Сабақтың тақырыбы: Танкіге қарсы қол гранатаатқышының құрылғысы,оны ұстау,күту және сақтау



Дата03.07.2016
өлшемі41.79 Kb.
#174058
түріСабақ
«Бекітемін»

______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Танкіге қарсы қол гранатаатқышының құрылғысы,оны ұстау,күту және сақтау

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды танкіге қарсы қол гранатаатқыштың құрылысымен,ұрыстық қасиеттерімен таныстыру

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.


  • Оқталу кезіндегі бекітпенің жұмысы?

  • Атыс кезіндегі оқжатардың жұмысы?

  • Атыс кезінджегі кідірістер неден пайда болуы мүмкін?

  • Жабдықтарға нелер жатады?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Гранатаатқыштың ұрыстық қасиеттері мен қолданылуы
РПГ-7 және РПГ-7Д танкіге қарсы қол гарантаатқышы қарсыластың танкілерін өздігінен жүретін артилериялық қондырғылары мен сауытты машиналарына қарсы күрес жүргізу үшін қолданылады.Сонымен қатар ол қарсыластың тасалар мен қала типтес құрылыстарында орналасқан адам күшін жою мақсатында да пайдаланылуы мүмкін.

Гранатаатқыштан атыс жүргізу ПГ-7В және ПГ-7ВМ кумулятивті әсер ететін танкіге қарсы калибрден үлкен гранатамен жүргізіледі.

Атыстың көздеу қашықтығы 500 м.Ұрыстық ату жылдамдығы минутына 4-6 рет.Оптикалық көздеуіші бар гаратаатқыштың салмағы: РПГ-7 – 6,3 кг, РПГ-7Д – 6,7 кг.Гранаталар салмағы:

ПГ-7В – 2,2 кг, ПГ-7ВМ – 2 кг.



Гранатаатқыштың бөліктері мен механизмдерінің құрылғысы мен қолданылуы
Гранатаатқыштың ұңғысы гранатаның ұшуына және атыс кезінде дәрілі газдарды бұруға арналған.Ұғыда қамытшалармен бекітілген ағаш жабулар бар.Олар гранатаатқышты ату кезіндегі күйіп кетуден сақтайды.

Соққыш-ағытқыш механизм шүріппенің шаппасын қайыруға, бұзғышқа соққы беру мен гранатаатқышты тежегішке қоюға арналған.Ол корпустан,шүріппеден,тежегіштен, ағытқыш ілмектен,құрықшадан және ұрыстық серіппесі бар өзектен тұрады.



Шүріппе бұзғышқа соққы беру үшін арналған.Тежегіш кенеттен атылу мүмкіндігін болдырмау үшін ағытқыш ілмекті бекітуге бағытталған.

Ағытқыш ілмек шүріппенің шаппасын қайыруға арналған.

Бұзғыш механизм гранатаның капсюль-тұтандырғышын бұзуға арналған.

Көздеу аспаптары түрлі қашықтықтағы нысаналарды ату кезінде гранатаатқышпен көздеуге арналған.

Гранатаатқыштың көздеу аспаптары ПГО-7В оптикалық көздеуіштен және механикалық көздеуіштен тұрады.Олар атыс кезінде нысанаға гранатаатқышпен көздеуді қамтамасыз етеді.Оптикалы көздеуіш гранатаатқыштың негізгікөздеуіші болып табылады.Оптикалық көздеуіш корпустан ,оптикалық жүйеден,көздеуіш дәлдеу механизмінен,түргі жағдайлардағы атыс кезіндегі торды жарықтандыру құрылғысынан, қалқанша мен маңдайшадан тұрады.


Гранатаатқышты бөлшектеу және жинақтау
Гранатаатқышты бөлшектеу толымсыз және толық болуы мүмкін: толымсыз бөлшектеу - гранатаатқышты рексеру, майлау және тазалау үшін; толық бөлшектеу – гранатаатқыш қатты ластанғанда , жаңбыр немесе қар астында қалғанда, жаңадан майлауға көшу, бөлшектенген түрде тексеру және жөндеу үшін жүргізіледі.

Гранатаатқышты бөлшектеу және жинастыру үстел немесе таза төсеніш үстінде жүргізіледі;бөлшектері мен механизмдерін бөлшектеу ретімен орналастырып,оларды сақтықпен ұстау керек.



Гранатаатқышты толымсыз бөлшектеу реті
- Гранатаатқыштың әуелі оқталатын,содан кейін ұңғы бөлігінің қабын шешу керек.

- РПГ-7Д гранатаатқыш ұңғысын бөлектеу: сол қолмен түтікті ұстап тұрып,бас бармақпен қоршау механизмі иінтірегін басып, оң қолмен соңына дейін сағат тілінің бағытына қарсы түтікшені бұрамыз да оны түтіктен бөлектейміз. Ұңғыны бөлектеу тек гранатаатқышты десант түсіру жағдайына ауыстыру,түтік пен түтікшенің біріктірілген жерін тазалау және тексеру кезінде жүргізіледі.

- Бұзғыш механизмді бөлектеу:гранатаатқышты бұзғыш механизмімен жоғары немесе оны тік қалыпқа қоямыз,ұңғыны сол қолмен ұстап,оң қолмен бұрандалы түтікті бұрауыш кілт көмегімен бұрап шығарамыз да,бұзғыш механизмнің түбінен тіреу тығынды,бұзғыш серіппені және бұзғышты шығарып аламыз.

- Соққы-ағытқыш механизм корпусының қақпағын бөлектеу:соққы- ағытқыш механизмді сол қолға аламыз, оң қолдағы бұрауыш кілттің көмегімен 4 бұранданы бұрап шығарамыз да, соққы-ағытқыш механизм корпусының қақпағын босатамыз.



Толымсыз бөлшектеуден кейін гранатаатқышты жинастыру реті

  • Соққы-ағытқыш механизм корпусының қақпағын біріктіру керек

  • Бұзғыш механизмді біріктіру

  • Соққы-ағытқыш механизмді біріктіру

  • РПГ-7Д гранатаатқышының ұңғысын жинастыру

  • Гранатаатқыштың дұрыс жинастырылғанын тексеру

  • Гранатаатқыштың ең әуелі ұңғы,содан кейін оқталатын бөлігіне қабын кигіземіз


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Гранатаатқышты бөлшектеу қаншаға бөлінеді?

  • Гранатаатқыштың салмағы қанша?

  • Гранатаның салмағы қанша?

  • Гранатаатқыштың негізгі бөлшектерін ата?

  • Гранатаатқышты бөлшектеу ретін ата?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет