Сабақтың тақырыбы:Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен, құралдармен танысу. Мақсаты



Дата20.06.2016
өлшемі41 Kb.
#149065
Сабақтың тақырыбы:Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен, құралдармен танысу.

Мақсаты:Оқушыларға қол жұмысын орындауға арналған жұмысты дұрыс ұйымдастыруға бейімдеу.Санитарлық-гигеналық талаптарды дұрыс орындай білуді таныстыру;

Білімділігі:қол тігісі кезіндегі қолданылатын аспаптарды дұрыс пайдалануда біліктіліктерін арттыру;

Дамытушылығы:Оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіру, практика жүзінде іс-әрекеттерін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Мұқияттылыққа үйрету, еңбек тәрбиесіне баулу, жұмыстың жақсы нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу;

Құрал жабдықтар мен көрнекіліктер:қол инесі, жіптер, қайшы, оймақ, қазықша,түйреуіштер, тігінші боры, кескіш, сантиметрлік таспа,сөккіш, сәнмүсін;

Пәнаралық байланыс:бейнелеу,математика, музыка, қазақ әдебиеті.

Әдіс-тәсілдері:баяндау, сұраққа жауып алу;

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен тақырыпты қайталау.

  3. Қауіпсіздік ережесі.

  4. Жаңа сабақ.

  5. Қорытынды.

  6. Сергіту сәті

  7. Бағалау.

Балалар біз өткен сабағымызда мата түрлерімен таныстық, енді сендер мата атауларының ,қандай түрлерін білесіңдер?(оқушылар жауабы тыңдалады)

Олай болса мата түрлерінің атауларына байланысты сендерге жұмбақ жасыраман және де үй тапсырмасын осы әдіс арқылы сұрайтын боламын.



Жұмбақтар:

1.Үлбіреген, әсем, әдемі,

Көркімді бәрі біледі.

Сондақтан да тек мені,

Жас адамдар киеді.

Қынай тіккен көйлекпін,

Қыздар көркі түледі.

Табиғаты нәзік неткен

Денеге жұмсақ тиеді.

Сұлулықты кім сүйеді?

Сол жандар мені біледі.(крепдешен)

2.Шымылдық,жапқыш, көрпеде,

Жазғы үлгіге жатамын.

Бояуларым қанық түседі,

Әсеммін, көз тартамын.

Көркі асқан қыз келін,

Мені киіп гүлденер.

Шымылдық,жапқыш, көрпе де,

Менімен көркем күйге енер.

Атауымды айта ғой,

Тереңінен тарта ой.(жібек мата)

3.Мені іздесең әр кезде,

Табасың ұлттық киімнен.

Зер төгілген ізімнен,

Хас шебердің үйінен.

Әсем жатыр көркіммен,

Шапанға да әр берем.

Ал,қыздарым сіздерге,

Әшекейлі сән берем.(парша)

4.Менен тіккен халатты,

Аналар қарап ұнатты.

Қыс кезінде ағалар,

Шұлғау ғып та орапты.

Жылы жұмсақ көйлекті

Қыста ұлдар қалапты

Ал келіңдер балаға

Жаялыққа жаратты

Сонда мен қай матамын

Қане,жылдам атағын.(Пәйке)

5.Матамын әр кез төзімді,

Матадан алар бөзімді.

Үлкендер де кіші де,

Сәндікке киер өзімді.

Көп жуса тез қысқарам,

Қажетімді білер ұстаған.

Бүктелсемде сан рет,

Үтіктелсем жақсарам.(Шыт мата)

6.Қалың мата саналам,

Мал жүнінен алады.

Суықты жұмсақ түгімнен,

Адамдар пана табады.

Күздік-қыстық киімді,

Ұл қызың киіп сүйінді.

Менің атым не екенін,

Қыздарым табар түйімді.(драп)

7.Сәндік киім тігетін,

Қалың түкті матамын.

Ұлттық киім нышаны,

Қасиетті затқа жатамын.

Сондықтан да аналар,

Қызына қояр атымды.

Атауымды кім табар,

Айта ғой қызым батамды. (мақпал)

Ал енді қауіпсіздік ережесіне тоқтала өтсек.Қол жұмысы кезінде есіңе сақтайтын қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?(оқушылар жауабы тыңдалады)

Инемен және қайшымен жұмыс.

Ал енді балалар жаңа сабақты бастаймыз. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен, құралдармен танысу.

Балалар біздің қол жұмысы кезінде пайдаланылатын аспаптармен және құралдармен танысайық, оған қол инесі, жіптер, оймақ, бор, қайшы, сантиметрлік таспа, түйреуіш жатады Енді әрбір құралдарға сипаттама беріп түсіндірейік.

Оймақ-пластмассадан немесе болаттан жасалатын,жұқа мыс немесе альюминиден қапталған қалпақша. Оймақ тігу барысында саусақты инемен шаншып алудан қорғайды. Оны оң қолдың ортаңғы саусағына киеді. Оймақты оң қолдың саусақтарына дәл келетіндей етіп таңдайды.

Түйреуіш - бұйым бөлшектерін түйреу үшін пайдаланылады. Түйреуіштердін

ұзындығы 3-4 см болады. Олар жіңішке, жақсы тегістелген (тегіс) болуы тиіс.



Тігінші боры-қима үлгінің пішімдерін дәл сызу үшін қажет.Ұшы жіңішке болып келеді. Борлар жіңішке болуы үшін, оның шеттерін қалыңдығы 0,5 – 1,5 мм – ге дейін ұштаған жөн.

Кескіш - сапты өткір тісті металл диск (дөңгелек) болып келеді. Жұқа мата бөлшектерінен немесе қағаздан жасалған лекалолардан сызықтар мен белгілерді келесі бөлшектергекөшіру үшін қолданылады.

Сантиметрлік таспа-мата өлшеу үшін қолданылады.Сатиметрлік таспаны созып немесе бос ұстамаған жөн.Ондай жағдайларда өлшем қате алынуы мүмкін.Ұзындығы 150 см – ге тең.

Сөккіш – бұл ілмекті немесе тігін тігістерін сөгуге арналған тігін құралы.

Қол инесі – инелер үшкір, серпімді,сынбайтын қатты, тегіс болуы қажет.

Ине жуандығы мен ұзындығы, ине көзі бойынша әртүрлі өлшемде болады.

Ине өлшемі біліктің жуандығына байланысты қойылады.Инеде әртүрлі нөмірлер болады, тақ және жұп. Тақ нөмірлі инелер жұп инелерден ұзындау болады.

Жіптер – киім тігуге матаның құрылысына қарай №30,40,50,60,80 мақта, сонымен қатар жібек жіптер пайдаланады.Жіптердің нөмірі артқан сайын, олар жіңішке болып келеді.

Қайшы - киім бөлшектерін пішуге, жіптің ұшын қыюға арналған.Жіптерді қию үшін шағын қайшылардыпайдаланған жөн. Қайшы дыбыссыз жабылып, ашылуы керек, ал қайшының жүзі бар ұзындығы бойымен өткір болуы керек.

Қорытынды: Жаңа сабақты бекіту, сұраққа жауап алу.


  1. Оймақты не үшін киеміз?

  2. Жіптердің нөмірі артқан сайын жіптің жуандығы қалай болады?

  3. Қайшының жүзі қандай болу керек?

  4. Тақ нөмірлі инелер ұзын ба?

Жұп нөмірлі инелер ұзын ба?

Мақалдың жалғасын тап.
1.Шешеннің сөзі-ортақ,

шебердің ...(қолы)-ортақ.

2.... етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

3.Не ексең-....

4....-бәрін жеңбек.

5...-наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті.

6.Талабы бар ........(енбекке) бас ұрады

7.Үлесі көптің ........(өнері көп)

Өнері көптің .........(ермегі көп)

8.......(өнер ) білім бәрі де оқуменен

9........(өнерлінің) қолы алтын,

........(өлеңшінің) сөзі алтын.


Сергіту сәті: Ине мен жіп ойыны.
Үйге тапсырма. Бағалау.

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Теректі ауылы



№ 30 Теректі орта мектебінің жоғарғы санаттағы технология пәні мұғалімі Мизамбаева Күлзия Рахымбековна

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет