Сабақтың тақырыбы : Ойнай білу де-өнер «Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам»



Дата15.06.2016
өлшемі45.5 Kb.
#137508
түріСабақ
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бозой орта мектебі

Тасырова Надира Джумаевна

Мектеп психологы

Өзін-өзі тану пәні: 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
«Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам».

Сенека
Мақсаты :



  • балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

  • шыдамдылық, сабырлық ,ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

  • жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • көпшілдікке ,әділдікке ,кешірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, «алтын сақа».
Шаттық щеңбері

Балалармен бірге щеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Бәрі бірге қосылып «Айгөлек» әнін шырқайды.



Айгөлек

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап,ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

Қайырмасы

Айгөлек-ай ,айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай туған кезімде,

Би билерсің дөңгелеп.


Асыл сөздің ұстазы-

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер,білім,еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Қайырмасы

Әңгімелесу

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ойнай білу де-өнер». Өткен сабақта бірлесе жұмыс істеу кезеңідегі адами қарым-қатынастарымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін ойнау кезіңдегі адами қарым-қатынастар туралы әңгімелесеміз.



  • Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?

  • Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?

Тапсырма


  • Ойын кезінде достарыңмен әр түрлі келіспеушілік жағдайлар реніштер болып жатады. Сондай сәттерде қандай шешім қабылдайсыңдар?

Балалар екі топқа бөлініп , әр топқа бір жағдаяттан бөліп беріп. Жеке қағазға жазылған мәтінді оқып, мазмұнын топ болып талдайды, бір шешімге келеді.Топ арасында орындалып біткен соң әр топ атынан өздеріне берілген мәтінді бір оқушы шығып оқиды,сол топтың тағы бір оқушысы ол бойынша қабылдаған шешімдерін жария етеді
1-топМ. Төрежанов
Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып ,сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып, таудан төмен зымырады. Беттері қызара бөртіп, сырғанап ойнаудан жалығар емес.

Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Алысқа барып бір-ақ тоқтады.



  • Ақан ,сен барып шананы алып кел,-деді інісіне Асан.

  • Мен бармаймын. Шанаға ие болмаған өзің , сен бар,-деді Ақан.

  • Жоқ . Сен барасың. Сен менен кішісің,-деді Асан.

  • Бармаймын. Үлкенмін деп жұмсай бересің ,шананы да үнемі мен сүйреймін.

  • Бармасаң ,сырғанақ тепкізбеймін.

Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге түсті.Шананы жетектеген бойы тауға емес,үйіне қарай бет алды.

Ақан не істерін білмей ,тау басында аңырап тұрып қалды.

Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды.


  • Сендердің ойларыңша ойынды қалай аяқтауға болады?


2-топ М. Төрежанов

Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұлан бірігіп жап-жақсы ойнап жүр еді. Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп ,түйісіп қалды.

Ерден бас жоқ, көзі жоқ:


  • Мен саған жол бермеймін!- деп қасқайып ,безеріп тұрып алды.

Ал Еркебұлан:

  • Мен соған бола ерегіскім де ,ойынды бұзғым да келмейді. Сен өте бер,-деді де, оған жол берді.

  • Ерден мен Еркебұланның әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

Жаттығу-ойлану тапсырмалары бойынша балалардың қабылдаған шешімдері мұғалім тарапынан түйінделеді.

Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбын кеңінен меңгерту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Г. Әзімбаеваның «Қызғаныштың кесірі» мәтіні оқылады, соңынан сұрақ-жауап арқылы балалар талдайды.



  • Назым мен Шынар неге ренжісіп қалды?

  • Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?

  • Сендерде сондай жағдай кездесті ме? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Дәйексөз

Дәйексөзің мәнін түсіндіру.



«Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам».

Сенека

Адам ойын кезінде де,өмірде де өзінің ашуын,ызасын көрсетпей ,ұстамды болуы тиіс. Ашуды ақылға жеңдіре білу-адам бойындағы жақсы қасиет. Ойын кезінде досының жіберген қателігі мен кемшілігін кешіре білу-адамдық белгісі.

Осы дәйексөзді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Ойын

Балалардың жақсы қарым-қатынаста ойнай білуге дағдыландыруда ойын ұйымдастырылады..

Ойынның шарты: Бір-бірінің ойын кезінде жақсы қылықтарын айтып, мадақтау.

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «Алтын сақаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың ойын кезіндегі жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, сақаны оған береді. Осылай ойын жалғаса береді. Ондағы айтылатын жағымды жақсы сөздер мынандай болуы мүмкін: «Али, сенің әділдігің ұнайды», «Сая, сенің көпшілдігің ұнайды», «Бағдат, сенің ақылдылығың ұнайды», «Зарина, сен кешірімшілсің». Соңында балалар бір-біріне рақмет айтысып ,тарасады.


Дәптермен жұмыс

Балалардың алған білімдерін бекіте түсу үшін мынандай тапсырма беріледі.



Тапсырма : ойын кезінде достарыңның арасындағы ұнамды және ұнамсыз әрекеттер туралы өз ойларыңды бос жолдарға түсіріңдер.
Қорытындылау

Бүгінгі сабақты Ақботаның қоржынында берілген сөздерді пайдаланып қарытындылайық.


-Ойын-еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен сергітудің құралы және ұжымдық,ұйымдық әрекет. Бірге ойнау кезінде әдептілікпен қатар,әділеттілік те қажет. Дөрекі сөз айтып даурығу, бірін-бірі мазақтау-мәдениетсіздік,әдепсіздік болып табылады. Кешірімді болу, әділетті болу, дос көңілін қалдырмау-нағыз адам болуға жетелейді.
Жүректен-жүрекке
- Достықты қадірлей білейік!

- Әділетті болайық!

- Мәдениетті болайық!

- Әдепті болайық!

- Ойын бәрімізге құаныш сыйласын!

- Құанышты көңіл күймен табысайық!



- Ойнайық та ойлайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет