Сабақтың тақырыбы



Дата19.06.2016
өлшемі44.65 Kb.
#148449
түріСабақ
3 Аршалы орта мектебінің

І деңгей мұғалімі

Турлашова Гулсан Ермекқызы
Коучинг жоспары




Сабақтың тақырыбы

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауды үйретудің белсенді элементтерін пайдалану

1

Сабақтың мақсаты



  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құрады.

  • Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйренеді.




2

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері

  • Топтық, жұмыс жасауды дағдыға айналдырады.

  • Мұғалімдер бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланады.

3

Сабақтың нәтижелері

  • Сын тұрғысынан ойлауды үйретудің белсенді элементтерін сабақта пайдаланады.

  • Сын тұрғысынан ойлауға  үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді.

  • Сын тұрғысынан ойлау әдістерінің оқу үрдісін дамытуға қажеттігін түсініп , оқу үрдісінде қолдану жолдарын меңгереді .

4

Коучингті өткізу әдістері

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, АКТ, СТО әдістері.

5

Өткізілген уақыты

18. 09. 2015 жыл

90 минут.



6

Ұсынылатын ресурстар

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

  2. Қосымша дерек көздері.

3. Сын тұрғысынан ойлау  туралы әдістемелік  кітаптар




Уақыты

Коучердің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

2 мин

Сәлемдесу

Армысыздар, құрметті әріптестер. Бүгінгі коучингіге келгендеріңізге үлкен рахмет. Мен ойлаймын бүгінгі коучинг сіздерге маңызды болады деп. Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет.


Назарын коучерге аударады. Сәлемдеседі.



7 мин

«Қызығушылықты ояту»

«Жеміс теру және ұсыну» тренингін ұйымдастыру.

1.Шеңбер жасату.

2.Тақтадағы ілініп тұрған  алма, алмұрт жемістерін таңдату.

3.Бұл жемісті не үшін таңдағанын білу.

4.«Алма», «Алмұрт» жемісіне байланысты айтқан тілектерін тыңдау.



Сессияға қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады .

Жемістерді  таңдайды, ол жемісті не үшін таңдағанын айтып береді.

Сол жемістерге байланысты бір-біріне жұпта тілек айтып  сыйлайды.


3 мин

Шағын топқа бөлу

Ұсынылған жемістері арқылы  «Алма», «Алмұрт» болып шағын екі топқа бөлу.



1.Жемістер арқылы екі топқа бөлінеді.

5 мин

Топ ережесін құру

Нұсқау: Құрметті әріптестер біз әуелі топ ережесін құрып алайық. А3 топ ережесін жазамыз.

Сұрақ:

  • Сіздер топ ережесін құру мен топқа бөлуден қандай ой түйдіңіздер?

  • Топ ережесі мұғалім немесе оқушыға не үшін қажет деп ойлайсыздар?

Ережелерді әріптестер құрады.


А3 әріптестер құрған ережені алдағы уақытта қолданатынын растап, қолдарын қояды.


10 мин


«Мағынаны тану»

«Күз мезгілі» тақырыбындағы бейнежазбаны көрсету.


Сессияға қатысушы мұғалімдер бейнежазбаны тамашалайды.



І тапсырма.

15 мин


«Ой толғаныс»

1.«Күз сыйы» туралы эссе жазу

Жеке орындау. «Автор  орындығына» келу арқылы оқыту.


Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына «Күз сыйы» туралы мәтін құрастырады.

«Автор  орындығына» келіп  жеке оқып  береді.




ІІ тапсырма

(15 мин)


  1. «Күз кереметі» күзгі  табиғаттың суретін салу.

Шағын топта орындау.  Топ жұмысын таныстыру.

Топ мүшелері бірлесе орындаған  постердағы жұмыстарымен таныстырады.

5 мин

Сергіту сәті

«Нұсқауды орындау» жаттығуы.

Нұсқау: Топтағы мұғалімдер жұп құру. Бірі нұсқау беруші, екіншісі нұсқауды орындаушы болады. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Нұсқау беруші А4 қағазға «ананас», «банан» бейнесінің суретін салдыру керек. Екінші адам нұсқау берушінің сұрақ беру арқылы суретін салу керек. Нәтижесінде нұсқаудың қаншалықты дұрыс берілгендігі анықталады.

Сұрақ:

  • Сіздер бұл сергіту сәтінен не түсіндіңіздер?

  • Сіздер сұрақты дұрыс құру сабақта қаншалықты маңызы бар деп ойлайсыздар?



Нұсқау беруші мен нұсқауды орындаушы тапсырманы орындайды.


Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.

ІІІ тапсырма

15 мин


«Күзгі сән» тақырыбында сән үлгісін көрсету

Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Жауапкершілікті сезіну.


Өздеріндегі бар заттардан сән үлгісін көрсетеді.

5 мин


Кері байланыс

Нұсқау: төмендегі сұрақтарға өз пікірлеріңізді жазуларыңызды өтінемін.

БББ кестесін толтыру.



Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі коучинг семинарларда кездескенше күн жақсы болғай.

Мұғалімдер өтілген коучинг туралы пікір, ұсыныстарын жазбаша білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет