Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Тынымбай Нұрмағанбетов кім? Білесіңдерме?
2.Т.Нұрмағанбетовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
3.«Анасын сағынған бала» әңгімесіноқығансыңдарма?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
“Plicrers” әдісі арқылы сынып оқушыларының барлығының әңгімені соңына дейін оқыған не оқымағанын рейтингілік тексеру.
|
1-тапсырма:
Ұжымдық жұмыс:
Оқушыларға экранда тест үлгісінде сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс жауапты қолдарына берілген штрих код арқылы көрсетеді. Мұғалім оқушы жауаптарын телефон арқылы сканерлеп алып отырады. Жұмыс соңында оқушылардың рейтингісі пайызбен экранда көрсетіліп тұрады.
|
|