Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты координаталық жазықтық Координаталары бойынша нүктені салу



Дата24.02.2016
өлшемі84.2 Kb.
#17550
түріСабақ
Шульгаубаева Алмаш Омирбековна

ШҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы

Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты координаталық жазықтық.. Координаталары бойынша нүктені салу.

Сабақтың мақсаты: Тік бұрышты координаталық жазықтық тақырыбы бойынша алған білімдерімізді кеңейтіп; берілген нүктелердің координаталарын анықтауды, координаталары бойынша нүктелерді салуды үйренеміз.
І. Үй тапсырмасын тексеру:№ 1128, 1129 (тақтада 3 оқушы)

А(-3;1), В(2;4), С(3;-3), D(-4;-5) К(-2;0), Е(0;3), F(1;4), L(3;0), N(0;-3). Т(1;2)



ІІ. «Білім шыңы» Білімді жан-жақты тексеру (сұрақ-жауап)

Сұраққа жауап берген әр оқушы жауап парағына + қойып отырады ,

2 сұраққа жауап берсе 2+

(Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық

түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.)

(Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық



жазықтық деп аталады.)

( х-абсцисса және у-ордината )

(Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы

деп атайды. О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша оrigo- ’’басталу’’ сөзінң бірінші

әрпінен алынған)

(Латын тілінен- қазақша «реттелген» деген сөзінен алынған)

(Координаталар осьтері жазықтықты 4 бөлікке бөледі.Оларды ширектер деп атайды)
(Декарттық координаталар жүйесі деп атайды.Француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне)
ІІІ. «Тарихи мағлұматтар»

Тарихке көз жүгіртейік. Осы тақырып бойынша оқушылар қысқаша мәлімет

дайындап келді.

Сонымен жазықтықтағы нүктенің орнын координаталаы арқылы анықтауға болады.

Мысалы Нұржанның орны қандай? Эльмираның? Еркебұланның? (1;4), (2;2) кімнің орны?Кинотеатрларда (7;24) нені білдіреді?

деген сөздер аталды, олар қай жерде қолданылады? География сабағында? Глобуста бас қаламыз Астана және өз облысымыздың орталығы Өскемен қалаларын көрсетейік, ендік және бойлықтарын анықтайық.

(Астана - 51° солтүстік ендікте; 72° шығыс бойлықта;

Өскемен - 50° солтүстік ендікте; 85° шығыс бойлықта ).

Келесі кезең тест орындау.(Әр оқушының алдында тест тапсырмалары,тақтада слайд

және дұрыс жауабы. Жұппен жұмыс: әр оқушы өз көршісінің жұмысын тексереді, баға қояды)

6+ болса - «5» 3+ болса - «3»

4-5 + болса - «4» 1-2+ болса - «2»



IV. Тест тапсырмалары.

а) екі параллель түзулер

б) абсциссалар осі және ординаталар осі

в) абсциссалар осі және оған параллель түзу


а) сандар жұбымен

б) бір санмен

в) координаталар басы О нүктесімен

а) б) в)


а) ІІ; б) ІІІ; в) IV; г) І.

а) І; б) ІІІ; в) ІV; г) ІІ.

а) (+;-) б) (-;+) в) (-;-) г) (+;+).
V. Практикалық жұмыс. «Жас суретші» (флипчарт)

«Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді

есте сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін». Конфуций.
. Берілген нүктелердің координаталарын анықтаңдар.

А(2;4), В(-4;3), С(-3;-5), D(3;-3), Р(2;0), Т(0;5)


Координаталары бойынша нүктені салыңдар.

М(4;3), N(-3;3), S(2;-2), Т(-4;-3).


Туристер туралы есеп.

А(2;2) пунктінде орналасқан қонақ үйінен шығып, туристер қаланың көрнекті орындарын аралады. Олар орналасқан пунктерінің координаталары мынадай:

В(5;4), С(4;0), D(5;-4), E(2;-2), M(-3;-3), N(-6;0), K(-3;3), Одан кейін қонақ үйіне қайта оралып келді. Туристер жүріп өткен жолын координаталық жазықтықта

салып көрсетіңдер .


координаталары бойынша сурет салу.(өздік жұмыс)

Сабақ ұнады ма? Қызық болды ма? Не қызықтырды? Не үйрендіңдер?

Нені тағы үйренгілерің келеді?
Бағалау. (топ жетекшілері баларын айтады)
Үйге тапсырма: Координаталары бойынша сурет салу – шығармашылық жұмыс.

(таратпа материал).



«Талантыңмен таныл»

ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін

дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене

білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.



3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.


Ойын түрінде өткізілетін сыныптанм тыс жұмысқа 6«а» және 6«ә» сынып оқушылары

2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және

төсбелгі ойлап табады.

Ойын алаңы: магнит тақтада 1-ден 10-ға деінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.


  1. Қызыл конверт- «Логика».

  2. «Өрмекші торы».

  3. Жасыл конверт- «Математика».

  4. Лотерея билеті.

  5. « От ».

  6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

  7. «Алтын сандық ».

  8. « Қамал ».

  9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».

  10. «Қара мысық ».


Ойын шарты:

«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың

дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.


Ойын барысы:

І-жургізуші

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып.

ІІ-ж

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.



І-ж

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

ІІ-ж

Шақырамыз екі топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.



І-ж

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)



ІІ-ж

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.



(сөз кезегін әр топқа береміз)
Командалардың өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда

бірінші бастайды.


«Логика». І-ж.

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе
«Өрмекші торы». ІІ-ж.

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсығ бөгеттен

(қөрермендер сұрагы)
«Қамал». І-ж.

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың
Арнайы сұрақ (Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріпсәйкес келеді.

Бірдей цифрларға бірдей әріптер сәйкес келеді. 1747 санына сәйкес келетін сөзді табыңдар. (40ұпай)

1). 5737 АРЗУ

2). 7147 КУЗУ

3). 6237 СУЛУ

4) 1747 УСЛУ Жауабы: 1747 СУЛУ.


«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары (әр дұрыс жауап – 10ұпай).

  1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

  2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)

  3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)

  4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)

  5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )

  6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

  7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)

  8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)

  9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді? (реттелген)

  10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )

  11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме? ( 201 см)

  12. Жарты теңгенің жартысы неге тең? (25 тиын)

  13. -18 қосу 11 ? (-7 )

  14. 5 санына кері сан? ()

  15. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі. Кесінді,

интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле).

«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары (20 ұпай).

  1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше

үйрек ұшып барады? (3).



  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш

қалады? (5)

  1. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)

  2. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)

  1. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)

  2. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады? ( (9·9) : 9 + 9 : 9)

  3. Қндай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

  4. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар ( (1+2+3+4) : 5 = 2 )

  5. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:

Нарадс, тазауй, киреш, ретм (сандар, азайту, ширек, метр)

10. Сан тізбегін жалғастыр : 9, 1, 7, 1, 5, 1,.......... (3, 1)

3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).
«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)

Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.


« Жеті жұмбақ» - сары конверт . (30 ұпай)

1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)



2. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады? (20)



3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті

кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)



4. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді?



5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың

қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)



6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

7. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)


Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс

нәтижесін әділқазылар хабарлайды).



Ж. Болғанбаев атындағы орта мектеп.


Сыныптан тыс жұмыс.

6 сыныптар.



Мұғалімі: Шульгаубаева Алмаш Омирбековна.

Самар ауылы. 2012 о.ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет