Дәріс тақырыбы Грамматика теориясының негіздері пәніне кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата08.03.2024
өлшемі475.89 Kb.
#494715
  1   2   3   4
дәріс 1-апта



1-апта
№1-2 Дәріс тақырыбы Грамматика теориясының негіздері пәніне кіріспе 
1. Грамматика теориясы туралы 
2. Грамматика теориясының негіздері, зерттеу нысаны 
1. Грамматика гректің сөзі grammatike (е-нің үстінде сызықша бар) – жазба, жазу мағынасын 
білдіреді, tike techne сөзінен шыққан, мағынасы – өнер «art», сонда грамматика – жазу өнері.
Грамматика дегеніміз не? «What aspects of a language constitute its grammar?» 
Қ Жұбанов: «Грамматика сөз құраудың (речь) техникасын, әдісін қарайды». К 
Ахановтың анықтауында (1974): «Грамматика тілдегі грамматикалық единицаларды және 
ол единицалардың әрі басын қосып ұйымдастыратын, қатынас жасауда іске жарататын, әрі 
олардың бір-бірінен жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді» (6-б). Грамматика 
- «сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы 
байланыс пен қарым-қатынастарды, сөйтіп сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің 
бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарстырады» (Қазақ 
грамматикасы. Астана 2000 410-б) 
Грамматика дегеніміз не деген сұраққа Наом Хомский мен Моррис Халлдың 
жауаптары өзгеше. Олар 1968 жылы жазған (В.Г.Адмони, Аханов еңбектерімен тұстас) 
«Ағылшын тілінің дыбысталу тәртібі» кітабында былайша жауап берген: «Біз 
«грамматика» терминін жүйелі түрде анықтай алмаймыз. Бір жағынан, бұл - сөйлеушінің 
құзыреттілігін сипаттау мақсатында ұсынылған әрі лингвист ойлап тапқан теория. Екінші 
жағынан, бұл - құзыреттіліктің өзі» ((
http://lib.kaznau.kz/Res/ebook_27/index.html#ps

Фромкин 
В., 
Родман 
Р., 
Хайамс 
Н. 
Тіл біліміне кіріспе [мәтін] / ауд. М.Жаңабекова, Б.Мизамхан, Ұ.Ісләмова // Рухани 
жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. - Алматы, 2018). 
Грамматиканы сипаттау сөйлеуші тұрғысынан, соның құзыреттіліктері тұрғысынан 
қарастырылады. Әрі лингвист ойлап тапқан теория. «Біздің ойымызша, грамматика 
дегеніміз сөйлеушінің өзі тіл туралы ережелерді білуі, яғни оның қатарына сөздердің 
дыбыстық құрылымы (фонология), сөзжасам ережелері (морфология), сөздер мен сөз 
тіркестерінің байланыстыру ережелері (синтаксис), мағынаны анықтау туралы ережелері 
(семантика) жатады. Яғни тілдегі сөздер жиынтығы біздің лингвистикалық 
құзыреттілігімізді көрсетеді. Тілдің табиғатын түсіну үшін грамматика ережелерін түсіну 
қажет. Спикердің /сөйлеушінің тілдік қабілетінің деңгейін лингвист белгілі бір үлгі арқылы 
түсіндіре алса, бұл грамматика мен тілді табысты сипаттау болып саналады. Мұндай 
үлгілер дескриптивті немесе сипаттамалы грамматика деп аталады» (авторлар).
D. J. Allerton Essentials of grammatical Theory A Consensus View of Syntax and 
Morphology (1979). «Тілдің екі деңгейлі семиотикалық жүйе екенін, оның мазмұн бірліктері 
мен жеткізу бірліктері үшін бөлек талданғанын көрдік: оның мағыналы мазмұн бірліктері 
(белгілер) және мағынасыз жеткізу бірліктерінің (фигуралар) жиынтығы бар, әрбір 
жиынтықтың әрқайсысының өз құндылықтары мен қатынастары жүйесі бар. Хокетт (1958: 
575f.) мазмұн бірліктерінің деңгейін "плерематикалық" "plerematic" деп атайды, оның 
минималды бірліктері "плеремалар" "pleremes" walk, the сияқты элементтердің екеуін де 
және субъект-етістік-объект сияқты грамматикалық үлгілерді де қамтиды. Ол жеткізу 
бірліктерінің деңгейін «сценатический» деп сипаттайды, оның минималды «сценемалар» 
бірліктері (қараңыз. Хельмслевтің «фигуралары»), бір жағынан фонемалар, интонациялық 
үлгілер және т.б., екінші жағынан әріптер («графемалар»), тыныс белгілері, т.б. жатады. 
Плерематикалық деңгей, яғни мағыналы бірліктерді зерттеу, негізінен грамматика 
(немесе синтаксис), лексика (немесе сөздік қор) және семантика салаларына бөлінеді. 
Алдымен біз бұрын сөз еткен грамматика мен семантика арасындағы байланысты 
қарастырайық (2-тарауда). Екі салада да маңызды концепт - бұл минималды 
плерематикалық бірлік, яғни минималды мағыналы бірлік немесе МОРФЕМА. 
Морфеманың қиындықтары жоқ емес (осы мақаланың келесі бөлімінде көреміз). тарау), 


бірақ оны грамматикада да, семантикада да фундаменталды бірлік ретінде қарастыруға 
болады. 
We have seen how language is a two-level semiotic system, being analysable separately 
for content and expression units: it has a set of meaningful content 
units (signs) and a set of meaningless expression units (figurae), 
each set with its own system of values and relations. Hockett (1958: 
575f.) refers to the level of content units as "plerematic", with its 
minimal units "pleremes" apparently embracing both items like walk, 
the and grammatical patterns like subject-verb-object. The level of 
expression units he describes as "cenematic", with its minimal units 
"cenemes" (cf. Hjelmslev's "figurae") presumably including 
phonemes, intonation patterns, etc., on the one hand, and the 
letters ("graphemes"), punctuation etc. of written language, on the 
other. 
The division into plerematic and cerematic is in many ways the 
easiest divison to make, although no ready terms to refer to it spring 
to mind apart from Hockett's. The plerematic level, the study of 
meaningful units, is generally subdivided into the areas of grammar 
(or syntax), lexis (or vocabulary) and semantics. But the precise 
relation of these subfields to each other and to plerematics as a 
whole is by no means clear: there is some overlap, and some areas 
are apparently left uncovered. 
Let us consider first the relationship between grammar and 
semantics, which we touched on earlier (in chapter 2). A vital 
concept in both fields is the notion of a minimum plerematic unit, 
i.e. a minimum meaningful unit, or MORPHEME. The morpheme is not 
without its difficulties (as we shall see in the next section of this 
chapter), but it may be regarded as a fundamental unit in both 
grammar and semantics.
Грамматика саласы тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді. Грамматикалық 
құрылыс дегенміз не? Тілдегі грамматикалық амалдар мен тәсілдердің жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет