Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары



Дата13.12.2023
өлшемі48.5 Kb.
#486315
түріСабақ
Ше бер ж не д гелек. До аны зынды ы. Д гелек, сектор ж не с














Күні:13.04.2023




Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.1.1 доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану;
9.1.1.2 сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.1.1.3 іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
9.1.1.4 дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдан;
сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдануады;
іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін біледі
дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды біледі және қолданады;.-



Сабақтың барысы: ады

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру.Шаттық шеңбері, «Қима қағаздар» арқылы топқа біріктіру.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, орындықтарға отырады. (әр оқушы қағазға өз атын жазып, сағат тілімен көршісіне ұсынады.Көршісі оның жақсы бір қасиетін жазады. Солай айналып өзіне келгенше жүргізіледі. Өзі туралы жазылған жақсы пікірлерді оқып, көңіл-күйі жақсарады)
Үй тапсырмасын пысықтау: «Кім жылдам» әдісі арқылы сұрақтар тізбегін жүргізеді
Білімді жан-жақты тексеру:
Өткен материалды еске түсіру мақсатында сұрақ –жауап алу:

  • Синустар теоремасы

  • Косинустар теоремасы жайлы не білесіңдер?

  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табу кезінде қандай формула қолданылады?




Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп әр топ қорғайды:
Сұрактарга жауап береді
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
. «Өз өзіңді тексер» әдісі бойынша оқушылар тақтада дұрыс жауабымен тексеріп, өзін бағалайды.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.

(Әр дұрыс жауапқа топбасшы «+» таңбасымен бағалап отырады).

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.





Түрлі түсті қима қағаздар

ДК экраны


Сұрақтар топтамасы.


геометрия
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Шыныбеков
«Атамұра» 2019


Сабақтың ортасы

  1. Жаңа сабақ.«Джиг-со» арқылы анықтамалар, теоремалар мен салдар тұжырымдарын, дәлелдемелерін ұғындыру.

.Бүгінгі сабақтың мазмұнын ашу үшін топтарға сәйкестендіру тесті беріледі
1.Шеңбердің ұзындығы
2.Дөңгелектің ауданы
3.Сектордың ауданы
4.Доғаның ұзындығы
А. C = 2πr



2- тапсырма. Штрихталған бөліктің ауданын табу.
Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып, тексереді.
Жауаптары: 1-а 2-с 3-д 4-в



Інұсқа
Дұрыс жауабын табыңдар:
1. АВС үшбұрышында А=300, В=500, С =1000. Қай қабырға ең кіші?
а) АВ; б) ВС; в) АС.
2. АВС үшбұрышында АВ>СА. Қай тұжырым тура?
а) С= В; б) С> В; в) С< В.
3. Үшбұрыштың қабырғасы в және бұрыштары α және β. Синустар теоремасы бойынша а қабырғасы тең:
а) б) в)
4. АВС үшбұрышында АВ=4 см, ВС=5 см, В=600 болса, АС неге тең? 
5. АВС үшбұрышында А=300, В=450 ВС=10 дм болса, АС неге тең?



Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.






Сабақтың соңы

Не білдік? Не үйрендік? Нені білгім келеді? деген сұрақтарға жауап алу.
. Сабақ маған түсініксіз.
:




Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет