Сабақтың тақырыбы
|
Алғашқы адамдардың пайда болуы.
|
Ежелгі Қазақстан тарихы 6 «А» класс
|
Пән мұғалімі: Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна
|
Мақсаты
|
Оқушыларға алғашқы адамдардың пайда болуы, дамуы, еңбек құралдары жайында білім беру, оқушыларды ұйымшылдыққа , топпен жұмыс жасауға дағдыландыру, оқушының танымдық қабілеттерін дамыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
|
Оқыту нәтижесі
|
Алғашқы адамдар туралы ақпарат алады, еңбек құралдарының түрлерін біледі. Өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады. Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындай алады.
|
Түйінді идея
|
Адамды адам еткен – еңбек.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Топтық және жұптық тапсырмалар, кластер, бес жолды өлең, «Фишбоун» («Балық қаңқасы»)
|
Сабақтың мазмұны
|
Кезеңі
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс - әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
|
3 мин
|
I.Ұйымдастыру.
Сабақты көңіл-күй тренингімен бастау. Оқушыларға үш көңіл-күй бейнеленген смайликтер көрсетіледі, сабағымызды қайсы көңіл-күймен бастаймыз,-деп сұралады.
«Күліп жүр» тренингін көрсету.
|
Оқушылар «көңілді», «өте жақсы» көңіл-күймен деп жауап береді.
|
3 шапалақ
|
Смайликтер
Флеш-тренинг
|
|
|
Оқушыларды тақырыпқа сай анықтамалардың сөздері арқылы топқа бөлу.
|
Оқушылар анықтамаларды біріктіру арқылы топтасып отырады. Мысалы: «Тарих» - «зерттеу», «өткен оқиғалар жайлы әңгіме».
6 сөзді біріктіру арқылы 1топ құрайды.
|
3 шапалақ
|
Анықтамалық сөздер
|
Негізгі бөлім
|
25 мин
3 мин
5 мин
|
II. Жаңа сабақ.
«Адам» сөзіне кластер құру.
Топтық жұмыс (постер қорғау)
1)Адамзат баласының шығуы
2)Алғашқы адамдардың кәсібі
3)Алғашқы адамның Қазақстандағы іздері
Сергіту сәті «Қарлығаш»
Бесжолды өлең.
|
Оқушылар «Адам» сөзіне кластер құрады.
Әр топ оқулық мәтінімен танысып, талдап , постер құрады және қорғайды. Критерийлерге мән береді. (мазмұны, безендірілуі, түсіндірілуі)
Көрсетілген қимыл-қозғалысты қайталайды.
«Адам» сөзіне бесжолды өлең құрайды.
|
Постерге қойылатын критерийлермен таныстыру.
«2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бағалау
3 шапалақ
|
Ватман, маркер, стикер
|
Қорытынды
|
5 мин
3 мин
1 мин
|
«Фишбоун» («Балық қаңқасы»)
Рефлексия. «Мен білдім...»
III. Үйге тапсырма.
Алғашқы адамдардың пайда болуы оқу.
|
«Фишбоун» арқылы қорытынды жасайды. (Адамның пайда болуы)
«Мен білдім...» деп білгендерін тез айтады және бармақпен белгі беру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.
|
3 шапалақ
«Белгі беру»
|
«Фишбоун» суреті
|