Сабақтың түрлері кіріспе Танысу Ғылым әлемі



Дата02.01.2022
өлшемі25.8 Kb.
#452799
түріСабақ
5-сынып


Оқу-әдістемелік жоспар



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Сабақтың түрлері

1

Кіріспе

1




Танысу

2

Ғылым әлемі

1




Аралас

3

Адам өміріндегі ғылымның маңызы

1




Пәнеаралық байланыс

4

Адам.Жершары.Ғалам

1




Интерактивті

5

Жер шарының пайда болуы

1




Интерактивті

6

Жердегі тіршіліктің пайда болуы

1




Семинар

7

Судың адам өмірі үшін маңызы

1




Аралас

8

Дүниежүзілік мұхит табиғатын қорғау

1




Саяхат

9

Атмосфераны қорғау

1




Лекция

10

Озон қабатының жұқару себептері

1




Пікір алмасу

11

Заттар және материалдар

1




Лекция

12

Әртүрлі заттардың қасиеттері

1




Пәнаралық байланыс

13

Табиғат құбылыстары

1




Практикалық сабақ

14

Таза зат пен қоспа

1




Аралас

15

Қоспаны қалай бөлу керек

1




Лекция

16

Ерітінділер

1




Саяхат

17

Кейбір заттардың ерімеуі

1




Аралас

18

Жануарлар әлемі

1




Саяхат

19

Металлдар

1




Қорытындылау

20

Бейметалдар

1




Саяхат

21

Табиғаттағы күштер

1




Аралас

22

Бояғыш заттар

1




Практикалық

23

Табиғатта демалудың адам үшін пайдасы

1




Саяхат

24

Химия-адам өмірінде

1




Пікір алмасу

25

Табиғат байлықтары

1




Лекция

26

Табиғатты тиімді пайдалану

1




Пәнаралық байланыс

27

Тест жұмысы

1




Сынақ

28

Саябаққа саяхат

1




Саяхат

29

Табиғат және ақындар

1




Пәнаралық байланыс

30

«Мен және табиғат» шығарма

1




Пәнаралық байланыс

31

Экологиялық орталыққа бару

1




Топсеруен

32

Табиғат жайында мақал-мәтел жарысы

1




Сайыс сабақ

33

«Алтын қақпа» ашық сабақ

1




Жарыс сабақ

34

Қорытынды

1




Қайталау


Мазмұны:
1. Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі.

2. Ғылым (лат.  scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.

3. Ең алғашқы адамдар өздерін қоршаған орта жайлы білімдерді жинай бастады. Адамзаттың даму жағдайына қарай бұл білімдер арта берді. Адамдар қоршаған ортаның құпияларына тереңдей енуге талпынды. Уақыт өте келе жекелеген ғылымдар пайда болып, дамыды. Олардың бірі – табиғатты, келесілері – экономиканы, үшіншілері – тарихты немесе мәдениетті зерттеді. Кейінірек ғылым ой еңбегін дене еңбегінен бөлді. Дәл осы әлеуметтік даму түрткіжайты арқасында адамзат қызметінің ерекше түрі – ғылыми таным қалыптаса бастады.

4.Жер Күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әртүрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.

5-6. Жер-адамдарға ғана белгілі тіршілігі бар планета . Күн жүйесіндегі 8 ғаламшардың бірі. Жер - Күнге жақын тұрған үшінші ғаламшар. Атмосфера, су, оңтайлы климат және Күннен қолайлы қашықтық жағдайы Жерде тіршіліктің пайда болуына себепкер болды

7.Судың адам өмірі үшін маңызы

Мұхит жағасында денсаулыққа қолайлы жұмсақ климат,емдік қасиеті бар тұзды су, жанға жайлы құмды жағажайлар,табиғаты көркем мұхиттық аралдар адамдардың демалуы мен сауығуына жағдай жасайды. Ал теңіз өнімдерінен алынатын дәрі-дәрмектер мен тағамдар күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылады.

Теңіз жолдарымен сыртқа шикізат пен азық-түлік тасымалданады, яғни елдер бір-бірімен сауда-саттық жасайды,экономикалық тиімді байланыстар орната алады.

8.Дүние жүзілік мұхит табиғатын қорғау

Мұхиттық табиғат кешендері құрлықтағыдан айырмашылық жасайды. Олар әр түрлі еріген газ және қоспаларынан тұратын су массаларынан,тіршілік дүниесінен,мұхит табаны,жер бедері мен түпкі шөгінділерден және т.б. компоненттерден тұрады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар,бір жасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 метрге дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап,салмағы 160 тоннаға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.



9.Атмосфераны қорғау Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді. Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеоррлогиялық станса бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Қазақстан жерінде күннің кенет суыту мәнісі көбінесе арктикалық суық ауа массасының баса көктей кіруінен. Бүгінгіи күні ауа райын ғарыштан бақылауға болады, бірақ жалғыз адамның қолынан келмейді.

10.Озон қабатының жұқару себептері

1985 жылы «Озон қабатын қорғау» туралы Вена конвенциясы қабылданды.



Атмосфера қабаты Жер бетіне келіп түсетін Күн сәулесінің радиациясынұстап қалады. Көмір қышқыл газ және су буының әсерінен Жерден жылу шығару мөлшері төмен болады («парниктік әсер»). Озон қабатының басты жұқару себебі антропогендік әрекет.

11.Материалдар – өнімді дайындау және өндіріске қызмет көрсету үшін көбінесе еңбек заты ретінде пайдаланылатын әр түрлі заттай элементтер..

12.Заттың қасиеттері - анықтайтын қасиеттер массасы бар және көлемді алатын барлық заттардың сипаттамалары.

13. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктерЖер мен АйКүн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

14. Заттар көбінесе таза күйінде болмайды, мысалы, табиғи минералдар әр түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Сондықтан табиғи минералдардан өндіріс орындарында бір ғана өнім алынбайды, қосымша заттар түзіледі.
Қоспалар құрамына қарай біртекті және әртекті болады.

15. Қоспаны бөлу әдістері Олар қоспаның химиялық қасиеттерін өзгерту қажеттілігінсіз оның бір немесе бірнеше компоненттерін алуға мүмкіндік беретін процедуралар. Сондықтан олар химиялық реакциялармен немесе коррозиялық заттарды қолданумен байланысы жоқ таза физикалық техникаларға негізделген деп айтылады.

16. Ерітінді — бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендік жүйе[1]; кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе.

17. Еру дегеніміз – физикалық және химиялық процесс. Еру кезінде еритін зат пен еріткіштің молекулалары бір – біріне диффузияланып қоймай, өзара әрекеттесіп молекулалық қосылыстар түзеді. Сусыз ерітінділерде бұл қосылыстарды сольваттар, ал судағы ерітінділерді – гидраттар дейді.

18.Жануарлар — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер

19. Металдар — электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

20. Бейметалдар – металл еместер қатарына: сутекборкөміртеккремнийфосформышьякоттеккүкіртселентеллургалогендерасыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау. Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп емес. 

21.Күш- деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.

22. Бояғыш заттар – түрлі материалдарды (матабылғарыжүнпластмассақағаз, т.б.) белгілі түске бояйтын қасиеті бар органикалық қосылыстар.

23.Ғалымдар табиғат аясында уақыт өткізудің психикалық және физикалық пайдасы бар.

24. Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Қазіргі заманда адамның өндіргіштік әрекеттері саласында химияның атқаратын рөлі зор. Химия араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жоқ. Табиғат бізге тек бастапқы шикізатты — ағашты,кенді, мұнайды және т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа қажетті тыңайтқыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды әр түрлі заттарды алады. Осы процестерді іске асыру үшін жалпы заңдылықтарды білу қажет. Бұл білімді де химия береді.

25. Табиғат байлықтары

Табиғи ресурстар – бұл табиғи заттар немесе адам мен қоғамның өмір сүруі мен дамуы үшін шаруашылықта қолданылатын энергия көздерінің түрлері.

Табиғи ресурстардың жіктелуі:

1.Түрлі геосфераларда кездесуіне байланысты:литосфера,гидросфера,биосфе-

ра,климаттық ресурстар.

2.Түрлі шаруашылық салаларында қолданылуына байланысты: энергетикалық,металлургиялық,химиялық.

3.Қолдану мүмкіндігінің ұзақтығы мен қарқынына байланысты.

26.Табиғатты тиімді пайдалану. Тұщы су көлемінің жылдан жылға азая беруі - өндіріс қалдықтарының, сарқынды сулардың,олардың қаншалықты тазартылу процестерінен өтсе де, араласып кетуі ықпалын тигізуде.Сондай-ақ тұщы суды пайдалану көлемінің өсе түсуі де қазірдің өзінде және келешекте су тапшылығына әкеліп соғатындығы көпшіліктің назарын аударуда.



27.Тест жұмысы

Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына дағдыландыру.



28.Саябаққа серуен

Оқушылардың бойында табиғатқа деген жаңашырлық, қамқорлық қасиеттерін арттыру.



29.«Табиғат және ақындар»

Оқушылар түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, табиғат жайында өлеңдер оқиды.



30.«Мен және табиғат»

Оқушылар жыл бойы алған білімдеріне мән бере отырып, өзіндік жұмыс жасайды.



31.Экологиялық Орталыққа бару.

Оқушыларды достық, табиғатқа деген көзқарасын кеңейту мақсатында топсеруен ұйымдастыру.



32.Табиғат жайында мақал-мәтел жарысы

Оқушылар алдын ала топтастырылып, тапсырмалар беріледі, әр топ табиғатқа арналған мақал-мәтел бойынша жарысады.



33.«Алтын қақпа» ашық сабақ

Оқушылар жыл бойы алған білімдері негізінде алуан түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды, топтық жұмыс жасайды.



34.Қорытынды

Жыл бойы алған білімдерін презентациялау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет