Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімнің "Еңлік-Кебек" дастанының тақырыбы мен идеясы Сабақтың мақсаты



Дата10.06.2016
өлшемі63.23 Kb.
#126477
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сәуірбаева Замира Сейділдақызы
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрімнің "Еңлік-Кебек" дастанының тақырыбы мен идеясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шәкәрім мұрасын тереңдей оқытып үйрету, дастанның мазмұны мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігін ашу.

Дамытушылық: Оқушыларды білім жүйесімен,іскерлікпен,дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып,соны болашақтарына жарата білу, жан- жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, сатылай кешенді талдау, Венн диаграммасы, Кубизм стратегиясы.

Көрнекілігі: сызбалар, ақын портреті, нақыл сөздер, слайд , ән

Пәнаралық байланыс: музыка, география, тарих

Нақыл сөздер: «Адам үшін- еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағаның қарап ал,

Мұрам сол, жастар, бергенім.» Шәкәрім

"Ұлы ақын -Шәкәрімнің артында қалдырған мұрасының көркемдік құндылығы өте жоғары. Әлемдік өркениетте жеке тұлға ретінде ұлы ақын, ойшыл ретінде қалдырған мұрасы- жалпы адамзаттық құндылық" Қытай ақыны Ли Бай
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.Саламатсыздар ма, оқушылар! Көңіл күйіміз қалай?

Сабақта кім жоқ? 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру . ІІ.1. "Еңлік-Кебек" дастанын көрініс етіп даярлау

ІІ.2.Өткен тақырып бойынша білімді жан-жақты сұрау

"Күн көзін ашу" стратегиясы

1.Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы қандай?

2.Адам баласының борышы неде?

3.Шәкәрімнің қоғам, халық жайы туралы өлеңдерін ата

4.Шәкәрім мен Абай өлеңдеріндегі үндестікке мысалдар келтіріңіз

5.Шәкәрімнің сазгерлігі туралы не айтасың?





ІІ.3. Бағалау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық: "Ой шақыру" (интерактивті тақтаға назар аудару. Р.Рымбаеваның орындауында "Еңлік-Кебек"әнін тыңдату )

-Оқушылар , жаңа сабақты бастамас бұрын мына әнге құлақ түрейік?

-Ән не туралы?Кім орындады?

- .........................

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикая лар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспа- сынан жеке кітап болып жарық көрген, алғашқы аты «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деп аталған. Бұл тақырыпқа  Мағауия Абайұлы дастан, Мұхтар Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды.

1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқүдық жайлауында Абайдың жары Әйгерімнің отауына іргелес жерде М.Әуезовтің бастамасымен қойылған. Тарихтан белгілі, 1926 жылы Қызылорда театрында ең алғаш қойылған қойылым болып табылады.

Ақынның Еңлік−Кебек тағдырына деген көзқарасы айқын, ол − өз қаһармандарының жақтаушысы. Поэмадағы екі жастың махаббат трагедиясын жеке адамның қасіреті ретінде бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қасаң қағидаларын ескілікті сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады. Яғни, идеясы- сол кездегі салт-дәстүр, қоғамның әділетсіздігіне қарсылық.

Шәкәрім шығармаларының ұрпағына берер тәлім-тәрбиесі, ғибраты молдығына ешкімнің таласы жоқ. Ақын шығармаларын қай қырынан алсақ та бұл анық сезіліп тұрады. Жаңа ғана өздеріңіз куә болған мәңгілік тақырып-адал махаббат, пәк сезім мәселесі адамгершілікке, ізгілікке шақырып тұр емес пе?


ІV.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

ІV .1. Топтық тапсырма. Оқулықпен жұмыс

1-топқа:

Шыққан жылы:

1892

Авторы:

Шәкәрім

Оқиға болған жер:

Шыңғыстау өңірі

Жанры:

Поэма(өлеңмен жазылған)

Идеясы:

Қоғамның әділетсіздігіне қарсы

а)2-топқа Поэманың композициялық – сюжеттік құрылысы

Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі

1

Экпозиция

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

2

Оқиғаның басталуы

Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

3

Оқиғаның дамуы

Кебек пен Еңліктің байланысы

4

Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5

Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

6

Оқиғаның шешімі

Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы

ә) 3- топқа: Поэтикалық тіліне талдау жасау



Поэмада кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар

Мысалдар

1

Монолог

«Түні бойы қыз мені сынапты ғой,

Мен де мұны сынайын деп ойлады»



2

Диалог

Шал айтты: "Мұны берген - бір Тобықты,

Атын ұмыттым, бір қонып кетіп қалды».

Қойшы айтты: «Оның аты Кебек еді,

Сонан соң да осында келмеп пе еді? "



3

Портрет

Он бесінде Кебектің аты шықты,

Атты жаяу бәріне бірдей мықты.

Көзі өткір, қараторы жігіт екен,

Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.



4

Теңеу

«Тауық» деп қызды айтады, «сұңқар» -Кебек,

«Тоқтамысқа қаратып қой» дейді ақыр».



5

Эпитет

«Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан,

Батырым, ондай жанға көңіл берме.



6

Суреттеу

Бетіне тумай тұрып түскен әжім,

Күңге де есіктегі қылды тәжім.

Кер кеткен кеселдіге душар болдым,

Осыдан құтыларлық бар ма лажым?

Оң қолының бармағы тағы шолақ,

Бармақсыз қол ұстауға қандай олақ.



ІV.2. Кубизм стратегиясы

1.Суреттеңіз

"Еңлік-Кебек" бейнесінің поэмадағы суреттелуі, мінездеме беріңіз

Еңлік-сұлу, қайсар,өз теңін іздеуші, ақылды, антына адал

Кебек-батыр, сөзге берік т.б



2.Салыстыру Венн диаграммасы

"Еңлік-Кебек" "Қалқаман-Мамыр"



"Еңлік-Кебек"

Ұқсастығы

"Қалқаман-Мамыр"



Екеуі де қайтыс болады,баласы болады.

Екеуі де ғашықтық дастан, екі жас қосыла алмайды, ру басылары қарсы, 18 ғ болған тарихи оқиға,

Екі дастандағы Әнет баба мен Кеңгірбай образы ұқсас



Қалқаман тірі қалып, нағашыларын паналайды

3.Қолданыңыз. Поэмадан мақал-мәтел табыңыз

Мақал- мәтелдер : "Сақтыққа қорлық жүрмес", "Пәледен машайық та қашқан", "Иесімен ас тәтті" , "Ел құлағы елу"



4.Табыңыз.Географиялық атаулар кездесе ме?

5.Талдаңыз.Өлең құрылысы

6.Түсіндіріңіз. Сөздікпен жұмыс

V.Жаңа сабақты бекіту. Пікір алысу. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?

(Әр топ өз пікірлерін айтады).

Мұғалім сөзі: - "Адам үшін- еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағаның қарап ал,

Мұрам сол, жастар, бергенім",- деп Шәкәрім өзі айтқандай , ақын ұрпағына рухани азық боларлық мол мұра қалдырды..



ІV. Үйге тапсырма: Поэмадан үзінді жаттау.

ІV.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет