Айнымалы типтері



Дата10.06.2022
өлшемі50.04 Kb.
#459068
түріПрограмма
1. айн тип


1.1 Айнымалы типтері
Айнымалы - аты, типі, мәні болатын шама. Айнымалы мәнін программаның жұмысы кезінде өзгертуге болады.
Бағдарламалаудағы айнымалылар да осыған ұқсас, бірақ ол тек сан ғана емес, сөз, символ, т.б. яғни оның түрлі типтері болуы мүмкін. Төменде программалау тіліндеріндеде айнымалылардың негізгі типтері:
int — бүтін сандар типі.(int x; int y=37;)
double, float — үтірі бар сандар типі.(float a; double b; float pi=3.14;)
Char — символдық тип (Char q; q='w'; Char t;)
String — сөздер, жолдар типі. (String str; String tost=«Ал, не дейміз енді))»;)
Boolean — логикалық тип.(Бұл типпен кейінірек «очно» танысамыз)
Машиналарға жолай түсініп кету деген жоқ. Айнымалымен жұмыс істеу үшін міндетті түрде алдымен бір рет ЖАРИЯЛАУ керек. Ол үшін оның типін және атын көрсетеміз. Мысалға, int x; (бұдан түсінетінімз x бүтін санды айнымалы, 5 болуы мүмкін, 777 болуы мүмкін, әйтеуір бір бүтін сан).
Айнымалыларға қолданылатын амалдар: + — * / = 
Сөйлем біткенде нүкте қойсақ, бағдарламалауда; (үтір нүкте) қою керек. Осыған бола нәтиже шықпай қалуы мүмкін.
Мәліметтердің немесе айнымалылардың типтері деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Типтер 2 ге бөлінеді: скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық).



1.2 Бүтiн типтi,нақты шамалар.
Паскаль тiлiнiң бiр артықшылығы болып шамалардың әр түрлi типтерiнiң ауқымды жиынтығын қолдана алу мүмкiндiгi табылады. Шамалардың типi осы типке жататын тұрақтылардын, айнымалылардың, функциялардың, өрнектердiң мүмкiн мәндерiң, ЭЕМ-ге таныстыру формасын және солардың үстiмен орындала алатын операцияларды анықтайды. Шамалардың барлық типтерiң жай және күрделi деп бөлемiз. Жай тип – бұл шамалардың стандартты және айнымалы типтерi. Стандартты типтерге INTEGER – бүтiн, REAL – нақты, BOOLEAN – логикалық, CHAR – символдық шамалар типi жатады. Ал жай типтердiң әр түрлi комбинацияларын күрделi типке жатқызамыз (массивтер, жазбалар, файлдар).
Бүтін типтер бөлінеді келесі түрлерге: byte, shotint, iteger, word, longint.
Бүтiн типтi константа – тұрақты, яғни бұтiн тұрақты дегенiмiз нүктесiз жазылған кез – келген ондық сан. Бүтiн типтi тұрақтыны мән ретiнде қабылдайтын айнымалылар да бүтiн типтi болып табылады (INTEGER типi). Бүтiн типтi шамаларға бүтiн нәтиже беретiн келесi арифметикалық амаларды қолдануға болады: + (қосу), – (азайту), * (көбейту), DIV – бөлшек бөлiктi тастап бөлу (бүтiн шаманы бүтiнге бөлгенде шығатын бөлiндiнiң бүтiн бөлiгiн алу), MOD – бүтiн шаманы бүтiнге қалған бүтiн қалдықты алу. Бүтін типті шамалар жадыда 1-ден 4 байтқа дейн орын алуы мүмкін. Тип диапазоны және жады көлемі типтар бойнша 4 кестеде келтірілген.
Бүтін типті сандар үшін келесі стандартты функциялар анықталады:
Odd(x)-логикалық типтің нәтижесін қайтарады:жұп аргументтер үшін-false; ал тақ аргументтер үшін- true;
Succ(x) –келесі бүтін санды қайтарады (x+1);
Pred (x)-алдыңғы бүтін санды қайтарады(х-1);
Ord(x)-х аргументін қайтарады;
Abs(x)-х модулін қайтарады;
Chr(x)-х тең ASCII-код символын қайтарады;
Sqr(x)-х санының квадратын қайтарады;
Sqrt(x)-х тен квадрат түбірінің мәнін қайтарады;
Exp(x)-х (экспонентті) деңгейіне е-ні қайтарады,нақты типтің нәтижесін;
Sin(x)-синус х қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Cos(x)-косинус х қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Ln(x)-х натуралды логарифмді қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Arctan(x)-арктангенс х қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Бүтін типті сандар үшін келесі стандартты процедуралар анықталады:
Dec(x,i) -х мәнін i-ге кішірейтеді, егер i берілмесе, онда 1-ге;
Inc(x,i)-x мәнін i –ге көбейтеді, егер бермесе, онда 1-ге.
Нақты типтi шамалар.
Нақты типті деректер – жадыда 4-тен 6 байтқа дейін орын алатын, арифметикалық сөйлемдерде қолданатын нақты мәндер. Нақты типтi шамаларға нақты нәтиже беретiң келесi амалдарды қолдануға болады: + (қосу), – (азайту), * (көбейту), /(бөлу). Бүтiн және нақты типтi шамалдарды арифметикалық шамалар деп атайды. Нақты мәндерді екі түрде қөрсетуге болады:
Бекітілген нукте формасы, мысалы 7.32
жылжымалы нукте формасы, мысалы 1.5E-05
Нақты типтермен келесі операциялар орындалады: +,-, *, /, >.<.>=.<=.<>.=.
Нақты типтер тағы бес түрге бөлінеді. Тип түрлері, мәндердің аралығы және жады көлемі 5 кестеде келтірілген.
Нақты сандар үшін келесі стандартты функциялар анықталады:
Abs(x) – х модулін қайтарады;
Chr(x)– х-ке тең ASCII-код символын қайтарады;
Sqr(x) – х санының квадратын қайтарады;
Sqrt(x)-х тен квадрат түбірінің мәнін қайтарады;
Exp(x)– х (экспонентті) деңгейіне е-ні қайтарады,нақты типтің нәтижесін;
Sin(x)– синус х қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Cos(x) – косинус х қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Ln(x) -х натуралды логарифмді қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Arctan(x) -арктангенс х қайтарады, нақты типтің нәтижесін;
Truns(x)– бөлшек бөлімін лақтыру жолымен х нақты аргументін бүтін санға қайта жөндейді;
Round(x) – жақын бүтінге дейін шеңберлеу жолымен нақты х аргументін бүтін санға қайта жөндейді;
1.3 Процедуралар, функциялар және оқиғалар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет