Сабақтың тақырыбы Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала». Танысу



бет1/2
Дата09.04.2024
өлшемі2.06 Mb.
#498160
түріСабақ
  1   2
№ 1 Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала». Танысу



Бөлім: «Отбасы құндылықтары»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала». Танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Анасын сағынған бала» шығармасының жанрын, сюжеттік дамуын сипаттау, шығарма мазмұнын түсіну;
Көпшілігі: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау,шығармадағы көтерілген мәселені анықтау;
Кейбір оқушылар: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сөзді тап» тәсілі.
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (сағыныш, мейірім, ең асыл жан). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.
Кіріспе сұрақтар:

  • Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?



Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, суретке байланысты қандай ой айтасыңдар? (оқушылар жауабы тыңдалады).


«Ана» сөзін топтастырыңдар.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.



Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар өздері білетін адамгершілік туралы мақал-мәтелдерді айтады.



ҚБ
ҚБ


5-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану.
Ой шақыру.
«Тұлғаны таны» әдісі.

Тұлға туралы қандай ақпарат білесіңдер, білетін ақпараттарыңды және қосымша оқулық пен ғаламтор ақпараттарынан ізденіп, топ болып, тұлғаны таныстырыңдар.
Тапсырма.
- Сюжет дегеніміз не?
- Фабула дегеніміз не?

1.Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін дамыта сипаттаңыз.
2. Әдеби шығарманың жанрын ажыратыңыз.
3. Кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра бағалаңыз.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі;бұл бүкіл топтық талқылауға ұсынылады.
1-топ. Оқиғаның басталуы, байланысуы
2-топ. Оқиғаның шиеленісуі
3-топ. Оқиғаның шарықтау шегі мен шешімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет