Сабақтың тақырыбы: “Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші”
Сабақтың мақсаты: Тартылыс құбылысы және ауырлық күші туралы түсінік беру.
Білімділік: А) Барлық заттар өзара тартылыс құбылысы арқылы байланысатының түсіну.
Ә) Тәжірибе нәтижелеріне жүгініп ауырлық күшінің формуласын тағайындау.
Б) Тақырыпқа байланысты есептер шығарып үйрену.
Дамытушылық: Тәжірибелік фактілерді анализдеу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжым алдында жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалмен таныстыру.
Көрнекіліктер: бағалау парағы, доп, бор.
Сабақтың жоспары:
ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
өткен тақырыпты қайталау (5 мин)
физикалық диктант
өткен тақырыпты бекіту
жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)
бекіту ( 15 мин)
-тест
-жай есептер
-күрделі есептер
қорытындылау, бағалау (5 мин)
“5” –18-20 ұпай
“4” –14-17 ұпай
“3” –9-13 ұпай
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Сәлеметсіздерме! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: “Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші”. Сабақтың мақсаты: Тартылыс құбылысы және ауырлық күші туралы түсінік беру. Сабағымыз бал бойынша бағаланады. Сіздерге бағалау парағын таратып беремін, сол параққа балдарыңызды жазасыздар. Белгілеген жауаптарынды дұрыстауға болмайды, сондықтан мұқият қарап, зейін сала отырыңыздар. Әрбір тапсырма бойынша жалпы ұпайды шығарып, ең соңында барлық ұпай санын шығарып, өз бағаларынды шығарасыздар. Сабақ қалай өткендігі туралы бағалау парағының оң жағындағы суреттер арқылы түсіндіресіздер. Қажет емес суретті сызып тастау керек.
-сабақ ұнады.
-сабақ ұнаған жоқ.
-сабақ орташа өтті.
Аты-жөні
|
|
Сынып
|
|
|
|
Жұмыс түрі
Тапсырма саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Жалпы ұпай
|
|
1
|
Физикалық диктант
1 сұрақ-2 ұпай
|
|
|
|
|
|
|
2
| Тест
1 сұрақ-2 ұпай
|
|
|
|
|
|
|
3
| Жай есептер
Жеке баға қойылады
|
|
|
|
|
|
|
4
| Күрделі есеп
Жеке баға қойылады
|
|
|
|
|
|
|
Барлық ұпай саны
|
|
Бағасы
|
|
Өткен тақырыпты қайталау (5 мин)
-физикалық диктант -әрбір сұрақтың жауабы өзіне тән кодпен белгіленген. Сұраққа жауап бергеннен кейін сендерде 5 саннан тұратын код шығу керек. Сол код арқылы салыстырып, дұрыс жауабын анықтаңыз. Содан соң, 1 тапсырма бойынша жалпы ұпай санын жазыңыздар.
А) Тығыздықты табу формуласын жазыңдар;
Ә) Тығыздықтың ХБ жүйесінде бірлігін жазыңдар;
Б) Тығыздық аз болу үшін қандай шама үлкен болу керек?
В) 1 кг-да қанша грамм болу керек?
Г) Тығыздық формуласынан массаның формуласын қалай табамыз?
1.
2.
3.
4. 1000 г
5. Көлем
Код: 32541
-өткен тақырыпты бекіту
Сонымен, өткен тақырып бойынша физикалық диктант өткіздік. Енді маған мынадай сұрақтарға жауап беріндер:
Тығыздық дегеніміз не және ол нені сипаттайтын шама?
Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)
Сонымен, сабақ басында айтылып кеткеніндей, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: “Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші”. Енді сабағымызды бастамас бұрын, ортаға екі оқушыны шақырайық. Бірінші оқушыға доп, екінші оқушыға бор береміз:
-Қолдарыңдағы заттарды жерге тастайық, не байқаймыз?
-Доп пен бор жерге түседі.
-Ал сендердің ойларынша бұл заттар не себепті басқа жаққа кетіп қалмай, міндетті түрде жер бетіне түседі? (Оқушылар өз ойларын айтады)
Иә, жақсы! Жауаптарың дұрыс. Енді мына видеофрагментті қарап көріндер және өз ойларынды айтындар. Жақсы, ойларымен келісемін, енді мені тыңдаңдар. Жаңағы сұрақтардың шыңайы жауабын қазір түсінесіңдер. Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.
Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.
Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір-біріне тартылады.
Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Бұл заңмен сендер 9-сыныпта таңысасыңдар.
Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі –денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fa әрпімен белгілейді.Жүргізілген көптеген тәжірибелерден денеге әрекет ететін ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал болатыны анықталған. Барлық денелер үшін ауырлық күшінің дене массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g әрпімен белгілейік, сонда болады.
Осыдан, денеге әрекет ететін ауырлық күші дене массасына тура пропорционал:
Тұрақты g-дің шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг тең. Өте дәл өлшеулер осы g тұрақтысының мәні тұрған орынның географиялық ендігіне байланысты болатынын көрсетеді. Мысалы, солтүстік полюсте g=9,832 Н/кг болса, экваторда g=9,870 Н/кг, 450 географиялық ендікте g=9,806 Н/кг.
Есептеулер жүргізу кезінде бұл тұрақтының аздаған өзгерістерін елемей, оның орташа шамасы g=908 Н/кг –ды қолдануға болады.
Ал енді осы тақырыпқа есептер шығарайық.
Бекіту (20 мин)
-тест
1) Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық күші көп болады?
а) ә) б)
2) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
а) 30Н; ә) 20Н; б) 15 Н.
3) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр.
а) 2,5 кг
ә) 25 кг
б) 0,25 кг
4) Еркін түсу үдеуінің мына мәндерін салыстыр:және
а)
ә)
б)
5) Суретте көрсетілген баланың салмағы 25 кг болса, онда оның ауырлық күшінің мәні нешеге тең болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
а) 2,5Н; ә) 25Н; б) 250Н.
-жай есептер. (Тақтаға оқушы шығарылады. Есептің шартын оқып, берілгенің жазады және формуланы пайдаланып, есепті шығарады)
1-есеп:
Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? (Жауабы: F=2,45Н)
2-есеп
Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады? (Жауабы: 100 кг)
-күрделі есеп. (Тақтаға оқушы шығарылады. Есептің шартын оқып, берілгенің жазады және формуланы пайдаланып, есепті шығарады)
Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады? (Жауабы: F=166,6 Н)
қорытындылау, бағалау (5 мин)
Сонымен, “Тартылу құбылысы. Ауырлық күші” тақырыбын меңгердік. Ауырлық күшінің формуласы қандай болып шықты?
Енді, барлық жалпы ұпайды санап, барлық ұпай саның анықтаңдар да, бағалау шкаласына қарап бағаларынды қойып шығындар. Бағалау парағының оң жағындағы суреттердің қажеттісін қалдырып, керек емесін сызып тастаңдар.
-Бағалары бағалау парақтарына сәйкес журналға қойылады.
Үй тапсырмасы: § 38, 15 жаттығу 1,2 есептер, 13 тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |