Тірек сөздер: Алдымен, сосын, содан соң,ары қарай,сондықтан,сөйтіп,одан кейін, соңында Бағалау түрімен таныстырамын: 1.Егер бәрін дұрыс баяндап орындаса, онда құстарға ұя жасаймыз
2.Егерде сәл қателескен болса ұя жасамаймыз
Мәтін: Көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысы болып ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық «көктем хабаршысы» деп атайды. Содан кейін бозторғайлар мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жер беті жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді.
Жыл құстары жол бойы талай қиындықтардан өтіп, топ-тобымен туған жерлеріне оралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар жыл құстарын қуана қарсы алады.
Балалар құстарға арнап ұя, жемсауыт жасайды. Оны ағаштың бұтағына іледі. Олар құстарға қамқорлық жасап, жем шашып тұрады
Алдымен оқушылармен бірге критерий құрастырамыз
Дескриптор: -жыл құстарының өмір кезеңін дұрыс айта біледі;
-тірек сөздерді дұрыс қолданады;
-тыңдаушыларды қызықтыра біледі;
-уақытты үнемдеп үйренеді;
Кері байланыс: «Ілмек сұрақ» әдісі. Түсінікті болса- жасыл сұрақты көтереді
сары немесе қызыл сұрақты көтереді
Түсініксіз болса- сары немесе қызыл сұрақты көтереді
ҚБ: - құстың ұясы
Сабақты бекіту. 1-топ «Сөздер банкісі» Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырамын . Негізгі сөздер осы жерге ауыстырылуы тиіс.
2-топ «Қос ромб» зат есімнің жекеше және көпше түрлеріне мысал келтіріп екі топқа бөліп жазады.
3-топ «Кэролл диаграммасы»
Дескриптор: - топпен жұмыс жасайды, постер қорғайды;
ҚБ:
Оқулық,
А3 форматты қағаз, суреттер, қима қағаздар,
қаламдар
АКТ