Сабақтың тақырыбы Сәлем -сөздің анасы. Ата-бабадан қалған ілтипат отбасының негізі



бет40/56
Дата23.04.2024
өлшемі6.08 Mb.
#499614
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
ҚМЖ 5 сынып Жаһандық құзыреттіліктер

(К) «Автомобильдер» сергіту сәті.
«Ояндық, керіліп-созыламыз»
Негізгі тұрыс, басты еңкейту, қолдар бастың артында, шынтақтар төменде. Қолдарды жоғары көтеріп, екі жаққа созамыз, басты көтеріп, бүгілеміз – терең тыныс аламыз; бастапқы қалыпқа ораламыз – дем шығарамыз.
«Моторды от алдырамыз»
Тік тұрамыз, қолдар екі жаққа созылады. Қолдардың білезіктерін денеміздің алдында айналдыра отырып, сол немесе оң жаққа денені бұрамыз.
«Қауіпсіздік белдігін тексереміз»
Тік тұрамыз, аяқтар алшақ қойылады, қолдарымыз денеміздің бойында. Оңға-солға еңкейіп, қолдарды дене бойымен сырғытамыз.
«Тежегішті тексереміз»
Тік тұрамыз, қолдарымыз арқамыздың артында, алдымен сол аяқтың табанын, одан кейін оң аяқтың табанын айналдырамыз.
«Кеттік!»
Бір орында жүру, кейін ол жүгіруге ұласады.
(Т, Қ) Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс
– Ата-анаң саған қоғамдық орындардағы қандай мінез-құлық ережелерін үйретті? (Тәртіптілік, сыпайылық)
Айсұлудың сұрағы:
– Көлікте кімге орын беру керек?
(Ж) Оқулық бойынша жұмыс
Ережелер жазылған бұлтшалармен жұмыс.
Қорытынды:

  • Жаныңда жасы үлкен адам тұрмаса ғана орындыққа отыра аласың. Олай болмаса сен орын беруге тиіссің. Жасы кіші жасы үлкенге, ер адам (ер бала) әйелдерге (қыздарға) орын береді. Науқас және мүгедек адамға да орын беру керек. Осындай іс-қимылға әрқашан алғыс айтылады.

  • Қоғамдық көлікте достармен (телефон арқылы) сөйлескен кезде, сені сөйлесіп отырған адам ғана естуі тиіс. Дауысыңды қатты шығарып, назар аудартудың қажеті жоқ.

  • Құлап қалмау үшін тұтқадан ұстап тұру керек.

  • Көлік толық тоқтағаннан кейін ғана көлікке кіруге (түсуге) болады.

  • Шығуға алдын ала дайындал. Аялдамада шықпайтындармен орын ауыстыр.

Біз қоғамдық көлікті үнемі пайдаланамыз. Ойлап қарасаң, қиын ештеңе де жоқ, отыр да жүре бер. Алайда жолаушыларға арналған қауіпсіздік ережелері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет