Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Ашық микрафон әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
1.Тұрақты магнит дегеніміз не?
2. Магниттік полюстер?
3.Магниттік аномалиялар дегеніміз не?
4.Магнит өрісіне анықтама беріңіз.
5.Электрмагнит деп нені атаймыз?
6.Электрмагниттік реленің құрылысы қандай?
7.Электрқозғалтқыш дегеніміз қандай құрал?
Жаңа сабақ
Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесіне есептер шығару.
Шорт - трек - Кім зерек! Мазмұнды есептер. (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).
А деңгей:
1. Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0, 2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап.
2. Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2. Магнит өрісінің индукциясын тап.
3. Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0, 1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.
В деңгей:
1. Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2. Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А - ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см - ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
3. Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.
С деңгей:
1. Зарядталған бөлшек 0, 6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0, 31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады. Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1, 2*10 - 15 Дж - ге тең. Заряд шамасын анықта.
2. Индукциясы 0, 1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.
3. Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0, 5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды
|
Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді
Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді
2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашады;
3. Өмірден мысалдар келтіреді.
5
|
ФИЗИКА 10 сынып оқулық
Арман –ПВ баспасы 2019
Закирова Н.А.,АшировР.Р.
|