Сабақтың түрі : шығармашылық ізденіс сабақ



Дата03.07.2016
өлшемі32.09 Kb.
#174757
түріСабақ
Алшынбаева Нурғайша, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Отырар ауданы. ОҚО


Сабақтың тақырыбы : Қожа Ахмет Иасcауи хикметтері
Білімділік мақсаты : Оқушыларға Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығын, Ислам дініне сіңірген еңбегін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың ой- еркіндігін, байқампаздығын жетілдіру , сөйлеу мәдениетін дамыту , сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік мақсаты : Иассауи кесенесі ұлт мақтанышы мәдени мұра екендігін түсініп , қастерлеуге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі : шығармашылық ізденіс сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, ой- қозғау ,салыстыру , топтастыру , түсіндіру, талдау .

Сабақтың көрнекілігі : Иасcауидің суреті , кесенесі , Арыстанбаб кесенісі.

Пәнаралық байланыс : тарих , география

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру :

«Шаттық шеңбері».

Оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтып , сабақты бастайды.

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару .

2.Үй тапсырмасын сұрау.

« Түс таңдау» ойыны .

Шарты . Оқушылар өздеріне ұнаған түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Таңдауға шектеу қойылмайды.
а / А. Иугінекидің әмірі туралы мағлұмат .

ә / « Ақиқат сыйы » дастанынан үзінді айту .

б/ « Ақиқат сыйы » дастанының басты тақырыбы .

в/ Дастан қай тілде жазылған ?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабағымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың мына сөзімен бастаймыз . « Біз тегіміз түрік , дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек . Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз ».

Бүгінгі сабағымыз түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны , есімі Ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайтаркер Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығына арналады.

Сопылық әдебиет туралы түсінік беру

Ой қозғау .


  1. А.Иассауи туралы қандай мағлұматтар білеміз ?

  2. Иассауи кесенесі қай жерде орналасқан ?

  3. Арыстанбаб туралы не білеміз ?

  4. Әмір Темір кім ?

Оқушылар оз ойларын айтады .

Топтастыру .



А. Иассауидің біздің заманға жеткен көлемді шығармасы 149 хикметтен тұратын « Диуани хикмет »/ Даналық кітабы / кітабы .Бұл кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған . Еңбек кішіпейілдікке , адалдыққа , имандылыққа шақырады . 1878 жылы алғаш жеке кітап болып басылып шықты . Содан кейін Ыстамбұл , Қазан , Ташкент қалаларында бірнеше рет басылды . Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын . Иассуидің бұдан басқа «Көңіл айнасы», « Пақырнама » деген еңбектері бар .

Оқулықпен жұмыс


  1. Хикметтерін мәнерлеп оқытып , мазмұнын түсіндіру .

  2. Сөздіктермен жұмыс жасау .

Нәпсі – құмарлық

Тәуба – шүкіршілік ету.

Қыңбай – қарсыласпай жүрдім

Мақшар күні – о дүниедегі сұрақ күні


3.Өлеңнің құрлысына қарай талдау

Сабақты бекіту.


Ислам дінінің бес парызы туралы сұрау :

  1. Зекет

  2. Намаз

  3. Ораза

  4. Қажылыққа бару

  5. Дінді уағыздау .

Сабақты қорыту.

Салыстыру әдісі.



Ахмет Иассауи

Абай Құнанбайұлы

1.Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтан

2. Менмен тәкәппар болма .

3. Дүние- мүлік үшін арыңды сатпа .

4. Арамдықтан аулақ бол .

5. Еріншек болма .

Өсек


Өтірік

Еріншек


Мақтаншақ

Бекерге мал шашпақ .



Үйге тапсырма : А. Иассауидің хикметтерін оқу,хикметтерінен үзінді жаттау.

Оқушыларды бағалау парағы.




Білем

Қазір білдім

Білгім келеді









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет