Сабақтың тақырыбы



Дата07.07.2016
өлшемі34.61 Kb.
#183415
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм құру әдістері және негізгі алгоримтдік құрылым. Алгортмнің қасиеттері. Алгоритмнің өрнектелу жолдары. Блок-схема.
Мақсаты: оқушылардың алгортм ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгортмдерді құру дағдысын қалыптастыру, алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок-схема құру.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар алгортмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп, негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек, алгоритмнің өрнектелу жолын білу, оларды салыстыра алу және блок-схема түрінде берілу тәсілдерін меңгеру.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау, қарапайым алгоритмдер құрып, оны блок-схема түрінде жазу.
Көрнекі құралдар: тақта, оқулықтар және тапсырмалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезені. 3 мин.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру. 25 мин.

  3. Тәжірибелік жұмыс. 15 мин.

  4. Қорытындылау. 2 мин.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені: оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру.

  2. Жаңа сабақ:

Алгоритм құруға мысалдар: «Жолдан өту», «Үй тапсырмасын орындау».



Алгоритмнің қасиеттері


  1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.

Алгоритмде келтірілген әрбір іс - әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгоритмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнде анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.


  1. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті

Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке орындалады. Бұл қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттер саны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әрекеттің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.


  1. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті

Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады. Мысалы, сандарды қосу алгоритмі үшін қосылғыштардың мәні – бастапқы деректер, нәтижесі – қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет.


  1. Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті

Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептерді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a, b, c мәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т.с.с.


  1. Алгоритмнің формалды орындалуы

Орындаушы алгоритм мағынасын, есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға түсінікті болуы қажет. Мысалы, «х санын квадратта» дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны «х санын х санына көбейт» деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға арналып құрылады. Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән-жайына көңіл аудармай-ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп атайды. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.
Алгоритмнің өрнектелу жолдары:

  1. табиғи тіл арқылы жазу

  2. белгілі бір түйінді сөздер – алгортмдік тіл

  3. графиктік түрде

  4. программалау тіл.

Анықтама: Блок – схема – алгоритмнің арнайы бекітілген геометриялық фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.





3. Тапсырма

Y=(ax3+b)/(cx3-d) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құру қажет.


4. Қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет