Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуандығы №5-сабақ. Бөлім



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі0.52 Mb.
#472172
түріСабақ
  1   2   3
11.04.2023


Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуандығы
5-сабақ.

Бөлім:

6.4А Экология және тұрақты даму

Педагогтің аты-жөні:

Қайратұлы Орынбасар

Күні:

11.04.2023ж

Сыныбы: 6(ә)

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік немесе жануар түрлерін қалай анықтауға болады

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар өсімдік пен жануар түрлерін анықтау үшін организмдердің өзіне тән ерекшеліктерін пайдалануды үйренеді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Реттік сандар” әдісі арқылы оқушылардың бір-бірін жақсы түсіну арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-бірін түсіну арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Түр дегеніміз не, ол қандай белгілермен сипатталады?

2. Өсімдік немесе жануарлар түрлерін қалай анықтауға болады?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет