Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу.
Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.
дидактикалық Оқулық.
қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: 1.Windows 98-дің колданбаларымен, қарапайым WordPad мәтіндік
процессорымен танысу. Құжаттың құралымы,стилі, баспа бетінің
геометриясы туралы түсінік беру. WordPad қолданбасының терезесі
меню, пішімдеу құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік
алу. Мәтінімен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу).
Құжаттарды құруға, ашуға үйрету.
2. Оқушылардың мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын, берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.
Зертханалық жұмыс.
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын;
-
берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін;
-
процессорда жұмыс істеу мен режімін;
-
WordPad қолданбасы терезесінің құрылымын;
-
тақталар мен сызғыштарды қолдану әдістерін;
-
мәтінді пішімдеу тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
-
мәтіндік файлдарды құруды, редакциялауды, сақтауды, ашуды;
-
алмасу буферін қолдануды;
-
пішімдеу тақтасы мен сызғышты қолдана отырып, құжатты
пішімдеуді;
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
WORDPAD мәтіндік редакторында жұмыс
Мәтіндік процесссор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету үшін ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдармалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WORDPAD мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайданылады.Тек осы редактор ғана DOS OЖ-да орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD қолданбасының арналуы:
1.Мәтінді теру.
2.Мәтін түзету.
3.Мәтінді пішімдеу.
-Қаріптің гарнитурасын таңдау.
-Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.
-Қаріптің әлпетін басқару
-Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)
-Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)
-Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру
Құжатпен мәтінді дайындау процесінде дербес компьютердің мүмкіндіктері қандай?
ДК-дің мәтін мен құжатты жасау мүмкіндіктерін ұғыну үшін, төмендегілермен танысу керек:
-
Мәтінді жөндеуге, мәтіннің үзінділерін кірістіруге, әр түрлі құжаттарды бір құжатқа «жапсыруға», мәтіннің шекараларын түзетуге, жолдарды ортаға туралауға, құжатты қандай да болса санын басып шығаруға және сақтауға болады.
-
Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
-
Мәтінге кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге болады, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлендіруге болады (оны қисық бойы орналастыруға, «көлем» беруге, көлеңкелеуге және т.с.).
-
Дайын жазудың мәтінін немесе кітаптың мәтінін сканерлеуге және тану бағдарламаларының көмегімен мәтін пішініне түрлендіруге болады.
-
Стандартты құжаттарды дайындағанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
-
Тапсырма. WordPad мәтіндік редакторын арналуы қандай?
WordPad редакторының мүмкіндіктерінің шекті екеніне көңіл аудару керек.
WordPad редакторы мәтін мен абзацтарды, шекараларды, шегіністерді, әр түрлі қаріптерді, графикалық кескіндерді, дыбыс пен бейне клип үзінділерін қолданып, қарапайым мәтіндік құжаттар жасауға арналған.
WORDPAD мәтіндік редакторын іске қосу әрекеттерін тізбек түрінде көрсет:
Пуск Программы Стандартные WordPad
5.1.2. Тапсырма. Келесі анықтамаларды жаз.
Тапсырма WordPad қолданбасын негізгі ұғымдар бақылауға арналған.
Кірістіру нүктесі - бұл жыпылықтап тұратын тік сызық.
Мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
Меңзер - I түріндегі маус нұсқашығы.
ТЕРЕЗЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ
WordPad мәтіндік редакторы қолданбасы терезенің құрылымы.
-
Қолданбаның пиктограммасы, файлдың аты, қолданбаның аты мен терезенің оң жақ бұрышындағы оның өлшемін басқаратын үш батырма бар тақырыптық жол.
-
Меню жолы.
-
Құрал-саймандар тақтасы.
-
Пішімдеу тақтасы.
-
Пішімдеу сызғышы. Негізгі мәтінді теру өрісінің басы мен аяғын, бас жолды, маркерлерді орнату үшін қолданылады.
-
Жұмыс өрісі. Терезенің негізгі бөлігі мәтінді теру үшін пайдаланылады.
-
Қалып-күй жолы.
-
Тақталар, сызғыш және қалып-күй жолы пайдаланушының қалауы бойынша экранда болуы немесе алынып тасталуы мүмкін ( меню жолындағы «Түр» пункті).
5.1.3. Тапсырма. Терезенің негізгі элементтерін атап, олардың арналуын (міндетін) жаз.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен танысқанда, оның әр элементінің міндетіне көңіл аудару керек.
№
|
Аты
|
Міндеті
|
1
|
Тақырып жолы
|
Терезені басқару батырмасы, құжаттың аты, жүйелік меню бар.
|
2
|
Меню жолы
|
Негізгі командалар бар
|
3
|
Құрал-саймандар тақтасы
|
Көп қолданылатын командаларды тез шақыруға арналған батырмалар бар
|
4
|
Пішімдеу тақтасы
|
Мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары бар
|
5
|
Абзац шегінісінің маркері
|
Шегініс орнатуға арналған
|
6
|
Сызғыш
|
Мәтінді шекарасын реттеуге арналған
|
7
|
Жұмыс алаңы
|
Мәтінді енгізуге арналған
|
8
|
Қалып- күй жолы
|
Терезенің қазіргі жағдайын көрсетуге арналған
|
5.1.4. Тапсырма.
Сен WordPad мәтіндік редакторының құрал-саймандар тақтасының батырмаларын есте сақтадың ба?
Тапсырма құрал-саймандар тақтасының керекті батырмасына маус нұсқағышын апарып отырып орындалады.
Мәтінді теру және түзету ережелері:
- Пернетақтаның таратылуын ауыстырып қосу
-(орысша-қазақша-ағылшынса)- Alt+Shift (сол жақ)
-Негізгі мәтіннің басын орнату (сызғыштың төменгі сол жақ үшбұрыш маркері)
-Азат жолды орнату (сызғыштың жоғарғы үшбұрыш маркері)
- Беттің енін орнату (сызғыштың төменгі оң жақ үшбұрыш маркері)
-Мәтін абзацын теру кезінде Tab пернесін пайдаланбау керек
- Бас әріп -Alt+Shift+әріп
- Мәтінді бас әріппен басу - CapsLock
- Bacspace – меңзер алдындағы әріпті жою
- Del – меңзер артындағы әріпті жою
- Enter пернесі – жаңа абзацқа көшу
- Мәтіннің үзіндісін белгілеу – маустың сол жақ батырмасын басып қозғалту арқылы немесе Shift пернесі + бағдаршалар
- Del – белгіленген үзіндіні жою
- Белгіленген үзіндіні буферге көшіру – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе
Ctrl + Ins
- белгіленген үзіндіні буферге қиып алу – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе
Shift + Del
- буферден кірістіру – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе Shift + Ins
WORDPAD ҚҰЖАТЫН ЖАСАУ
5.1.5. Тапсырма. WordPad қолданбасында құжаттарды жасаудың негізгі кезеңдерін ретімен орналастыр.
Тапсырма материалды оқу барысында орындалады.
-
Қаріпті және оның өлшемін таңдау
-
Мәтінді енгізу және редакциялау
-
Мәтінді пішімдеу
-
Құжатты сақтау және ашу
-
Баспаға шығару
5.1.6.Тапсырма. Сөздерді ағылшын тілінде енгізуге арналған пернетақтаның таратылуын ауыстырып қосып, тақпақты тер.
Пернетақтаның таратылуын орысшадан латын қарпіне ауыстырып қосуды, сондай-ақ ағылшын тілінде сөздер енгізуді қалыптастыруға арналған.
5.1.7.Тапсырма. Қаріпті, әлпет пен өлшемді бір уақытта өзгерту әрекетінің тізбегін көрсет.
Шрифт (қаріп) диолог терезесінің параметрлерін тереңірек меңгеруге арналған.
Формат Шрифт Параметры
5.1.8. Тапсырма. Кестені толтыр.
Негізгі пернелерді қолдану мен оларды түсініп игеруге бағытталған.
5.1.9.Тапсырма. Құжат бойынша жылжыту пернелерінің комбинациясын көрсет.
Оқушыларға батырма комбинациялары кестесін, компьютерде тексере отырып толтыру ұсынылады.
Мәтінді пішімдеу - бұл символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралаумен мәтінді процесі.
Мәтінмен жұмыс істегенде мыналарды қолдануға болады:
Баспа құжатының құрылымы мен стилі.
Әдетте құжаттар абзацтарға бөлінген негізгі мәтіннің әр түрлі деңгейлі тақырыптарынан тұрады, тағы тізімдер (тізбектер) де кездесуі мүмкін. Мәтінді безендіру процесін жеңілдету үшін, стиль жүйесін пайдаланады (мәтіннің берілген абзацына тән безендіру элементтерінің жиыны).
Стильдің негізгі элементтері:
-
қаріптің гарнитурасы (әріптерді жазу тәсілі, мысалы, аяғында керткен таңбасы бар немесе жоқ, бояуының дәрежесі әр түрлі әріптер). Пішімдеу тақтасының «Қаріп» пункітінде таңдалады.
-
қаріптің кеглі (өлшемі). Пішімдеу тақтасының «Қаріп өлшемі» пункітінде таңдалады. Қағаздың форматымен және стилімен (А4 үшін 11-12, А5 үшін 10, қосымша мәтін -8-9, тақырып үшін – 14 және одан жоғары).
-
Қаріп әлпеті (әдеттегі, жартылай қалың, астын сызумен қаріптің түсі). Түс басу кезінде қолданылмайды, ал дайындау кезінде - өзгертулерді белгілеу үшін.
-
Интерлиньяж (жолдар арасындағы қашықтық). Бұл процессорда оның өзгертілуі жоқ.
-
Туралау тәсілі (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеті бойынша, бұл қолданбада ені бойынша - берілмейді). Ортасы бойынша тақырыптар тураланады. Сол жақ шеті бойынша – негізгі мәтін. Оң жақ шеті бойынша – ескертулер мен анықтаулар, бұл өте сирек кездеседі.
-
Тасымалдауларды орналастыру әдісі. WordPad-тың сөздерді автоматты түрде тасымалдау мүмкіндігі жоқ. Сөздерді тасымалдауы жоқ мәтін бетті ені бойынша туралағанда сөздердің арасында созылулары болуы мүмкін. Сөзді тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар:
-
Ресми құжаттарда және кітаптарда созылулар жіберілмейді.
-
Ресми құжаттарда және кітаптарда (газеттер мен журналдардан басқа) қатарынан үш тасымалдаудан артық болуы жіберілмейді.
-
Жолда екі әріп қалдыру немесе оларды басқа жолға тасымалдау ұнамсыз.
-
Абзацтың соңғы жолын жаңа бетке тасымалдау, сондай-ақ бастапқы жолды алдыңғы бетте қалдыру жіберілмейді.
-
Абзац шегінісі (азат жол). Сызғыштың жоғарғы үшбұрышымен орнатылады. Сонда негізгі мәтін сызғыштың төменгі үшбұрышы орнатылған жерден басталады. Абзацтың мәтіні «Enter» пернесін пайдаланбай-ақ теріледі.
-
Абзацтар арасындағы қашықтық. Орыс тілінде абзацтар арасында жіберулер жасауға болмайды, бірақ абзац азат жолдан басталады, ал ағылшын тілінде – бір жолдық жіберулер жасалады, бірақ азат жол болмайды.
-
Табуляция орындары (позициясы). Пішімдеу сызғышындағы көрінбейтін маркерлерді пайдаланып кестелер жасау.
Табуляция орнын қолдану – горизонталь бойынша бекітілген шегініс позицияларын беруге мүмкіндік беретін арнайы көрінбейтін маркерлерді (түсіндіру, көрсету, іс жүзінде қолдану) қолдану. Осы мүмкіндіктерді қолданып, өзгеше кестелерді бөлу графаларын жасауға болады.
Арнайы көрінбейтін маркерлерді керекті жерге орналастыру – пішімдеу сызғышында маустың сол жақ батырмасымен шертсе, сонда сызғышта бұрыш пайда болады.
Графа мәтінін әдеттегідей теру.
Tab пернесі – келесі графаға өту.
Enter пернесі – келесі жолға өту.
Сызғыштағы бұрыш (маркер) сызғыштың сыртына тасымалдау арқылы жойылады.
Кестені белгілеп және маркерді қозғалту арқылы бағанды тұтас жылжытуға болады.
WordPad қолданбасында мәтінмен маустың көмегінсіз жұмыс істеуге арналған «ыстық» пернелер мен олардың комбинацияларын есте сақтауға бағытталған.
-
тапсырма. Символдарды пішімдеуді орында.
Тапсырма пішімдеу элементтерімен жұмыс дағдысымен біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
Баспа бетінің геометриясы. Қағаздың 5 пішімі бар:
А1 (594*841мм), А2, А3, А4, А5 (әр пішім – алдыңғының жартысы), және тұтынушы пішімі, ол А4-ке жуық. Баспа бетінің барлық жағынан өрісі, (шетінен шегініс) және жоғарғы, төменгі колонтитулдары (онда беттің нөмірі, қысқаша тақырыптар немесе бет мазмұнынның сипаттамасы, безендіру элементтері қойылады) болуы керек. Беттің параметрін баптау «Бет макеті» диалог терезесінде орныдалады.
ҚҰЖАТТАРМЕН ӘРЕКЕТ
-
Тапсырма. Құжаттармен әрекет.
Диалог терезелерінің параметрлерін: Сохранить как, Открыть, Новый документ, Печать, жете терең түсінуге арналған.
Құжатты қандай жолмен
Құруға болады
-
Файл
-
Құру
-
Құжаттың типі
-
ОК батырмасын
басу
Ашуға болады
-
Файл
-
Ашу
-
Файлдың аты
-
Ашу батырмасын басу
Сақтауға болады
1-ші сақтау
-
Файл
-
.... сақтау
-
Файл аты
-
Файл типі
Қайтадан сақтау
-
Файл
-
Сақтау
5.1.12.Тапсырма. Қағаз бетінің (парағының) өлшемін таңдау әрекеттерінің тізбегін көрсет.
«Макет страницы» («Бет макеті») диалог терезесінің параметрлерін терең түсінуге арналған.
Альбомдық
Файл Макет Ориентация
Кітаптық
5.1.13. Тапсырма.
Құжатты баспаға шығару.
Қалай беруге болады.
Алдын ала қарау
-
Файл
-
Алдын ала қарау
Қосымша параметрлер
-
Файл
-
Баспа
-
Параметрлер
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
5.1.1-5.1.13 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау
1)Үйге тапсырма
Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу.
2)Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |