Сабақтың тақырыбы: Спирттердің химиялық қасиеттері



Дата27.06.2016
өлшемі99 Kb.
#161608
түріСабақ


ОҚО, Бәйдібек ауданы, Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мәдібек Гүлдариға

11-сынып

Сабақтың тақырыбы: - Спирттердің химиялық қасиеттері.

  1. Сабақтың мақсаты - А) Спирттердің химиялық қасиетін түсіндіре отырып, 4-кезеңде жұмыс істеу.

А) Ой қозғау, б) ой шақыру, в) мағынасын талдау, г) тұжырым

Б) дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, оқушылардың ой- өрісін дамыту,



  1. оқушыларды адамгершілікке, адалдылыққа салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу.

  1. Сабақ көрнекілігі:

  1. Кодоскоп.

  2. Үлестірмелі кағаз.

  3. Плакаттар.

  4. Суреттер.

  5. Құмсағат.

  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

б) Үй тапсырмасын еске түсіру

I. Ой қозғау.

  1. Спирттер дегеніміз не?

  2. Спирттердің гомологтық қатары?

  3. Соңғы жағына қандай жалғау жалғанады?

  4. Метил спиртінің формуласы?

  5. Спирттердің изомериясы неге байланысты?

  6. Этил спирті қандай физикалық қасиет көрсетеді?

  7. Этил спиртінің формуласы?

  8. Иісі бар ма?

  9. Түсі қандай?

10. Суда ериді ме?

11. Тағы қандай қасиеті бар?-еріткіш



  1. Спирттердің жалпы формуласы?

  2. Спирттердің қүрамында қандай топ болады?

  3. Спирттерде химиялық байланыстың қай түрі бар?


В) Жаңа сабақ «Спирттердің химиялық қасиеттері» кодоскоптан көрсетіп өтіп, оқушыларға жаздыру.

  1. Катализатор қатысында Н2SO4 (конц) қосып қыздырғанда бейтараптанады.



  1. Металл натриймен әрекеттеседі.

№10 есепті шығара отырып, Ма - мен әрекеттесу теңдеуін жазу

  1. Бромсутекпен әрекеттеседі



  1. Спирттер жанады.

№7 есепті шығару

  1. Жай эфирлер түзеді.

Молекуласы бір-бірімен О2 арқылы қосылған екі көмірсутегі радикалдарынан тұратын органикалық заттар жай эфирлер деп аталады.

Енді әрқайсымыз өзіміз метил және этил спиртінің әрекеттесу теңдеуін және диметил эфирінің түзілу теңдеуін жазамыз. (2 мин)

(тақтаға реакңияны жазу) (+) құру

Б) Ойға шақыру

Спирттердің қолдануы кодоскопқа түсіріледі.



Спирттердің қолданылуы








В) Мағынаны түсіндіру

Спирттердің бізге пайдасымен қатар зияны да бар екен. Неге? Деген сұраққа жауап беру үшін мен сендерге мына екі суретті көрсетемін, сол арқылы кішкене дебат сайысын жүргізсек





Г) Жаңа сабақты қорытындылау.



Президенттің «Қазақстан - 2030» жолдауында Қоғам спиртті ішімдікке қарсы болуы керек. Кеңес үкіметі кезінде арақ біздің тұрмысымызға әдетімізге дәстүрімізге терең енді. Ол адам өмірінің ажырамас бөлігі болып алды - деп бүгінгі күннің ащы шыны шындығын айтты. Бұл шындықты мойындай отырып жаңа ғасырдың жасөспірімдері сендер бойларыңды жаман әдеттен аулақ ұстаңдар.

  1. Арақ атаңнан қалған ас емес.

  2. Арақ аздырады, темекі тоздырады

  1. Спирттерден қандай көмірсутектер алынады?

  2. Спирттер металдармен әрекеттескенде не түзіледі?

  3. Спирттер жана ма?

  4. Жанғанда не түзіледі?

  5. Екі спирт әрекеттескенде не түзіледі?

  6. Эфирлерді не үшін колданамыз?

  7. Спирттерді не үшін қолданамыз?




  1. Үйге тапсырма: -25 Спирттердің химиялық қасиеті.

  2. Оқушылар білімін бағалау. Анализ жасай отырып қорытындылау.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет