«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу.
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу туралы жалпы мағлұмат беру
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, карта.
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.
- Қандай бұрыш магниттік бұрыш деп аталады?
- Қандай бұрыш дирекциондық деп аталады?
- Дирекциондық бұрыш бағыттары картаға қалай енгізіледі?
Қандай бұрыштар меридианның жақындауы деп аталады?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу.
Топографиялық карталар жергілікті жер бейнеленуін дәл және толықтай бере алады. Олар жергілікті заттардың өзара орналасуын, олардың пішінін, өлшемін, биіктік жағдайын жөне баска көптеген сандык жөне сапалык сипаттамаларын көрнекі түрде бере алады.
Топографиялык картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді. Топографиялық картаның шартты белгілері— бүл графикалык, әріптік жөне сандык белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер нысандарының орналаскан орны көрсетіледі жөне олардьщ сапалык жөне сандык сипаттамалары беріледі.
Бір затты бейнелейтін шартты белгілер түрлі масштабтағы карталарда өз сызбасы бойынша бірдей болады жөне тек мөлшерімен ғана өзгешеленеді.
Карта жасау кезінде жергілікті жер элементтерінің бәрін көрсету мүмкін болмағандыктан, кейбір екінші кезектегі, аса маңызды емес жергілікті жер элементтері мүлде көрсетілмейді, ал баскалары жалпылай бейнеленеді.
Шартты белгілер — карта әліппесі. Бұл әліппені білмей, картаны окуға үйрену, демек, ол бойынша жергілікті жерді зерделеу мүмкін емес. Шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып бөлінеді.
Масштабты шартты белгілер аталған карта мас-штабында көлемі мен пішіні салынуы мүмкін жергілікті заттарды бейнелеу үшін кызмет етеді. Масштабты шартты белгілер контурлы және сызықты болып бөлінеді.
Контурлы белгілер аталған нысанның шекарасын белгілеуден және нысанның сапалык сипатын бейнелейтін косымша белгілері бар ауданын бір түсті белгілеуден (штрихтеу, түсті бояу) тұрады.Сызықтық шартгы белгілер картада сызықтық сипаттағы — жолдар, шекаралар, байланыс желілері, құбыр өту жолдары, т.б. жергілікті заттарды бейнелеу үшін пайдаланылады. Бұл белгілер масштабта нысандардың тек ұзындығы мен формасын бере алады.Масштабтан тыс шартты белгілермен карта масштабында айкындалмайтын үсақ жергілікті заттар бейнеленеді. Шартты белгілерді зерделегенде мынаны есте сақтау керек: жергілікті жердің бір нысаны ірі масштабты картада млсштабты шартты белгімен, ал ұсак масштабты картада — масштабтан тыс шартты белгімен бейнеленуі мүмкін.Түсіндірмелі шартты белгілер жергілікті жер нысандарының косымша сипаттамасы үшін колданылады. Картада шартты белгілермен бірге толык, кыскартылған жазулар, сондай-ак графикалық бейнелеуге болмайтын нысандардың сандык сипаттамалары, елді мекеңдер, өзендер, шөлдер, таулар, сайлар жөне т.б. нысандар жеке атауларының жазулары да беріледі.
Көрнекі түрде айқындау, окуды жеңілдету және картаның мазмұнын байыту үшін жергілікті заттар мен бедерлер картада қандай да бір дәрежеде олардың табиғи түсін еске салатындай етіп түрлі бояулармен боялады. Мысалы, жасыл бояумен — орман, бұталар, бакшалар, саябақтар; көк бояумен — теңіздер, өзендер, көлдер және гидрографияның басқа нысандары; қарамен — жекеленген жергілікті заттардың шартты белгілері, сандык сипаттамалар мен жазулар, жолдар; сарымен — жаксартылған топыракты жолдар төсемі; қызғылт сарымен — тас жол төсемі; коңырмен жер бедері бейнеленеді.
Картаны оқи білу — барлык шартты көрсеткіштердің картадағы мәні мен мазмұнын жақсы түсіну.
ТМД-да топографиялык карталар Балтық биіктігі жүйесінде жасалынады. Яғни бұл биіктікті санау алдында балтық теңізінің орта деңгейі алынады (кронштадтык су өлшеу постының нөлдік белгісі). Теңіз деңгейінен қарағанда жер беті нүктелерінің биіктігі абсолюттік биіктік деп аталады; олар күрделі геодезиялык және топографиялык жұмыстар нәтижесінде анықталады. Картада жер бетінің тегіс емес кеңістік суреті шартты белгілердің үйлесуіндегі горизонтальдар көмегімен жөне жергілікті жер нүктелерінің сипатты жазылуымен беріледі.
Деңгейлік беттегі құламаның проекциясы кұлама жатысы деп аталады. Картада жатыс горизонтальдар арасындағы кашықтықпен бейнеленеді. Жатыс аз болса, соғүрлым құлама кұлдилау болады және керісінше, бедер кимасы биіктігінде жатыс көп болса, кұлама жайпақ келеді.Өрбір масштаб үпгін бедер кимасының негізгі биіктігі масштабтың графикалык мүмкіндіктерін (нактылығын) ескере отырып белгіленген. Ол карта жактауының оң жак астына сызыктык масштабтан төмендеу жазылады және карта парағының тұрақты мөлшері болып табылады. Масштаб ірі болған сайын, соғұрльш қима биіктігі кіші-рейеді. Сондықтан да ірі масштабты карталарда бедер ұсак масштабты карталармен салыстырғанда толыктау бейне-ленеді.
Картада горизонтальдар негізгі кима биіктігіне сәйкестендіріліл тұтастай жіңішке сызықтармен жүргізіледі және негізгі немесе тұтастай деп аталады.
Қиюшы беттердің арасында калып коюына байланысты негізгі горизонтальдар картасында бейнелеуге мумкін болмағандықтан, кейбір сипатты бедер пішіндерін (жеке шыңдар, казан-шұңқырлар) белгілеу үшін жартылай горизонталъдар (жартылай, косьшша горизонтальдар) картада негізгі қима биіктігінің жартысы арқылы өткізіледі жөне үздік сызьщтармен сызылады.
Бедерлердің қажетті дөйектері негізгі жөне жартылай горизонтальдармен бейнеленбеген жекелеген жерлерде олардың арасында косалкы горизонтальдар жүргізіледі. Ол қыска үзік сызьщтармен сызылады
Өрбір бесінші негізгі горизонталь бедері окуға ыңғайлы болу және нүктелер биіктігін аныктауда горизонтальдарды есептеуді жеңілдету үшін — жуандау сызықтармен сызылады. Горизонтальдар жергілікті жерде бағыттың жоғары-лауьш немесе төмендеуін аныктауға мүмкіндік бере алмайды. Сондыктан олардың кейбіреуіне бедердің сипатты жерлерін-де, ылдидың төмендеу бағытына карай сызықша турінде ылди көрсеткіштері (бергштрихтер) койылады.Бедердің горизонтальдармен бейнеленуі кейбір тұтастай горизонтальдардьщ абсолюттік биіктігінің мәні жазулармен жөне жергілікті жердің жекеленген сипатты нүктелерімен толықтырылады.
Абсолютті нүктелер биіктігі мен горизонтальдардьщ картадағы жазуы белгі деп аталады. Горизонтальдармен бейнелеуге келмейтін (мысалы, жар, жыралар, корғандар, Імуңқырлар) бедер элементтері арнайы шартты белгілермен Ісорсетіледі. Олардьвд кейбіреулері сандык сипаттармен беріледі.Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу — жазықтықта горизонтальдар суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету жөне бедер (ылди күлдилығы, нүктелер биіктігі жөне т.б.) сипатын аныктау бойынша есептеу мен өлшеуді жүргізу.
Бедердің жалпы сипаттамасы горизонтальдарды қалыңдығы мен сызылуына көз жүгірте карау, биіктік белгілері мен бедер бөлшектерінің шартты белгілеріне карай аныкталады. Бұл белгілерді қолдана отырыл, бірінші кезекте негізгі су бөліністері (жондар), жазьщтар мен ойпаттар, жергілікті жердің темендеу баіыттары айқындалады. Бедер сипатымен жалпы танысып болған соң, койылған міндетке сай оны муқият зерттеу басталады, сондай-ак кажетті өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі.
Жер бетінің абсалютті биіктігін картада горизонтальдар мен белгілер бойынша аныктайды. Горизонтальда жатқан нүкте биіктігі осы горизонтальдың белгісіне сөйкес келеді. егер нүкте горизонтальдар арасында жаткан болса, онда оған жақын жатқан төменгі горизонтальдың биіктігін тауып, бүл шамаға бұл нүктенің горизонталь үстіндегі артығын қосады. Мұны, өдетте, "көзбен косу" жолымен анықтайды.Қатысты көтерілу артығы (катысты биіктік, яғни жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісінен биіктігі) олардың абсалютті биіктіктерінің айырмашылығы ретінде есептеледі
Жетілдірілген топыракты жолдар — екі сызықпен беріліп, сары түспен боялады; топырақ жолдар — екі сызықпен; дала және орман жолдары — үзік сызықпен беріледі.Арнайы шартты белгілермен — керуен жолдары, мал жөне жаяу сүрлеулері, кыскы жолдар көрсетіледі.
Елді мекендер картада кала, кала типтес кент, саяжай типті кент, квартал, қатар, жүйесіз және бытырап орналаскан кұРылысты ауыл типті кенттерге бөлінеді. Картада олардың әркайсысына толык сипаттама беріледі, соның ішінде: көлемі мен типі, саяси өкімшілік маңызы, жоспары мен квартал кұрылысының тығыздығы, құрылысының отқа төзімділігі, бас көшелері мен көрнекті ғимараттарының орналасуы, сондай-ак коғамдык, өндірістік ғимараттар мен үйлер, бағдарлар (мысалы, мұнаралар, ескерткіштер, зауыт, фабрика кұбырлары), айналаның бедері мен өсімдіктерінің сипаты.
Саяси-өкімшілік маңызы мен олардың көлемі сызбалар жөне атауларының жазбасы шрифт көлемімен бейнеленеді. Салалык және саяжайлык кенттер аталымы астында онда бар үйлердің саны көрсетіледі.
1:25 000 жөне 1:50 000 масштабты картада отқа төзімді тығыз кварталдары бар кұрылыстар (тас, кіРпіш, темір бетонды) кызғылт сары түспен, ал отка төзімсіз күрылыс-тары барлар (ағаш, саздан тұрғызылған) сары түспен боялады.
Өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени пысандарга зауыттар, фабрикалар, шахталар, электр станциялары, диірмендер, мұнай мұнаралары, шіркеулер, мешіттер, мектептер, ауруханалар, шипажайлар, ескерткіштер, байланыс желісі, электр өткізгіш желісі, мұнай және газ кұбырлары жатады. Негізінен, олар масштабтан тыс белгілермен бейнеленеді. Олар бейнеленген нысанның мнңызын түсіндіретін жазбалармен толыктырылады.
Өсімдіктер жамылгысынан топографиялық картада ормандар, жекеленген тоғайлар, аласа және сирек ормандар, жеке ағаштар, орманның жас өсінділері, орманның жіңішке алаңдары, тал-шіліктер, бұталар және цитрус бақтары, жүзімдіктер, шай плантациялары, өртенген ормандар мен шаппа орындар көрсетіледі.
Орман алаңы жасылмен боялады. Ормандар қылқан жапырацты, жапырақты жөне аралас болып белінеді. Шартты белгінің сол жағына ағаштардың басым түрлері, ал он жағына ағаштардың орташа сипаттамасы метрмен (алымына — биіктігі, бөліміне — кеуде деңгейіндегі калың-дығы және бөлшектің оң жағына — ағаштар арасындағы кашықтык) жазылады.Орманды бейнелегенде ондағы жолдар, байланыс желісі мен өкімшілік шекаралар көрсетіледі.Сирек тоғайлар бояусыз шартты белгімен, ал орман ашык жасыл түспен боялып, жиі кездесетін ағаштар мен ағаш биіктігін көрсететін шартты белгімен беріледі.
Тұтас тал-шіліктер алаңы ашык жасыл түспен, сирек бұталар бояусыз белгіленеді.Картада кейбір грунттар (тасты, аңғарлы, құмды.т.б.), сортаңдар, батпақтар, сондай-ак м«млекеттік, көрші мемлекеттердің жөне автономды республикалардың, өлкелер мен облыстардың шекарасы бейнеленеді.
в) Қорытынды бөлім – 9 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар
-Топографиялық шартты белгілер дегеніміз не?
-Шартты белгілер қалай бөлінеді?
-Картаны оқи білу дегенді қалай түсінесіңдер?
-Карталар қандай биіктік жүйесінде жасалады?
- Абсолютті биіктік пен шөгінділер дегеніміз не?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
Достарыңызбен бөлісу: |