САБАҚ ЖОСПАРЫ: № 2
Пәні: Тігін бұйымдарына арналған материалдар
Сабақтың тақырыбы: Талшықтардың жіктелуі
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, .
Сабақтың көрнекілігі: оқулық.слайд
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға материалтану пәні туралы мағлұмат беру. Талшықтардың жіктелуі жөнінде білімдерін жетілдіру. Өткен тақырып бойынша білімалушылардың білімін жан-жақты тексеру, білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Білім алушыларға өз мамандығына деген қызығушылығын арттыра түсу.
Тәрбиелік: Білім алушыларды ісмерлікке,шеберлікке тәрбиелеу,еңбекке тәрбиелеу,алынған білімді дұрыс әрекетке пайдалана білуге тәрбиелеу.
САБАҚ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі: Топ оқушыларымен сәлемдесіп, олардың сабаққа қатысуын,даярлықтарын қадағалау, назарын сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Білім алушылардың білімін тексеріп сұрау; Талшықтар нешеге бөлінеді?
Жаңа сабақты түсіндіру:_Жаңа сабақ тақырыбы айтылады, теориялық мәліметтер беріледі.
Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды.
Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді.
Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жа- тады.
Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр).
Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі.
Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірімжіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, сызықтық тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткіз- гіштік, ауа сіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шар- тына қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек.
Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады.
Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді.
Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді.
Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады.
Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады.
Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды ас- бест талшығы жатады.
Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді. Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа
бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталы- нады.
Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланы- сты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты), эфи- роцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік) талшықтар топшасы болып бөлінеді.
Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс), полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин), поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады.
Химиялықбейорганикалық талшықтарға минералдыталшықтардың екі түрі жатады металдық және шынылық.
Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігін жіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан тұрады.
Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллимет- рмен өлшенсе, онда жіңішкелігі миллиметрдің жүздеген және мыңдаған үлестерімен өлшенеді.
Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға, бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке, жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек.
Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындыгы - ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып есептелеінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады.
Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады.
Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің көрсеткіші болып табылады.
Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, бұл талшық сапасының маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады.
Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол
талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмай- ды, ал одан дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды.
Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді.
Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік қасиеті жоғары болуы керек.
Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды қасиетінің бірі болып табылады.
Талшықтан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері - суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке - берілген талшықтардың киюге төзімділігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |