Сабақтың тақырыбы: Су – табиғат құбылысы
6-бөлім. Су-тіршілік көзі.
Қазақстандағы өзен-көлдер.Морфология.
Қазақ тілі 6-сынып
Оқу мақсаттары:
6.3.3.1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графикалық мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрін құрастыру
Сабақ мақсаты:
Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау;
Деректер жинақтай отырып, графикалық мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрін құрастыру
6.2.1.1. Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
- Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтайды;
- Графикалық мәтіннен (диаграмма, сызба, кесте) түрін құрастырады.
- Сілтеу есімдігін пайдалана отырып, мәтін құрайды.
Бағалау критериі:
Ой шақыру
Судың нақты пішіні бола ма?
Судың түсі қандай?
Судың дәмі мен исі қандай?
Суда еритін және ерімейтін заттар бар ма?
Судың нақты пішіні болмайды.
Судың түсі мөлдір.
Судың дәмі мен исі жоқ.
Суда еритін және ерімейтін заттар бар. Мысалы: қант, тұз – суда ериді; құм – суда ерімейді.
Судың табиғаттағы маңызы және судың адам өміріндегі маңызы
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі - су. Су - адам өміріндегі оттектен кейін екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70% су кұрайды. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады екен. Атап айтқанда, қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Ал егер денеде 20% су жетіспеушілігі байқалса, онда ол адамның өліп кетуі әбден мүмкін. Сусыз, адам сияқты, ешбір өсімдік өмір сүре алмайды, оған әрдайым құнарлық қажет.
1 тапсырма
Судың адам үшін және табиғат үшін қандай маңызы бар?
Сызба кесте арқылы түсіндіріп беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |