Оқушылар жанындағы көрсшісімен алмасып, бірін бірі бағалайды.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
(P) Тапсырма 2. Жұпта келесі терминдерге анықтама беріңіздер.
Оқушылардың аталған тақырыпта терминдерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін осы тапсырма беріледі және мұғалім барынша дұрыс анықтама болуын қадағалайды. Жауаптарымен салыстырылады. Жұптар өзара баға береді.
|
Тотығу - ..........................................
Тотықсыздану - ..........................................
Тотықтырғыш - ..........................................
Тотықсыздандырғыш - ..........................................
Тотығу - – атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі.
Тотықсыздану - атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі.
Тотықтырғыш - электрон қосып алушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).
Тотықсыздандырғыш - электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
|