Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту және бөлу Сабақтың мақсаты



Дата10.07.2016
өлшемі38.78 Kb.
#189478
түріСабақ
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарық жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Майбасова Ляззат Боранкуловна. Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:

  • С.Сейфуллин кентіне саяхат жасау арқылы оқушылардың есептерді шығару білігін тексеру. Сөз есеп, өрнек, теңдеу, мысалдар арқылы санды 7-ге көбейту және бөлу жайлы білімді бекіту;

  • сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикасын дамыту;

  • жұптық, өздік жұмыстар арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа баулу. Туған жерді сүюге, аялап қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, әңгіме, ой шақыру, жұптық жұмыс, өздік жұмыс, өзін-өзі бағалау, т.б.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, кеспе парақшалар, доп.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу.



  • Балалар, бүгінгі математика сабағына мұғалімдер қатысып отыр, ендеше, жақсы жағымыздан көрінейік.

  • Кеше бастауыш сыныптар апталығы басталды. Тақырыбы: Арқаның ақиық ақыны Сәкен Сейфуллин.

  • Кім айтады, Сәкен Сейфуллин кім?

  • Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

  • Ол қай жерде туған?

  • Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген.

  • Оның қандай өлеңдерін білеміз?

  • «Көкшетау» поэмасынан үзінді, «Қамауда» өлеңі

  • Балалар, біздің кентіміздің аты қалай?

  • С.Сейфуллин

  • Осы ауылымызға саяхат жасағыларын келе ме?

  • Ендеше, кеттік!

І. Әкім аппаратына саяхат. Психологиялық дайындық:

  • Кім жылдам?

  • Орныңды тап!

Өтілгенді қайталау.

  • Осындай жылдамдықпен өтілгенді қайталап шығайық.

  • Өткен сабақта нені үйрендік?

  • Доты лақтыра отырып, 7-нің көбейту кестесін сұрау.

  • 7 қандай сан?

  • Қандай қасиетті ұғымдарды білесіңдер?

  • 7 АТА (ата, әке, бала, немере, шөбере,шөпшек, немене)

  • 7 КҮН (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,

  • жұма, сенбі, жексенбі)

  • 7 ДӘМ (Наурыз көже: тұз, су, құрт, ет,

  • кеспе, бидай, күріш)

  • 7 НАН (7 шелпек тарату – дәстүр)

  • 7 ҒАЛАМ (Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Әлем,Жер беті, Жер асты)

  • 7 ҚАЗЫНА (алғыр ит, берен мылтық, сұлу әйел, жүйрік ат,өрісті мал, аталы сөз, шыбын жан)

  • ЖАУ (от, су, жұт, ауру, өсек, ақымық бала, соғыс)

  • Ендеше, үй жұмысын оқимыз, тексереміз. Тізбектей.

20:2+5=5*3 90:3-2=7*4 120:10=4*3

200:10=5*4 9*2=3*6



  • Біз Әкім аппаратына кірдік.

Дәптер ауыстыру.

ІІ. Емханаға саяхат. Жаңа сабақ.

  • Бүгін біз С.Сейфуллин кентіне саяхат жасау арқылы сөз есеп, өрнек, теңдеу, мысалдар шығарып, санды 7-ге көбейту және бөлу жайлы білімді бекітеміз. Сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикасын дамыту; жұптық, өздік жұмыстар жасаймыз. Сабақты өзін-өзі бағалау парақшалары арқылы бағалаймыз.

Көркем жазу. 666, 777

Күнді жазу: Қазанның 21-і

Сынып жұмысы

Жіктеу 666=600+60+6. 777=700+70+7



  • Емхананың ішін көрдік.

ІІІ. Балабақшаға саяхат. Жазбаша жұмыс №1

9дүкенге -48ЛЖ, 24С

1дүкенге-?

Шешуі: (48+24):9=8(т)

Жауабы: әр дүкенге 8 теледидардан түсті.


  • Балабақшаны да көрдік.

ІV. Вокзалға саяхат. Ауызша жұмыс.

№2 7л*7=49л 490л:7=70л 9л*7=63л 630л:7=90л

8л*7=56л 560л:7=80л 10л*7=70л 70л:7=10л

V. Кітапханаға саяхат. Танымдық жаттығу.

№3 20:7=2(6к) 26:7=3(5к) 32:7=4(4к)

52:7=7(3к) 58:7=8(2к) 64:7=9(1к)

- Санды 7-ге бөлгенде қандай сандар шығады екен?

1,2,3,4,5,6

VI. Мәдениет үйіне саяхат. Сергіту сәті.

VII. Сауда орталығына саяхат. Математикалық диктант.

Өрнек түрінде жаз

70-ті 7 есе кеміту;

Белгісіз санды 7 есе арттыру;

70-ті 7-ге кеміту;

Белгісіз санды 7-ге арттыру.

Тексеру.

VIII.Шаштаразға саяхат. Жұптық жұмыс.

№5 4*3+8=20 9*4=36 9*5-5=40 9*5=45



ІХ. Полицияға саяхат. Өздік жұмыс.

№6 х*7=63 а+7=63

Х=63:7 а=63-7

Х=9 а=56


9*7=63 56+7=63

63=63 63=63



Х.Мектепке саяхат. Бекіту.

7:1=7 14:2=7 21:3=7 28:4=7 35:5=7

42:6=7 49:7=7 56:8=7 63:9=7 70:10=7

ХІ. Бастауыш мектепке саяхат. Логикалық тапсырма

4*2=8


Қорытынды

  • Міне, балалар, туған жерімізге саяхатымыз аяқталды.

  • Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.

  • Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарың бар ма?

Үйге: №1(ә)-64-б, №5(3,4б)-65-б

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет