Сабақты зерттеу тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады
Осы Lesson Study-дегі оқу мақсаты қандай (ол тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлігі болуы мүмкін). Осы Lesson Study-де қандай әдістемені жетілдіруді/әзірлеуді мақсат етіп қойдыңыз?
Pete Dudley Lesson Study: Нұсқаулық 6. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу «... Олар [оқушылар] бүкіл оқу үдерісін қолға алады, ол үшін жауап береді және бұл істе оларға көмек көрсетіледі. Бұл - ғажап, себебі ... олар біз үшін оларға көмек көрсетуге жағдай жасай отырып, бізбен байланыста жұмыс істейді. Таң қаларлық, шынымен таң қаларлық құбылыс!» Ұсынылатын іс-әрекеттер Түсініктемелер Ұлыбританияда Lesson Study топтары зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен жиі сұхбаттасып тұрады. Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін. Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс. Өзіңіздің жазбаларыңызда олардың кейбір жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз. Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын топтардағы басқа оқушылардан да жауап алынады. Бұл жауаптарды әр түрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік бергенімен, жиналған мәліметтерді жүйелеуді қиындатып жіберуі мүмкін. 2-кесте. Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар Саған сабақта бәрінен де не ұнады? Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б. Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды? Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?
Lesson Study: Нұсқаулық 7. Lesson Study-ден кейінгі талқылау «…Өз ойларыңызбен бөлісу кезінде жаңадан қаншама нәрсе білетініңіз таңғалдырады. Сондықтан, күрделі жағдайларда мен бұл мәселені неліктен дәл осылай шешу керектігімізді дәйектеуім қажет. Соның нәтижесінде менің білімім де нығайып, өз бетімше істей алмаған нәрсені түсінуіме мүмкіндік туады.
сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу; бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау; сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау; бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу; талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады; Талқылау барысында Lesson Study тобының білім алғандығын жазып алып отыратын және соңында осы топ мүшелеріне немесе топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп қызметкері болмауы да мүмкін. (Takahashi, 2005). Ең бастысы, талдауды оқытудан емес, бақылаудағы оқушылар (мен басқа оқушылардың) оқуын, білім алғандығын қадағалаудан бастау керектігін ұмытпау керек (3-суретті қараңыз). Бұл реттілік оқушылардың білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі мұғалімдерге субъективті және кәсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып көрінуі мүмкін (3-суретті қараңыз). Қол қойып, күнін жазыңыз. Түсініктемелерді мұғалімдер бөлмесіндегі кәсіби даму журналында сақтаңыз.
Lesson Study: Нұсқаулық 3 сурет. Lesson Study-ден кейінгі талқылау сызбасы Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдалануға болады 3-кесте. Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте
Lesson Study: Нұсқаулық жүктеу/скачать 0.52 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |