Мақал-мәтелдер, тақырыптары, ерекшеліктері Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің көне де ең мол түрі. Қазақ халқы терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін»



Pdf көрінісі
Дата18.09.2022
өлшемі27.38 Kb.
#460900
maal mtelder tayryptary erekshelikteri 1815



Мақал-мәтелдер, тақырыптары, ерекшеліктері
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің көне де ең мол түрі. Қазақ халқы терең ойды
аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» мақал-мәтелдер арқылы
жинақтап берген.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді. Мақал-мәтелдерде
халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірі жан-жақты қамтылып берілген. Халық
ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер төмендегідей топталады:
Төрт түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты мақал-
мәтелдер;
Отанды, туған жерді, өскен елді, атамекенді сүю тақырыбындағы мақал-
мәтелдер;
Ерлік, батырлыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдер;
Оқу, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер;
Еңбек тақырыбындағы мақал-мәтелдер;
Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдер;
Достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер;
Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы мақал-мәтелдер;
Денсаулық, отбасы, үнемшілдік туралы мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдерде
поэзияға
тән
жинақылық,
саздылық,
ұйқас,
ырғақтылық кездеседі. «Ел үмітін ер ақтар» деген мақал-мәтел, біріншіден,
бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстардың қатысуымен, екіншіден, «е» дауысты
дыбысының қайталануымен, үшіншіден, сөздердің үнемделіп қолданылуымен
ерекшеленеді.
Мақал мен мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен,
өздеріне тән ерекшелігі, яғни бір-бірінен өзіндік айырмашылығы болады. Мысалы,
мақалда ой анық, тұжырымды түрде қорытылып беріледі. Ойдың салдары мен
себебі қатар айтылады. Мысалы: Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Мәтелде ой тұспалды, бейнелі түрде ишарамен беріледі. Істің салдары
айтылып, себебі берілмейді. Мысалы: Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет