Қазақтың атақты пулеметші қызы.
-
Білім ордасы.
-
Сөз табы.
-
Тікенекті аң.
-
Жыл мезгілі.
-Балалар, мына сөзжұмбақтың ортасындағы сөзді оқыңдар.
-Сан есім.
-Иә, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сан есім». Біз бүгін сан есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді соны танып білеміз.
Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттарда да біз сандармен кездесіп тұрамыз
-
Қазақта қасиетті сан деп, қандай сандарды айтады?
-
-7, 9, 12, 40 (7 нан, 7 күн, 7 қазына,7 су, 12 ай, 12 жас - 1мүшел)
Сан есімнің ережесін бірнше оқушыға оқыту. Түсіндіру, талдау.
Сөйлем ішінен сан есімдерді табу.
Айша мен Алма екінші сыныпта оқиды.
Талғаттың жасы тоғызда.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Сан есімдерді табу.
2-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу. Санды білдіріп тұрған сөздерді табу.
Сергіту сәті.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Топтық жұмыс.
-Балалар, халқымыз ертеден –ақ сандарды білген, санауды балаларға жасынан үйреткен. Сан есімдер мақалдарда, жұмбақтарда, жаңылтпаштарда да көптеп қолданылған.
Әр топқа тапсырма беру.
І –топ – сан есім кездесетін мақал - мәтел айту.
Жеті жұртың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Жүз сомың болғанша,
Жүз досың болсын.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Жеті атасын білмеген,
Жетесіздің белгісі.
ІІ –топ- жұмбақтар айту.
Төрт бұрышты,
Бір ауызды. ( Дорба )
Бес ін, бес іннің аузы бір. (Қолғап )
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. ( Домбыра)
ІІІ – топ –жаңылтпаш айту.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сан есімдерді тауып астын сызу.
Сабақты қорытындылау.
Семантикалық картамен жұмыс.
|
Зат есім
|
Етістік
|
Сын есім
|
Сан есім
|
Ойнады
|
|
|
|
|
Сұр
|
|
|
|
|
Жаңбыр
|
|
|
|
|
Жеті
|
|
|
|
|
-Не үйрендік? Не білдік?
1.Сан есім дегеніміз не?
2.Сан есімнің сұрақтары.
3.Сөз табы нешеу?
4.Сөз табын атап шық..
5.Сан есімге байланысты сөйлем құра.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 4-жаттығу.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы №67 «Т.Тәжібаев» атындағы бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Касымбекова Оразкул
Тақырыбы: «Сан есім»
Қазақ тілі пәні
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |