Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының



бет1/3
Дата06.09.2022
өлшемі31.67 Kb.
#460329
  1   2   3
Жәндіктердің құпия сырлары


Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Шұбарқұдық гимназиясының
Биология пәні мұғалімі
Ермекова Жанаргүл Ержанқызының
7-сыныпқа арналған
«Жәндіктердің құпия сырлары» курсына
П І К І Р

Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым - зоология. Зоология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың құрылысы мен тіршілік әрекетін, дамуын, өзінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, шығу тегін зерттей отырып, органикалық дүниенің жеке және тарихи даму заңдылықтарын да тануға болады. Жануарлар әлемінің табиғаттағы, адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы маңызы зор екені жалпыға мәлім.


Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан.
Биологияны оқыту арқылы оқушылардың теориялық ойлауының, даму, мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұнының негізінде қалыптасады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту арқылы таным белсенділігін арттыру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Мұғалімнің ұсынылып отырған «Жәндіктердің құпия сырлары» курсы оқушылардың биологиядан базалық білімдерін дамытуға және тереңдетуге көмектеседі.
Бағдарлама құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады. Мұнда, қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, табиғатты қорғау, табиғат қорларын тиімді пайдалану, омыртқасыз жануарлардың маңыздылығы сияқты мәселелер қамтылған.


Пікір жазған :
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті жаратылыстану
факультетінің декан орынбасары биология
кафедрасының оқытушыcы, магистр Б.А. Туралин
Түсінік хат

2018-2019 оқу жылы бойынша Шұбарқұдық гимназиясының оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент есебінен 7-сынып оқушыларына апталық 1 сағат, жылдық 34 сағат мөлшерінде «Жәндіктердің құпия сырлары» курсы енгізілді.


Біз өмір сүріп отырған қоғамда болып жатқан өзгерістер педагогикаға да өз әсерін тигізуде. Білім беру мазмұнын әлеуметтендіру, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мұғалімге жаңа міндеттер жүктейді. Қазіргі кездегі мектептерді дамыту бағыттарының бірі- білімді саралау болып табылады. Ол пәнді қосымша тереңдетіп оқытуға, бағдарлы курстарды жүргізуге негізделген. Дәстүрлі сабақта – сабақ тікелей мұғалімнен оқушыға берілсе, бағдарлы курстарда оқушылар өздері ізденеді, ал мұғалім ізденісті толықтырып шығуға көмектеседі. Бағдарлы курс дегеніміз оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, тақырыпты кеңінен ашып көрсету, ойлау қабілетін дамыту, оларды оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін сабақтар. Базалық деңгейдегі оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын, биологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде оқушылардың биологиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктермен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.Бағдарлы білім беру бағдарламасы оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше және кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды. Білім беру бағдарламасының мазмұны биологиялық ғылымның негізгі категорияларын қарастыруға, мектептің бастауыш сатысында алған алғашқы биологиялық мәліметтерді теориялар шеңберінде жүйелеуге бағытталған және де оқушыларды биологиялық білімнің дамуымен, оның қазіргі ғылымдағы орнымен және рөлімен таныстырады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси – экономикалық өзгерістеріне байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үрдісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендірудің қажеттілігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын – ала болжап, оқушылардың білім алу барысында іздену – зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларына пайдалана білу арқылы танылады. Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс – тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауы тиіс. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктер олардың жас ерекшелігіне байланысты, таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылуы тиіс.
Адам өмірінде жануарлардың маңызының орасан зор екендігі белгілі. Оларға адам тамақ ретінде қажетті органикалық заттардың негізгі бөлігін түзеді. Сонымен бірге көптеген күнделікті тұрмыс қажеттіліктерін шешуге мүмкіндік береді. Бірақта барлық жануарлар бұл тұрғыда қарағанда бірдей емес. Сондықтан осы курс арқылы оқушыларға жануарлар әлемінің тағы бір қыры мен сырын ұғындырып, мәлімет беруге түсіндіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет