Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосы Ахметжанова Карлыгаш Капайовна



Дата17.06.2016
өлшемі51.47 Kb.
#142181
түріСабақ
Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Егіндібұлақ селосы

Ахметжанова Карлыгаш Капайовна

5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі




Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ж.Аймауытов . Қараторғай

Мақсаты: 1) білімділік:Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, ұғындыру.
Жүсіпбек Аймауытов өмірбаяны,шығармашылығымен таныстыру.
Құстардың тіршілігін баяндау.
2)Оқушыларға құстарды қорғауға, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу. 3)Құстарға деген қызығушылығын арттыру. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық,құстар суреті,нақыл сөздер,ән.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау-жинақтау,әңгімелеу әдістері.

Сабақ барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлап алу.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
С.Сарғасқаев Шыбық мәтіні бойынша білімді жан-жақты тексеру кезеңі
-Әңгіме не туралы?
-Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады?
-Темір бұл ұсынысқа бірден келісті ме?
-Бақыттың табанды,еңбекқор екендігін қалай аңғардың?
-Темір неге өкінді?
-Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
3. Ой қозғау.

-«Шыбық» мәтініндегі оқиға қай мезгілде болған деп ойлайсыңдар?  (көктем мезгілі)           -Көктемде туған жерге нелер оралады?                                                                                   

Құстар туралы қандай шығармалармен таныстық?
-Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? (құстар суреттері)
-Олар нешеге бөлінеді?

- Жарайсыңдар, балалар!Ал осы құстар туралы не білесіңдер? (оқушылар жауабы) Құстар –жануарлардың ең көп тараған түрі . Олардың түрлері көп.Үй құстары, жабайы құстар болып бөлінеді. Пайдасы: зиянкестермен күреседі,еті, жұмыртқасы ,мамығы. Құстар- біздің досымыз.Сирек кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа »енгізілген. Құстар табиғат көркі.Оларды қорғау керек. Қажетсіз атуға ,оларды ұстауға болмайды.Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл – күйін көтереді.Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады. Жыл құстары дегеніміз — салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз,тырна жатады.



Жұмбақ шешу. – «Қараторғай» әнін тыңдату.

- Ән не туралы?

- Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?

- Неге бұл әнді тыңдадық; Біздің бүгінгі сабаағымызға қатысы бар ма?


— Олай болса, бүгін  біз Жүсіпбек Аймауытовтың  «Қараторғай» шығармасымен танысамыз. Ж.Аймауытов туралы мағлұмат беру.(слайд арқылы)
Ж. Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысында туған. Жүсіпбек Аймауытов- жазушы, ақын,  ғалым, қоғам қайраткері. Ол 13-14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Қартқожа», «Ақбілек» тағы да басқа көптеген шығармалары бар.
Ол Торғай жерінде ашыққан халыққа жәрдем беретін топ құрамында болып, осы кездерде жалған жаламен айыпталып,  1931 жылы өлім жазасына кесілген.                                
Қараторғай суреті- бұл суреттегі қараторғайлар қараторғайлар тұқымдасына жатады. Қараторғайды «шегіртке жегіш» деп те атайды. Көптеген шегірткелерді құртып, пайда келтіретін құстар. Олар әндердің әуенін керемет дәлдікпен орындайды екен. Ал шегіртке қандай зиян келтіреді?

4. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс
а)Мұғалімнің оқуы. (оқушылар түсінбеген сөдерін белгілеп отырады)
ә)Оқушыларға тізбектеп оқыту.

- Сөздік жұмыс.- түсінбеген сөздері болса, талдау. Сырғауыл деген сөзді қалай түсіндіңдер?

б) «Сынақтан өткізу»

Мәтіннің мазмұнын ашу. Сұрақтарға жауап алу.



- Мәтіннен көктемнің қандай белгілерін білдіңдер?

- «Күнгей жақ ала шұбар бола бастады» деген жолды қалай түсіндіңдер?

- Қарға туралы не делінген? Неге?

- Қамбар ата не жасады?



- Балалар қандай сөзге түсінбей қалды?(Қонағым қол басындай,мінезі қорғасындай)

- Бұл сөзді сендер қалай түсіндіңдер?(салмақты, ауыр мінезді. Жұмысын асықпай, тиянақты орындайтын )

- Қамбар ата мен балалардың сөйлесуін не дейді?Оқып беріңдер.

- 3 абзацты оқу. Қараторғай ауылға қалай оралады екен?

- 4 абзацты оқу.Қамбар ата қонағын қалай қарсы алды?

- 5 абзацты оқу. Осыдан не ұқтыңдар?Қараторғайдың пайдасы туралы айт.

- .Қамбар атаның қандай қонағы туралы білдіңдер?

Дәптерде жұмыс. - Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін жазу. Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай.



5. Ой толғаныс. «Микрофон». –берілген тақырып төңірегінде әр оқушы «микрофонды» өз ойын айтады, қорытынды жасайды.
І қатар – Сендер өз ауылдарыңа келген құстарды қалай қарсы алар едіңдер? –эссе жазу
ІІ қатар – Құстардың пайдасы
ІІІ қатар - « Құстар- біздің досымыз» тақырыбына 4 жол өлең жазу.

- Мәтіннен не ұнады? Қандай ұсыныстарың бар?


6.- «Артық болмас білгенің» -қараторғай туралы қызықты мағлұмат алу үшін сөз кезегін – оқушыларға берейік

Мен қараторғаймын.


Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке , жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын.

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын.

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын.

    -Қараторғай-  дала құсы, ол бұлбұлдың әнінен үзінді айтып бере алатын шағын құс. Салмағы 75 грамм, дене тұрқы 23 сантиметрдей болады. Мойны қысқа, тұмсығы ұзындау, түсі металдай жарқылдаған қара, сол қара қауырсындарының арасынан ақ дақтарды кездестіруге болады.                                              

Қараторғай- жыл құсы, тек оңтүстікте ұялайтындары ғана тұрғылықты болып  табылады. Ұялайтын жерлеріне, мәселен Қазақстан аумағына наурыз айының басында келе бастайды. Ұясын ағаш пен жартастардың қуысына, шатырға немесе басқа жерлерге сала береді.                                                                                    

Екі рет балапан басып шығарады. Күзде үлкен топ құрып, қыркүйек-қазан айларында қыстайтын жерлеріне қарай қайтады.                                         

Қараторғай зиянды насекомдарды, олардың  дернәсілдерін  көптеп жойып, ауыл шаруашылығына елеулі пайда келтіреді.
Қараторғай -өзі кішкене құс, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып , күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып шырқаған.

Қоршаған ортаны қорғаушыларға сөз береміз.

Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Қараторғай келсе халық қуанады, көктем келді, енді күн жылынады деп. Ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасайды. Орыстар құстың ұясын да сол себепті «скворечник» деп атайды.

Қазіргі кезде құстар қалай қорғалған?                                                                                                            

Азайып бара жатқан құстарды атуға, аулауға тыйым салып,  мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған.

Құстарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?


  • Құсты атпа!

  • Құстың ұясын бұзба!

  • Құстың жұмыртқасын алма!

  • Құсты қорға.

Көктем де жақындап қалды. Ал сен қараторғайды қарсы алуға дайынсың ба?

(Барлық оқушыларға ұя жасау үлгісін таратып береді)



6.Блиц – турнир (сұраққа дұрыс, тез жауап беру(

Мұғалім: Балалар! Сонымен, сабағымызды қорыта келіп, сабақ бойы қараторғай туралы алған білімдерімізді жинақтайық.

І қатар


Шығарманың авторы: Жүсіпбек Аймауытов

Шығарманың аты: Қараторғай.

-Қараторғай туралы не білдіңдер?

ҚАРАТОРҒАЙ: адамға дос, пайдалы, зиянды құрттарды жояды, бау-бақшаны қорғайды, ән салады, сән береді, түсі қара, кішкентай құс, екі рет балапан басып шығарады.

ІІ қатар

Шығармадан қандай мәтелді үйрендің? «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай.»

Шығармадағы кейіпкерлерді ата: Қамбар ата, балалар, қараторғай

ІІІ қатар

Мәтіндегі негізгі ой: құстарды қорғау, олардың пайдасын білу, оларға үнемі қамқор болу.

Құстарға байланысты халықтық болжамдар айту.

Мұғалім: Балалар, көктем жаршысы жыл құсын әрдайым қарсы алып, оларға қамқоршы болайық.
7.Үйге тапсырма беру кезеңі
- Қараторғай мәтінін мазмұндау.
- « Қараторғай» тақырыбына шығарма жазу.

- Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.


- Құстың ұясын үлгі бойынша жасап , үйлеріңнің маңындағы ағашқа іліп қойыңдар
8. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет