Сабақтың тақырыбы:Сәукеле тігу.
Мақсаты: Баскиім түрлерімен танысу оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының салт- дәстүрін басқа ұлыттар арасында кеңінен таратып дәріптеу.
Білімділік: сәукеле тігіп үйрену, үлгісін дайындай білуді жетілдіру.
Дамытушылық:сәукеленің тігу әдісін үйрету, өнерге қызығушыығын арттырып, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: әсемдікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу, информатика
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық
Көрнекіліктері: ұлттық баскиім түрлері ерлер, әйелдер баскиім буклеті, слайд.
Қажетті құралдар: сәукеле үлгісі шаблон, комьпютер, сантиметрлік таспа, мата, ою, қағаз бор, қайшы.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі: а. оқушылардың сабаққа көңілін аудару.
б. жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын тексеру.
в. Қауіпсіздік ережесі және санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау.
II. Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.
-
Матаның адам ағзасына экологиялық әсері дегенді қалай түсінуге болады?
-
Табиғи маталардың пайдасы неде?
-
Өлшемдер қалай алынады?
-
Синтетикалық бұйымдар адам ағзасына қандай әсерін тигізеді?
-
Әр ұлттың киімдерінде өзгешелік бар ма?
III. Жаңа сабақ.
(Слайд көрсетіліп мұғалім баяндап береді) Балалар бүгін біз сабақта сәукеле пішіп, тігуді үйренеміз. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің өзіне сай экологиялық , эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата – аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған.Баскиімді екі түрге бөлген ерлер және әйелдер. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, тақия малақай, сәлде киеді. Әйелдер баскиімі – сәукеле, кәмшәт бөрік, қасаба, киімешек, шылауыш.
Тымақ - екі бөліктен тұрады, төбесі төрт сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді аязда киеді.
Айырқалпақ – ақ кигізден немесе драптан өрнектер салынып тігіледі.
Бөрікті бала жігіттер, орта жастағы адамдар киген екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындалады. Әйелдер баскиімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Қасаба – тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.
Кимешекті – егде жастағы әйелдер киген, бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа жылылыққа жақсы.
Сәукелені – қалыңдықтар, жас келіншектер киген оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Қазақ халқымыз сәукелені күні бүгінге дейін қолданып келеміз. Сонғы кездері үйленген жас жұбайлар үйлену тойында қазақтың ұлттық киімін киетін болған.
Келін болып түскенде үйленгенде киетін сәукеленің тігу әдісімен танысамыз.
Сәукелені бірнеше жолмен 4,6,8 сай болдырып тігуге болады. Үстіңгі матасы және астары жеке – жеке пішіліп тігіледі де біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады. Слайттан дайын сәукеле үлгісін көрсетеміз.
АОВ үшбұрышын сызамыз, биіктігін сәукеленің басқа киетін өлшеміне негіздей өлшеп аламыз.
Ұшбұрыштың әр бір бұрышы АО=90, ОВ=90 болады. АВ бұрышын өз ара қосқанда О бұрышы өзі қабатталып қосылып тігіледі. Бұл бұрыштарын қосып тікпес бұрын сыртқы матасына өрнектер тігіп және астарлап дайындап аламыз.
Оқушылар дәптерлеріне белгілеп алады.
а. шаблон бойынша үлгіні үстінгі және астынғы бетін бастыру.
ә. сызық бойынша қию
б. ою - өрнектер тігу немесе жапсыру
в. жиегін біріктіру, төбесі бірге бірігеді
г. сәндік бұйым енгізу
IV. Сарамандық жұмыс.
1.Шаблон үлгіні пайдаланып сәкелені пішіу.
2. Пішілген сәукелеге дайын оюды жапсыру.
3. Астарын қосып тгу
4. Сәукелені біріктіріп тігу
5. Моншақтармен безендіріп, желегі мен үкісін қадау.
V. Оқушылардың жұмыстарына қарап сабақты бекіту мақсатында «сымбат» сөзжұмбағын шешу.
1. Қалыңдықтың баскиімі
2. Кигіз үй жабдығы
3. Кигіз үй жиһазы
4. Әйел киімі
5. Талшық түрі
6. Жан – жануарлар тектес ою - өрнек.
.
-
VI. Сабақты қортындылау, бағалау. Жасаған сәукеленің сапасын тексере отырып, өте жақсы жасаған жұмыстарды марапаттап, жетістіктері мен кемшіліктерін айтып, жалпы сабаққа қорытынды жасап оқушыларды бағалаймыз.
VII.Үйге тапсырма. Реферат жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |