Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарық жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Майбасова Ляззат Боранкуловна. Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
-
С.Сейфуллин кентіне саяхат жасау арқылы оқушылардың есептерді шығару білігін тексеру. Сөз есеп, өрнек, теңдеу, мысалдар арқылы санды 7-ге көбейту және бөлу жайлы білімді бекіту;
-
сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикасын дамыту;
-
жұптық, өздік жұмыстар арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа баулу. Туған жерді сүюге, аялап қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, әңгіме, ой шақыру, жұптық жұмыс, өздік жұмыс, өзін-өзі бағалау, т.б.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, кеспе парақшалар, доп.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу.
-
Балалар, бүгінгі математика сабағына мұғалімдер қатысып отыр, ендеше, жақсы жағымыздан көрінейік.
-
Кеше бастауыш сыныптар апталығы басталды. Тақырыбы: Арқаның ақиық ақыны Сәкен Сейфуллин.
-
Кім айтады, Сәкен Сейфуллин кім?
-
Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
-
Ол қай жерде туған?
-
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
-
Оның қандай өлеңдерін білеміз?
-
«Көкшетау» поэмасынан үзінді, «Қамауда» өлеңі
-
Балалар, біздің кентіміздің аты қалай?
-
С.Сейфуллин
-
Осы ауылымызға саяхат жасағыларын келе ме?
-
Ендеше, кеттік!
І. Әкім аппаратына саяхат. Психологиялық дайындық:
Өтілгенді қайталау.
-
Осындай жылдамдықпен өтілгенді қайталап шығайық.
-
Өткен сабақта нені үйрендік?
-
Доты лақтыра отырып, 7-нің көбейту кестесін сұрау.
-
7 қандай сан?
-
Қандай қасиетті ұғымдарды білесіңдер?
-
7 АТА (ата, әке, бала, немере, шөбере,шөпшек, немене)
-
7 КҮН (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,
-
жұма, сенбі, жексенбі)
-
7 ДӘМ (Наурыз көже: тұз, су, құрт, ет,
-
кеспе, бидай, күріш)
-
7 НАН (7 шелпек тарату – дәстүр)
-
7 ҒАЛАМ (Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Әлем,Жер беті, Жер асты)
-
7 ҚАЗЫНА (алғыр ит, берен мылтық, сұлу әйел, жүйрік ат,өрісті мал, аталы сөз, шыбын жан)
-
ЖАУ (от, су, жұт, ауру, өсек, ақымық бала, соғыс)
-
Ендеше, үй жұмысын оқимыз, тексереміз. Тізбектей.
20:2+5=5*3 90:3-2=7*4 120:10=4*3
200:10=5*4 9*2=3*6
-
Біз Әкім аппаратына кірдік.
Дәптер ауыстыру.
ІІ. Емханаға саяхат. Жаңа сабақ.
-
Бүгін біз С.Сейфуллин кентіне саяхат жасау арқылы сөз есеп, өрнек, теңдеу, мысалдар шығарып, санды 7-ге көбейту және бөлу жайлы білімді бекітеміз. Сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикасын дамыту; жұптық, өздік жұмыстар жасаймыз. Сабақты өзін-өзі бағалау парақшалары арқылы бағалаймыз.
Көркем жазу. 666, 777
Күнді жазу: Қазанның 21-і
Сынып жұмысы
Жіктеу 666=600+60+6. 777=700+70+7
ІІІ. Балабақшаға саяхат. Жазбаша жұмыс №1
9дүкенге -48ЛЖ, 24С
1дүкенге-?
Шешуі: (48+24):9=8(т)
Жауабы: әр дүкенге 8 теледидардан түсті.
ІV. Вокзалға саяхат. Ауызша жұмыс.
№2 7л*7=49л 490л:7=70л 9л*7=63л 630л:7=90л
8л*7=56л 560л:7=80л 10л*7=70л 70л:7=10л
V. Кітапханаға саяхат. Танымдық жаттығу.
№3 20:7=2(6к) 26:7=3(5к) 32:7=4(4к)
52:7=7(3к) 58:7=8(2к) 64:7=9(1к)
- Санды 7-ге бөлгенде қандай сандар шығады екен?
1,2,3,4,5,6
VI. Мәдениет үйіне саяхат. Сергіту сәті.
VII. Сауда орталығына саяхат. Математикалық диктант.
Өрнек түрінде жаз
70-ті 7 есе кеміту;
Белгісіз санды 7 есе арттыру;
70-ті 7-ге кеміту;
Белгісіз санды 7-ге арттыру.
Тексеру.
VIII.Шаштаразға саяхат. Жұптық жұмыс.
№5 4*3+8=20 9*4=36 9*5-5=40 9*5=45
ІХ. Полицияға саяхат. Өздік жұмыс.
№6 х*7=63 а+7=63
Х=63:7 а=63-7
Х=9 а=56
9*7=63 56+7=63
63=63 63=63
Х.Мектепке саяхат. Бекіту.
7:1=7 14:2=7 21:3=7 28:4=7 35:5=7
42:6=7 49:7=7 56:8=7 63:9=7 70:10=7
ХІ. Бастауыш мектепке саяхат. Логикалық тапсырма
4*2=8
Қорытынды
-
Міне, балалар, туған жерімізге саяхатымыз аяқталды.
-
Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.
-
Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарың бар ма?
Үйге: №1(ә)-64-б, №5(3,4б)-65-б
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |