Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал.
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ
Не себепті БАҚ-ты «төртінші билік» деп атаған? Оның қоғамда атқаратын қызметі қаншалықты маңызды?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірлерін білдіреді. Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мәтінді тыңдаңыз.
2
Алғашқы газет - әйгілі Иоганн Гутенберг 1450 жылы баспа станогын ойлап тапса, содан кейін-ақ қазіргі баспасөздің негізі қалана бастады деуге болады.[1]
Тұңғыш бір газеттің дүниеге келуі - Англияда шығарылған "Инглиш меркьюри" 1588 жылы жарық көрді. Одан кейінгі бір басылым 1606 жылы шыққаны мәлім. Дегенмен аталған газеттерді толыққанды жарияланым деуге болмайтын. Себебі, өте қарапайым, газетке қойылар талаптан төмен болатын. Бар болғаны кішкене бір парақша түрінде және қысқаша хабар-ошардан әрі аспады. Цезарь патшаның үш жүз құлды жалдап, жазу үйретіп, қолжазба газет шығарғаны да тарихтан мәлім. XVI ғасырдан Еуропада жүзеге асқан баспасөз қарапайым түрден бастау алып, бүгінге жетіп отыр. Бұл-адамзат өркениетін танытар зор жетістік еді.
-тапсырма. «Газет пен радионың пайда болу тарихы» мәтінін тыңдап, негізгі ойды анықтаңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1859 жылы 4 наурызда Богослов зауытынан 20 шақырым жердегі «Турин кеніштері» деп аталатын шағын ғана кентте дін қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Әлсіз, аурушаң болып туылғанымен баланың бойы тез өседі. Арықша келген, аққұба баланы көп ұзамай бәрі де жақсы көріп кетеді. Себебі, ол ешкімге ауыртпалық салмай, түрлі, қызықты ойындарды ойлап тауып, өзімен-өзі ойнайтын. Әсіресе, техникаға қатты әуес еді. Бірде ол құрдастарына өзінің жаңадан ойлап тапқан өнертабысын көрсетеді. Бұл қашықтықта тұрып сөйлесуге болатын құрад еді. Ол құралды бас киімнің қораптары мен балықтың торсылдағынан жасайды. Семинарияда апта бойы тек Саша Поповтың «сөйлейтін тұтқасы» жайлы әңгіме болды. Бұндай құралды ағылшын физигі Роберт Гук ХVII ғасырда-ақ ойлап тапқан екен. Алайда жас семинарист бұл жөнінде ештене білмеген еді және жаңалықты өздігінен ойлап тапқан.
1895 жылы Попов тәжірибе жасап жатқан кезде аяқ астынан Петербург маңында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал, осының бәрі Попов жасаған қабылдау стансасына дыбыстық белгі берді. Әлемдегі алғашқы радиоқабылдағыш осылай пайда болды. Ад 1895 жылдың 7 мамырында жас физик А.Попов Санкт-Петербург университетінде өткен Орыс физика-химиялық қоғамының физика бөлімшесінде өзінің жаңалығын ғалымдар арасында жария қылды. Сөйтіп, бұл күн радионың дүниеге келген күні деп белгіленеді.
-Ең алғашқы газеттер қандай материалдарға басылды және оларда қандай мәселелер жарияланды?
Алғашқы құйма әріпті баспа станогын ойлап тапқан кім?
Бүгінгі газеттерге ұқсас ең бірінші басылым қай жылы, қай елде шықты?
Төмендегі ақпараттың дұрыстығын тексеріңдер?
Гульельмо Маркони – Ганс Христиан Эрстед - Попов Александр
Нобель сыйлығының Поповтың тәжірибесін Степанович –
иегері. жалғастырушы радио аппаратын
ойлап тапқан
ғалым
Дескриптор
Мәтінді тыңдайды, ой тұжырымдайды;
Сұрақтарға жауап береді;
Ақпараттың дұрыстығын тексереді.
|