«Бекітемін»
______________ ______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Взвод қорғаныста
-
Сабақтың мақсаты:
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.
-
Ату дегеніміз не ?
-
Атыстың түрлерін ата
-
Маневрдің түрлерін ата.
-
Мотоатқыштар взводының ұрыстық реті не ?
-
Мотоатқыш взводы қанша метр аралықта шабуылға шығады?
-
Атысты басқару дегеніміз не ?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Қорғаныс негіздері
Взводтың қорғанысқа көшуі деп қорғаныс дайындығы жүзеге асырыып жатқан нақты түрде қалыптасқан уақытты айтамыз. Қорғаныс күн ілгері алдын ала дайындалады немесе ұрыс барысында ұйымдастырылады.Қорғанысқа көшу қарсыласпен тікелей іргелес жағдайда немесе онымен түйіспей тұрған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.
Қарсыласпен іргелес жағдайда взводтың қорғанысқа көшуі:
- шабуыл барысында қарсыластың басым күшін тойтару мақсатында;
- басып алған шептерді ұстап тұру және нығайту үшін;
-қауіп төнетін бағыттағы маңдайшепті қалқалау үшін;
-қарсыластың басым күші салдарынан сәтсіздікке ұшыраған бетпе-бет ұрыс нәтижесінде болуы мүмкін.
Қарсыласпен түйіспей тұрған жағдайда взвод қорғанысқа мынадай жағдайда көшеді:
-батальонның екінші эшелонындағы тірек пунктін қорғау кезінде;
-атысты қамтамасыз ету алдындақорғанушы бөлімшелердің қалқалауымен қорғанысқа көшу кезінде;
-теңіз десанты түсірілетін теңіз жағалауын қорғау кезінде;
-мемлекттік шекараны қалқалау үшін.
Қорғаныстағы взводтың міндеттері, рөлі мен орны
Взвод әдетте рота құрамында бірінші немесе екінші эшелонда қорғанады. Бірінше эшелонда қорғанатын взводтың жауынгерлік міндеті - көршілермен өзара әрекет жасай отырып,атыстың барлық түрлерімен қарсыластыалдыңғы шеп алдынада жеңіліске ұшырату,оның шабуылыны тойтару,орналасқан тірек пунктін ұстап тұру.Қарсылас тірек пунктіне немесе көршілес бөлімшелермен аралыққа сыналап кірген жағдайда атыстың барлық түрлерімен соққы беріп,оны барынша шығынға ұшырату,қорғаныс тереңдігіне қарай жылжуына жол бермеу керек.
Мотоатқыш взводы ЖҰМ-да тосқауыл үшін тағайындалуы мүмкін.Взвод көрсетілген позицияға орналасып,оны бүркемелейді.Қарсылас белгіленген шепке жақындаған кезде оны таяу қашықтықтан кенеттен атқылап жояды.
Қорғаныстағы атыс жүйесі
Қорғаныста ату – қарсыласты жоюдың негізгі құралы. Ол тиімді болуы үшін оны ұрыстың мақсатына сай болатын бірыңғай жүйеде ұйымдастыра білу қажет.
Қорғаныстағы взводтың атыс жүйесіне мыналар кіреді: қорғаныстың алдыңғы шебі алдындадайындалған взводтың шоғырланған атыс учаскесі;ЖҰМ- ның танкіге қарсы аиыс аймағы;алдыңғы шеп алдында, аралықта ,қапталда және қорғаныс тереңдігінде взводтың басқа да атыс құралдарынан жаппай көпқабатты атыс аймағы;қауіпті бағыттарға ЖҰМ-ның дайындаған атыс маневрі.
Қарсылас нысаналарын жою жеке атыс құралдары атысымен немесе взвод,бөлімшелердің шоғырланған атысымен жүзеге асырылады.Взводқа арналаған шоғырланған атыс учаскесінің ені 75 м дейін тереңдігі 50м дейін болады.Мотоатқыш взводына 1,2 шоғырланған атыс учаскесі бөлінеді.
Қарсыласты ұйымдасқан түрде жеңіліске ұшырату үшін ТҚБР , танкіден,ЖҰМ қаруларынан ,атыс қаруларынан атыс жүргізу шептері белгіленеді.Атыс қаруының тиімді ату қашықтығы – 400-600 м,ЖҰМ – нан 1000-1200м,танкіден – 1800-2500м.
Қарсыласты жеңіліске ұшыратудың тиімділігін арттыру мақсатында маңдайшептен , қапталдан, айқастыра , бойлата атыс дайындалады.
Қорғаныста атыс жүргізу үшін ЖҰМ-ға ,пулеметке және басқа да атыс қүралдарына арналып негізгі және қосымша атыс позициялары,нақты ату қашықтығында негізгі және қосымша ату секторлары белгіленеді.
Атыс жүйесі – атыс құралдары атыс позицияларында болғанда,жеке құрам өз атыс тапсырмаларын білгенде,ату үшін мәліметтер дайындалып,оқ дәрілердің қажетті мөлшері болғанда дайын деп есептелінеді.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Қорғанысқа көшу қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
-
Қорғаныстағы взводтың міндеті.
-
Шоғырланған атыс дегеніміз не ?
-
Атыс қаруынан тиімді ату қашықтығы қанша?
-
Атыс жүйесі қай кезде дайын болып есептелінеді?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Достарыңызбен бөлісу: |