«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқытушының сабақ жоспары
Тақырып
Әртүрлі мақсаттағы өсімдіктер топтары
Модуль /пән атауы:
Қалалық бақ композициясы
Дайындаған оқытушы: Тұрсынжанова Айкерим Максатқызы
2023 жылғы "___" ____________
1. Жалпы мәліметтер
3 курс, 3 ОЗ-5
Сабақтың түрі :тәжірибе сабақ
Сабақтың мақсаты: Студенттердің өсімдік туралы білімдерін кеңейту; өсімдіктердің үш топқа бөлінетінін ұғындыру; әр топтың ортақ және ерекше белгілерін анықтап, ажырата білуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Әртүрлі мақсаттағы өсімдіктердің маңызын анықтау.
Дамытушылық: шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;
Тәрбиелілік: оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, ой-өрісін кеңейту, көрнекілік құралдар арқылы эстетикалық тәрбие жақтарына көңіл бөлу; АКТ –ны пайдалана білуге үйрету; Топпен, жұппен, ұжыммен жұмыс істеуді дағдыландыру.
3. Күтілетін нәтижелер
Өсімдіктер- табиғаттың аса маңызды, жанды бөлігі, олардың жер бетінде кең таралғандығы, алуан түрлілігі және қоршаған ортадағы басқа табиғат бөлімдері үшін маңызды екенін біледі. Өсімдіктердің топтарға бөлінетінін біліп, оларды бір-бірінен ажырата біледі. Өсімдіктер адам өмірінде пайдалы екенін түсініп, олардың өсіп-өнуіне қандай жағдай қажет екенін түсінеді.АКТ-ны пайдалануды біледі.Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.
4. Қажетті ресурстар
интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, суреттер және слайдтар жинағы, , сызба-нұсқалар т.б.
5. Сабақтың барысы
Элемент №
|
Сабақтың элементтері, оқу мәселелеріоқыту әдістері мен формалары
|
І
3 мин
|
Ұйымдастыру кезең
1.Сәлемдесу
2.Білім алушыларды түгендеу.
3.Топқа сабақтың мақсатын хабарлау.
|
ІІ
15 мин
|
Үй тапсырмасын сұрау
«Сұрақ жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтайды
Өсімдік ассортименті дегеніміз не?
Өсімдік ассортиментін таңдаудағы басты критерийлер?
Көгалдандыруда пайдаланатын өсімдік түрлерін ата?
Көгалдандыруда пайдаланатын ағаш түрлері және оларға жеке анықтама беру?
|
ІІІ
40 мин
|
Жаңа сабақ
Миға шабуыл әдісі арқылы қайталау сұрақтары беріледі.
Өсімдіктер қайда өседі?
Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
Ағаштың бұтадан айырмашылығы неде?
Тапсырма
Ағаш бөліктерін ата сипаттама бер Шөптектес ағаш бөліктерін ата және сипаттама бер
|
ІV
20 мин
| Сабақты бекіту
Әр студент өсімдік топтарына жеке мысал келтіріп кесте толтыруы керек
Өсімдік атауы
|
Сипаттамасы
|
|
|
|
|
|
|
|
V
7 мин
|
Сабақты қорытындылау
Өсімдік топтары жайлы туралы видео көру,талдау
|
VІ
|
Үй тапсырмасы : «Өсімдік топтары» деген тақырыпта реферат дайындап келу.
|
VІІ
|
Рефлексия
Білім алушының тақырып бойынша түсініктерін анықтау.
|
Оқытушының қолы/ Подпись преподавателя___________
Достарыңызбен бөлісу: |