Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
|
9.1.3.1.Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар орындай алады: көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Берілген үзінділерден шығарманың идеясы мен образдар жүйесін ашып, қорытындылап, кейіпкерді анықтайды . Кейбір оқушылар орындай алады: Поэма идеясы мен кейіпкерлерін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойын тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар орындай алады: оқушылар кейіпкерлер жүйесін анықтау үшін жұптасып, топтасып, жеке жұмыс атқарады. Сабаққа қажетті жұмыс тілін ұсыну: анықтайды,ашады,талдау жасайды,өмірмен байланыстырады,тұжырымдайды.. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша... Мен ойлаймын... Себебі... Осыған байланысты...
|
Күтілетін нәтиже:
|
Берілген үзінділерден шығарманың идеясы мен образдар жүйесін ашып, қорытындылап, кейіпкерді анықтайды . Поэма идеясы мен кейіпкерлерін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойын тұжырымдайды.
|
Бағалау критерийлері:
|
көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; образдар жүйесін анықтайды,талдау жасайды; қазіргі өмірмен байланыстырады; ойын тұжырымдайды.
|
Құндылықтарды дарыту:
|
Бірін-бірі бағалау арқылы ойлау қабілеттерінің қалыптасып дамуына, бір-бірімен ынтымақтастықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
https://bilimland.kz/ қолдану
|
Пәнаралық байланыс:
|
тарих
|
Бастапқы білім:
|
«Ой қозғау» әдісі арқылы осы тақырып туралы білетіндерін еске түсіріп жинақтау
|