Сабақтың тақырыбы: Сан есім Сабақтың мақсаты



Дата26.02.2016
өлшемі21.7 Kb.
#26347
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Арғынбаева Нұргүл Молдабайқызы

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сан есім туралы түсінік беру.Сөйлемнен сан сан есімді таба білуге үйрету.

Дамытушылығы :Оқушылардың ақыл-ойын,байқағыштық қабілеттерін,каллиграфиясын жетілдіру,сөздік қорын,күнделікті сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Әдепті , ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі;Сұрақ –жауап әдісі.

Пәнаралық байланысы:Математика,музыка,ана тілі.

Сабақтың көрнекілігі:Кесте,домбыра,семантикалық карта,тест сұрақтары,т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

399- жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы,мағынасын түсін.Сын есімдерді өздері қатысты зат есімдермен бірге көшіріп жаз.

Кәрі жер,жасыл шапан,сары бел, сұлу көктем.

ІІІ.Миға шабуыл.

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Жалқы есім дегеніміз не?

3.Жалпы есім дегеніміз не?

4.Зат есімнің көпше түрін ата?

5.Зат есімнің жекеше түрін ата?

6.Етістік дегеніміз не№ Түрлерін ата.

7.Сын есім дегеніміз не?

ІV.жаңа сабақ.Математикалық ойын есеп.

Қазып жүр құмды бес мысық,

Үшеуі жатыр,күн ыстық.

Екеуі жүр шомылып.

Барлығы қанша санап шық?

1.Осы жолдардағы мысықтың санын білдіріп тұрған сөздерді табайықшы.

-бес,үш,екі.

2.Бес,үш,екі деген сандарды қай сабақта жазушы едік?

Математика пәнінде.

-Иә,сонымен сандар қазақ тілінде де кездеседі екен.Ендеше қазақ тілінде заттың санын,ретін білдіретін сөздер бар екен.Оларды сан есім дейді екенбіз.

Сан есімнің ережесі.

Заттың санын,ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Сан есімдерге қанша?,неше?,нешінші? Деген сұрақтарды қойылады.

Мысалы: бес, жүз,екінші

ІV.Кітаппен жұмыс.

498-жаттығу. (ауызша) өлеңді оқытып талдау жасау.Сан есімді тапқызыу.

499-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып,шешуін табу.

Қарамен жазылған сөздердің астынсызу.

Тоғыз белбеу,қос жібек

Екі мұрын,бір шүмек. (Домбыра)

Қазақтың шертпелі аспаптарының ішіндегі ең көп қолданылатыны-домбыра.Домбыра негізгі бес бөліктен тұрады.

Олар : бас,мойын,кеуде,шанақ,қақпақ.

Сызбаны сан есімдермен толықтырып жазу.


Уақыт

Ғасыр------------- ........жыл

Жыл---------------........ай

Мезгіл-----------........жыл мезгілі

Ай---------------..........күн

Апта-----------...........күн

Күн------------............сағат

Сағат---------..........минут

Минут--------........секунд

Жай тақтамен жұмыс жасау: Екі оқушы жоғарыдағы сандарды дара,күрделі сан есімдерге бөліп жазу.

3-тапсырма.

Өрнекті үлгі бойынша сөзбен жазу.

10+2= 10+6=

10+3= 10+7=

10+4= 10+8=

10+5= 10+9=

V.Сергіту жаттығуы.

Тәулік бойы тынбайтын,Болайықшы «Ақ жаңбыр».(жауын тырсыл)

Астан кестен жауатын,

Өткінші енді біз жаңбыр,(тез-тез жауған жауын тырсылы)

Қатты нөсер басылды. (жаймен тырсылдату)

Күн жарқырай ашылды.(қолдарымен күн жасау)

Неше түрлі әдемі,

Кемпірқосақ жасалды.(жарты доға жасау)

500-жаттығу. Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде.

Бес,тоғыз,жетінші,отызыншы.

..........

Бұл –сан есім,өйткені

………

501- жаттығу.



VІІ. «Ой қозғау»

Жеті саны қандай сан.Ол сан туралы не білесіңдер?

1.Жеті жұлдыз-анау «Жетіқарақшы»

Нанбасаң сен,жолдасыңа санатшы.

Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,жеті ме

Жұлдыздардың көз сал оң жақ шетіне (М.Әлімбаев)

Жетіқарақшы

Бұл солтүстік жартышарда орналасқан.Жетіқарақшы шоқжұлдызы.Оны үлкен шөміш шоқжұлдызы деп те атайды.

2.Жеті ата,жеті шелпек, жеті қазына,жеті ғашық, жеті күн.

3.Жеті өлшеп бір кес.

4.Жерден жеті қоян тапқандай.

5.Жеті атасын білмеген жетесіз.

6.Сан есімде кездесетін жеті-су аттарын ата? (жетісай,Жетісу,Жетіқара)

Тест сұрақтары.



№1




Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Торғай













Ала













Кетті













Екі













№2




Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Терек













Төрт













Керемет













Оқыды













№3




Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Әдемі













Айнұр













Алтыншы













Жүрді













1.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

А) Қандай? Қанша?

Ә) Не? Нешінші?

Б) Қанша?неше?

2.Сан есімді көрсет:

А) бес,сана,ұйықта.

Ә) Қырық,елу,жүз

Б) Елу бес,жас,кәрі

3.Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Екінші,бес,алпыс алты.

А) Сын есім

Ә) етістік.

Б) сан есім

4.Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жаз.

Ер...рет,қорқақ ,,,,рет өледі.

А) бір,мың.

Ә) бір,бесінші

Б) бір,көп

ХІ.Сабақты қорытындылау.Топтастыру стратегиясы.

Сан есім дегеніміз ен? Сұрақтарын ата?




Нешінші?

Неше?

Қанша

Санын

Ретін

Екінші

Жеті

Төрт

САН ЕСІМ

ХІІ.Оқушыларды бағалау.



ХІІІ.Үйге тапсырма.502-жаттығу. Тірек сөздер бойынша «Серуенде» тақырыбына әңгіме құра.

Оқушы, серуен,он екі,ұстап алды,құс,бір,қызық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет