Сабақты З. Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру. Әңгімелесу Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?



бет1/3
Дата02.06.2022
өлшемі30.02 Kb.
#458918
түріСабақ
  1   2   3



Сабақтың тақырыбы: Адалдық-адамдықтың белгісі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

  • Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

  • Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру.
Шаттық шеңбері Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс Сабақты З.Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру.
Әңгімелесу

  • Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

  • «Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Неліктен адалдық «кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді?

  • Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?

Тапсырма Оқулықта берілген мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.
Тыныштық сәті Баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолдану.
Дәйексөз «Адалдық-ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырады.
Жаңа ақпарат Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.
Адалдық әр адамның өзін де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.
Адалдық бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.
Жағдаятты талдау Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың пікірлерін дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашу.
Дәйексөз. «Адалдық деген ашық , шыншыл қарым-қатынас» деген А.Макаренконың сөзін түсіндіру арқылы оқушылар жағдаяттан пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет