Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу. Сабақтың мақсаты: Б. Құрылымы күрделі өрнекті жазып, мәнін таба білуге үйрету



Дата21.06.2016
өлшемі46 Kb.
#151691
түріСабақ
12.12.2013ж.

Ашық сабақ

Математика

Сабақтың тақырыбы:Теңдеуді шешу.

Сабақтың мақсаты:Б. Құрылымы күрделі өрнекті жазып, мәнін таба білуге

үйрету.


Д.Ой-өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.

Т.Ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, үлестірмелер бойынша,слайд

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, іздену.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірлік.

-Қазір қай мезгіл?

-Қыс.


-Қыста қандай мереке бар?

-Жаңа жыл мерекесі.

-Жаңа жыл мерекесінде бізге кім келеді?

-Аяз ата.

-Олай болса бүгін біздің сабағымызға аяз ата келіп отыр. Ол өзінің тапсырмаларымен келіп отыр.Аяз атаның берген тапсырмасын орындайық. Мына қағаздардан бір-бірден алың,осы бойынша ата сендерді топқа бөлмек.

Фигураларды таратып сол бойынша топқа бөлу.



  1. Үшбұрыш тобы

  2. Шаршы тобы

  3. Тік төртбұрыш

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№ 7,103 бет



ІІІ. Өткенді пысықтау.

Ойын: «Кім жылдам?»

  1. Үш бұрыш тобы – үшбұрыштың периметірін тап - 2см, 2см, 3см.

  2. Шаршы тобы – шаршының периметірін тап – 3см, 3см, 3см, 3см

  3. Тік төртбұрыш тобы – тік төртбұрыштың периметірін тап – 4см, 4см, 2см, 2см



Ойын: «Сиқырлы үшбұрыш»
-Осы желтоқсанның 16-сында қандай мереке бар еді?

-Тәуелсіздік күні.

-Тәуелсіздік жолында құрбан болған ағаларымыздың бірі кім еді?

-Талғат Рысқұлбеков.



ІҮ. Жаңа сабақ. Теңдеу шешу.

Оқулық бойынша жұмыс.

1 .Теңдікті жаз.

а) 6 - 2 = 4

Азайтуды қосумен тексер

4 + 2 = 6

ә) сынап көру тәсілімен х – 30 = 7 теңдеуін шешу.

Х=7+30


Х=37

37-30=7


7=7. Тура санды теңдік шықты.
2. теңдеуді жазу.

Х – 40 = 9

Х = 40 + 9

Х = 49


49 – 40 =9

9 =9 тура санды теңдік.

Дәптерге күннің жадын жазу.
Ү. Білімдерін тексеру.

Ойын: «Ойлы болсаң озып көр»

3. Үш топқа бөліп орындату.

а) Сатылды-30кг

Қалды-?,7кг артық Болды-?

/30 + 7 /+ 30 = 67 кг

Жауабы: 67кг

ә) Сатылды-30кг



Қалды-7кг Болды-?

30кг+7кг=37 кг



жауабы: 37 кг

б) Қағаздан-25 о. Барлығы-?

Матадан-? 10 о.кем

(25-10)+25=40 о.

Жауабы: 40 ойыншық

Ойын: «Кім тапқыр?»

4. Үш топқа бөліп орындату.

38 + / 40 + 20 / = 98 56 + /30 + 10 / = 96 45 + /20+30/ =95
ҮІ.Сергіту сәті.

Ойын: «Ойлан тап»

5. Мәні 12, 18, 14-ке тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындысын жаз. Үш топқа бөліп орындату.

6 + 6 12 – 6 9 + 9 = 18 18 – 9 = 9 5+9=14 14-9=5

7+ 5 12 – 5 6+8=14 14-8=6

8 + 4 12 - 4 7+7=14 14-7=7

9 + 3 12 – 3



Ойын: «Тапқыр болсаң тауып көр»

6. Мысалдарды шығар. Үш топқа бөліп орындату.

(57-7)+40=90 20+(45-5)=60 35-(28-8)=55

(20+60)-10=70 60-(39-9)=30 44+(30-10)=64

(60+9)-40=29 70+(16-6)=80 80-(67-7)=20
ҮІІ. Шығармашылық тапсырма.

Жұмбақ шешу.

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)


2.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам)


3.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)




ҮІІІ.Қорыту.

Ойын: «Қар жинау»

Теңдеуді тап және оны шеш:

15+7 20-5=15 8+а х+30=40
2+8=10 2+х=7 80+х х-6=2
-Бүгін не өттік?

-Қосуға кері амал қандай амал?



ІХ.Үйге тапсырма:№ 6 , 115бет.
Х.Бағалау. Сабаққа белсенді араласқан топтарды мадақтау және бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет