6-сынып, Қазақ тілі мен әдебиеті , ІІ-тоқсан
Қысқамерзімді жоспар
№1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қуат көзіне не жатады?
Бөлім:
|
4-бөлім
Қуат көзін үнемдей білеміз бе? М.Жұмабаев «От» өлеңі (үзінді)
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:6
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қуат көзіне не жатады?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
|
6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін: өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдана алады;
Көпшілік оқушылар үшін: тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтай алады;
Кейбір оқушылар үшін: сыни пікірін дәлелмен айта алады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
|
Мұғалім таратқан қима қағаздар бойынша топқа бірігеді. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ;
2 топ;
3 топ.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
Қима қағаздар
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар сабақты өмірмен байланыстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |