Сабиева алтынай жубаткановна



бет1/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
#134121
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 371.266:37.015.324
САБИЕВА АЛТЫНАЙ ЖУБАТКАНОВНА

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

6М010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты У.Б.Ағыбаева


Қызылорда, 2012 ж



МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ.................................................................................................

3

I

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....

7


1.1

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................

7


1.2
1.3

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің

психологиялық ерекшеліктері............................................................

Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................

15
21



II

МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................

35


2.1

Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................

35


2.2

2.3


Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................

Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................



41
48




ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................

72




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................

ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................



78

82



КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.

Қазіргі кезде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің тұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.

Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың, әсiресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің терiс жолға түспеуiн, адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалауы маңызды болып табылады.

Бұлай болу себебі қазіргі таңда отбасы жағдайына, заман талабына сай, әр түрлі зиянды заттардың арқасында ешқандай кінәсіз толық қарым – қатынасқа түспейтін, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдер көбеюде.

Көптеген ғылыми зерттеулерде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің тұлғалық сипаттамалары бейнеленген.

Осы мәселе төңірегінде адамның тұлға ретіндегі ролін, оны қалай зерттеу керек екендігі жайында психология саласының зерттеушілері дауласуда

Бұл тұжырымдағы төменгі қарапайым немесе табиғи психикалық үрдістері жоғары, мәдени үрдістерге айналдыру даму үрдістерін түсінудегі негізгі сәт болып табылады.

Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, адамның тұлғасы өзінің қарым-қатынасы, мінез–құлқының т.б. әсерінің нәтижесінде дамиды. [1.22]

Кейбір зерттеушілердің эксперименттік зерттеулерінде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары қамтылған.

Авторлардың жалпы зерттеушілердің нәтижесінде, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу барысында айтарлықтай өзгеруін көрсетеді.Сонымен қатар негізгі мәселе олардың өзін-өзі бағалауы.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.

Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесi үшiн маңызды орын алады, яғни оның мiнез-құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы формаларын қамтамасыз етiп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастырының бiрлiгiн құрайды [2.21].

Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев [3.14.], өз еңбектерiнде объективтi өмiрдi бейнелеу процесінде, белсендi тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы, сана сезiмiмен бiрлестiкте iске енетiн - тұтастай субъект ретiнде көрiнiс бередi деп дәрiптеледi [4.122,5.140,6.21.]

Ал Божовичтің [7.102.] балалар тұлғасының психологиялық зерттеу мiндетiнде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделедi.

Алғаш рет көмекші мектеп оқушылары мен мiнез-құлықында ауытқушылығы бар балаларды толық зерттеген Ж.И. Намазбаева [8.325б.]. Автор тұлғаның негізгі құрылымының өзгешелігін аша отырып, ақыл-ой, тәжірибелік,мінез – құлқы бұзылған, қарым – қатынасы төмен, өз ой-пікірін айта алмайтын, еңбек іс-әрекет барысында, ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптастыру жолдарын анықтады

Қазақстанда тұлға мәселесi Ж.И. Намазбаеваның [9.19,10.85.] жетекшiлiгiмен және оның шәкiрттерiнiң, яғни Л.О. Сарсенбаева, Р.Ш. Сабирова [11.9], Л.В. Пилипчук [12.18], С.Ж. Омирбекова [13.19] және т.б. ғылыми зерттеу еңбектерiнде белсендi түрде дамуда әрі жан-жақты зерттелуде

Л.С.Выготскийдің өзі "Жоғары психикалық әрекеттердің даму тарихы — тұлғаның қалыптасу тарихы" деп атап көрсетсе де, ол отандық психологияда тұлға психологиясының мәселесін зерттеуші ретінде қабылданбаған. Бұл тұжырымдамадағы төменгі, қарапайым немесе табиғи психикалық үрдістерді жоғары, мәдени үрдістерге айналдыру бала тұлғасының даму үрдістерін түсінудегі негізгі сәт болып табылады. Л.С.Выготский бойынша адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлғаның мінез – құлқы - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі.

Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар.

Адам тұлға ретiнде өзiн-өзi бағалаушы тiрi ағза. Өзiн-өзi бағалаусыз өмiрде өз тағдырын шешу қиын, тiптi мүмкiн емес. Өзiн-өзi бағалау өзiнiң бойында белгiлi қасиеттердiң барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi. Бұл адамның өзiне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзiн-өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау операциясының нәитижесi.

Кеңес психологиясының ғылымында өзiн-өзi бағалау мәселесi тұлға дамуының контекстiнде не сана–сезiм мәселесiнде анықталады. Өзiн-өзi бағалауда iшкi үлгiге танылатын қасиеттердiң алға басуы, бағалы шкалалармен өзiнiң сипаттамаларын салыстыруы, өзiне деген қатынасының бейнелену формасы, тұлғаның белсендiлiгiнiң, бағыттылығының бейнеленуi өзiн-өзi реттеудiң құралы ретiнде көрiнедi. Б.Г.Ананьевтiң, С.Л. Рубинштейннiң еңбектерiнде өзiн-өзi бағалау сана-сезiм үрдiсiнiң өзегi, оның бөлетiн бастамасы ретiнде түсiндiрiледi [14.15].



Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезеңдегі мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерiн жан- жақты эксперименттік тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу объектісі: Қазіргі кезеңдегі мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы.

Зерттеу пәні. Мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы: Егер мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдермен психокорекциялық әдістерді тиімді қолданса, онда олардың өзін-өзі бағалау деңгейіне оң ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:

-өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша теориялық материалдарды талдау;

-мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға байланысты психокоррекциялық бағдарламаларын ұсыну.

-мінездегі ауытқушылық мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасау, сараптау, бақылау

-орталықта, арнайы мектепте, жалпы мектепте мінезінде ауытқушылығы бар балаларға психологиялық көмек көрсету жүйесін орнату, құру.

Зерттеу көздері:

- ҚР «Білім беру туралы» заңы;

- «ҚР дарынды балаларды қолдау және дамыту концепциясы»;

- Мінездегі ауытқушылық, өзін-өзі бағалау мәселелеріне арналған Ресей және Отандық ғалымдарының (Б. Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев, К.К. Платонов, В.Н. Мясищев, Б.И. Пинский, С.Я. Рубинштейн, К.С. Лебединская, С.Я. Рубинштейн, Ж.И. Намазбаева) ғылыми еңбектері.

Зерттеу әдістері:

- шетелдік және кеңестік психологияда мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау мәселесіне арналған әдебиеттерде талдау жасау негізгі теориялық зерттеулерді талдау; зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін анықтау;



Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері бойынша теориялық білім жүйеленді, «ауытқушы», «өзін-өзі бағалау», түсінігі нақтыланды;

  • мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теориялық аспектілері көрсетілді;

  • мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің мазмұны ашылды.

Зерттеудің практикалық мәні: Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері бойынша диагностикалық материалдар ендірілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу:

1.Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру.2012ж.

2.Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін - өзі бағалау ерекшеліктері. Қызылорда қаласы 2011ж.

Магистрлік диссертацияның құрылымы: кіріспе, екі тарау:

Бірінші тарауда, яғни, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауының теориялық аспектілері мен психологиялық ерекшеліктеріне қысқаша талдау берілген.

Екінші тарауда мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеп, талдау жасалған, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

І МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

1.1 Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялық аспектілері
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.

Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар [15.148]. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.

Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді.Көптеген ғылымдарда « қалыпты» және « аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында « қалыпты» / «аномалды» мінез- құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормалды/ аномалды бағасының арнайы критерилері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық.

Баланың жоғарғы дәрежедегі мінез-құлқындағы психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескеру керек. Мінез-құлық бірден пайда болмайды, өсе келе пайда болады. Алайда осы мінез- құықтарды байқағанда кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олқылықтарды қалайша толықтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан, былайғы даму кезеңдерін де жоюды, жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіру керек.

Осы орайда бала кемістігін қарапайым психологиялық жаттығулар арқылы түзетуге болады.

Кеңес ғалымдарының, яғни Л.С.Выготский, Н.Л.Коломинский, В.Н.Мясищев, Б.И.Пинский, С.Я.Рубинштейн, К.С.Лебединская, Г.В.Грибанова пікірлері бойынша мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының дамуы қалыпты жағдайдағы жасөспірімдердің тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келеді. Сондықтан, мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды дұрыс тәрбиелеу жүмысы, арнайы мекемелерде жүргізіліп отырған жағдайда, ол қоршаған ортасына барабар түрде қарым-қатынас жасауға, өз бетінше жұмыс жасап, өмір сүруі әбден мүмкін.

Алайда, бұл балалардың тұлғасын дұрыс бағытта қалыптастыру және тәрбиелеу өте қиынға соғады, өйткені олардың дамуы екінші рет шиеленіскен себептермен байланысты мидың органикалық зақымдалу жағдайында жүріп жатады. Мінез-құлықтарында ауытқылары бар жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу үшін мұғалімдер мен тәрбиешілер олардың тұлғасының қалыптасуына қиындық туғызатын ерекшеліктері жөнінде хабардар болуы тиіс.

Осы тұрғыдағы жасөспірімдердің бір қатар ерекшеліктері, олардың жоғары жүйке әрекетінің зақымдануымен, таным іс-әрекеттерінің, эмоционалды еріктік сфералары және т.б. қасиеттерінің толық жетілмегенімен ескеріледі. Бұл ерекшеліктер, өз кезегінде салғырттық, әлсіздік, енжарлық және жұмысқа қабілеттілігін төмендеуін қамтамасыз етеді.

Кейбір мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінезі тұйық, ешқандай адамдармен араласпау қасиеттері де байқалады. Бұның бәрі олардың тұлғалық құрылымына өзіндік із қалдырып отыруы сөзсіз. Алайда, мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық құрылымдарының негізгі компонентері қалыпты жағдайдағы жеткіншектердікіндей болып келеуін әрқашанда ескеруіміз керек[16.40].

Белгілі психолог, ғалым С.Л.Рубинштейн өз еңбегінде, мінез-құлықтан, қоршаған ортамен ағзаның байланысын жүзеге асыратын ұйымдастырылған іс-әрекетті белгілі түрде айыруға болады, - деп өз пікірін айтқан.

Дегенімен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жасөспірім үшін маңызды болып іс-әрекеттің негізгі түрлері саналады. Жасөспірімнің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі іс-әрекетпен ғана тамдамағанымен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.

Жасөспірімдік жас кезеңіне тән ерекшеліктерді және олардың айналысатын түрлі іс-әрекеттерінің ықпалын зерттеу нәтижесі, көптеген ғалымдардың пікірін, яғни мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының қалыптасуында негізгі орынды еңбек іс-әрекеті алады, - деген қорытынды жасауға түйіндейді. Бірақ балалармен тұлғалық дамуы еңбек іс-әрекетінің бөлек түрлері арқылы іске аспай, сол іс-әрекеттерді белгілі бірлік жүйесіне байланысуын ұйымдастыру жолмен ғана жүзеге асып отырады. Мұндай ұйымдастыру жүйесі, жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына еңбектің нәтижелі психологиялық ықпалымен қамтитын, белгілі мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың жұмыс моделін құрастыруға мүмкіндік береді. [17.89].

Жасөспірімдік жас, қауіп-қатерлі топқа енетін кезең болып саналады. Белгілі кеңес психологтары мен педагогтарының, яғни Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, Л.В.Мудрик, В.А.Сухомлинский, В.Т.Властовский, И.С.Кон, И.А.Невскийдің еңбектерінде жеткіншек кезеңінің ерекшеліктері баяндалған.

Жасөспірімдік кезең, баланың психикалық сферасының барлық жағын өзгертетін кезең. Ерекше өзгерістер интеллектуалдық әрекетінің дамуында болып жатады. Жасөспірімдік кезеңге әсіресе, танымдылыққа ұмтылу, өз пікірінің қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тән болып келеді [18.14]. Сонымен қатар, жасөспірімдік жаста өзіндік дамуына байланысты дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады.

Бұл өзгерістер жасөспірімдердің бойына әртүрлі әрекеттердің пайда болуына әкеліп соғады, яғни оларда шыдамсыздық, дөрекілік, жиі кездеседі. Өзіндік сана-сезімі мен өзін -өзі бағалауы белсенді түрде қалыптасып, өз тұлғалық қасиеттеріне қоршаған адамдардың бағалауына қызығушылық пайда болады [19.37]. Қызығуында маңызды өзгерістер байқалады және рухани қажеттіліктері дамып, құндылы бағыт иерархиясы, өзіндік дүниетанымы, қоғамға, өзге адамдарға, өзіне көзқарасы қалыптаса бастайды.

Жасөспірімдік кезеңнің ерекше зейінді аудартатын, бұл әлеуметтік-психологиялық және биологиялық жағдайы, балалалық шақтан ересектік кезеңге өтуі. Осыған байланысты, психикалық ерекшеліктердің өзгеруі және басқа қасиеттердің пайда болуы бір қатар психологиялық қиындықтарды тудырады [20.36].

К.К. Платонов "мінез-құлық" терминіне кең танылған тарихи жинақталған мағынаны бекітуін ұсынған, яғни мінез-құлық - бұл оның субъекивті құрамдарын ескермей-ақ, іс-әрекеттің сыртқы көрінісі болып табылады, деп белгілейді.[21. 212]

Л.И. Божович, В.А. Крутецкий, Т.В. Драгуновтің зерттеулерінде, жалпыға бірдей мектеп оқушыларының көбісінде, өз жасына сай адамгершіліктік-өнегелі ұғымдар дұрыс талқылауы көрсетіле отырып, барлық жастағы оқушыларда мінез-құлықтың адамгершіліктік нормалары жөнінде білімі дұрыс бола бермейтіні де анықталған. Мұндай бұрмалы білімнің себебі: тәрбие үрдісінің дұрыс басқармағанында, дұрыс түсінбеген фактілерге зейінді көбірек бөлгендікте, ересектердің өз беттерінше талдауға талаптануында, - деп түсіндіріледі.

Л.И.Рувинский өз зерттеулерінде мінез-құлықтың адамгершіліктік бағалау қызметі мен психологиялық механизмдердін, білімдер және қасірет аралық байланыс орнату шарт ретінде қарастырған. Нәтижесінде автор, адамгершіліктік-өнегеліктің құнды саналы-эмоционалды меңгеру концепциясын ұсынды [22.39].

Кеңес психологы А.Н.Леонтьев, мінез-құлықтың мотивін теориялық тұрғыда түсінуіне көп үлесін қосып, осы мәселеге бағытталған бір қатар зерттеулерді, кең тұрғыда жүргізген.

А.Н.Леонтьев, мотивті өзекті қажеттілікке жауап беретін, яғни оны қанағаттандыру шарасы ретінде көріне отырып, мінез-құлықты белгілі жүйемен ұйымдастыратын зат деп, - анықтады. Бақыланған мінез-құлықтың бір қажеттілік мотивациясында әртүрлі заттар орындалуы мүмкін.

А.Н. Леонтьев, зерттеу жүргізу барысында, қажеттілік өз бетінше мінез-құлықтың мотиві бола алмайтынын көрсетті, өйткені мұқтаждық күй ретінде ол ағзаның тек бағытталмаған белсенділігін ғана тудыруға және мұқтаждықтан пайда болған күштің толық жойылуына дейін, оны белгілі деңгейде қүшейтіп немесе әлсіретіп тұруға қабілетті болады.

А.Н.Леонтьев, толық мотив үшін, яғни мінез-құлықты белгілі бір жүйеге бағыттау үшін, кемінде екі мотивациялық факторлар қажет деген шешімге келді: ол қажеттілік және мотив. Сонымен "мотив" дегеніміз - іс-әрекеттке, белгілі бір қылықтырға итермелеуші күш.

Бұл баланың қажеттіліктері, қызығушылықтары, құмарлықтары және эмоциялары болуы мүмкін. А.Н.Леонтьев қажеттілік пен мотив арасындағы айырмашылықты, тек мінез-құлық мотивациясындағы үрдіс ретіндегі әртүрлі рөлінде ғана емес, басқада деп ұйғарды.

Қандай да болмасын қажеттіліктің, қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі субъективті түрғыда ғана көрінеді, демек санасыз түрде эмоцияда ғана көрініс береді. Ал мотив адам санасында мінез-құлық бағытталған объект немесе мақсат ретінде көрінеді. Қандай болмасын мінез-құлықты бағалау, оны бір нормалармен, ережелермен салыстыруды ұйғарды [23.123].

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мінез-құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар, қасиеттерінің қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жүмыстарды және шараларды ұйымдастыруға болады.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлық бағытарына - мотивтер, қажеттіліктер, қызығу жүйелері кіреді [24.95]. Осыған байланысты айтып кететін жәйт, ақыл-ойларының жеткілікті дамымауымен себебінен, олардың қажеттіліктері кедей және сана тұрғысында реттеуі әлсіз болып келеді. Бұл жәйт, оның қарапайым органикалық қажеттіліктерінің (тамақ ішу, ұйықтау т.б.) үстем болуында нақты көрініп отырады.

Жоғары мәдени қажеттіліктерінің жетілмегендігі, осы тұрғыдағы жасөспірімдердің қызығуы мен мотив сферасының ерекше болуын түсіндіреді. Бас миының органикалық зақымдануы, оның компенсаторлық (орын толтыру) мүмкіндіктерін төмендетіп, жалпы даму және қабілеттіліктерінің даму мүмкіндіктерін де шектеп отырады. Балалардың бұл дәрежесі, өзін-өзі реттеу жүйесі деп аталатын, тұлғалық қасиеттің де өзіндік ерекшелігі болады [25.174].

Бұл жүйе ой және тәжірибелік іс-әрекетін орындау үрдісінде өзін-өзі бақылай білу мүмкіндігімен қамтуға тиісті. Жоғары өзін-өзі реттеу "Мен" деп белгіленетін арнайы жүйе арқылы жүзеге асып отырады.

Тәрбие мен өмір жағдайына байланысты "Мен" , қасиеті анықталып өз күші мен шарасын реттеудегі мүмкіндігі байқалады. Тұлға өзін-өзі реттеу жүйесі ретінде процестерді тежелуін (қылықтар, әрекеттер); психикалық іс-әрекеттерді аударуын, белсенділігін күшейтіп немесе төмендетуін жүзеге асырады.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға тән ойлау іс-әрекетінің реттеуші қызметінің әлсіздігі, жиі жағдайда өзінің және өзгелердің әрекеттері мен қылықтарына сын көзбен қарай алмауын қамтамасыз етеді. Сана сезім деңгейінің төмендігі көп жағдайда, олардың әрекетті орындар алдында емес, орындалғаннан кейін ойлануға алып келеді.

Бұл әрине, қате әрекеттерге, алдындағы орындалатын әрекетті жоспарлай білмеуіне алып келеді. Бұл тұрғыдағы жасөспірімдер әдетте, өз мүмкіндіктерін, бейімділіктерін, өз әрекеттерінің нәтижелерін сын көзбен бағалай алмайды. Бұның себебі ең алдымен бас миының органикалық зақымдануынан болады.

Тұлға жүйелерінің бірі мінез. Бұл күрделі құрылым, мұнда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы біртұтас көрініс беріп, тұлғаның мінез-құлық стилі болады. Адам мінезінде, оның ерік-жігері, қызығуы, эмоционалдық қасиеттері көрініс береді. Бас ми қыртысы әрекетінің әлсіздігінің, эмоционалды-ерік сфералары, қызығуы, наным-сенімдерінің дамымағанына байланысты ақыл-ойы кем жеткіншектердің мінездері тұлғаның басқа жүйелі компоненттері сияқты өзіндік өзгешелікпен ерекшелінеді.

Мінез қарым-қатынас жүйесінде көрініп қалыптасып отырады. Адам ақиқатты танып қана қоймай, сол ақиқат дүниеге деген өзінің көзқарасы, оны қабылдау ерекшелігі де болады. Адамның тұлғасы әртүрлі қарым-қатынастың яғни жақындары, жора-жолдастары, ұжым, қоғам, өзінің және өзгелердің әрекеттерінің назарында болады [26.16].

Алғашқы рет кеңес олигофренопсихологиясында М.С. Певзнер және В.И. Лубовский (1963) клиникалық, педагогикалық және физиологиялық көзқарастарды үйлестіре отырып, ақыл-ойы кем балалардың мектепке баруынан бастап, еңбек іс-әрекетінің басталуына дейінгі тұлғаның эмоционалды-еріктік сфералары мен таным іс-әрекетінің дамуына байланысты ұзақ уақыттық зерттеулер жүргізген. Зерттеу нәтижесінде, олигофрендердің күрделенбеген топтарының көпшілігінде эмоционалды-еріктік сфералары және жалпы тұлғаларының дамуы алға басатыны көрсетілген.

Қозуы басым тұрғыдағы олигофрендердің коррекциялық жүмыстары мен дәрігерлік шараларының нәтижесінде эмоционалды-еріктік сфераларының дамуында қолайлы өзгерістер байқалады, алайда экперименттің барысында " олардың мінез - құлықтары психопат тәрізді болып сипатталғаны бейнеленген. Ал тежелу тұрғысындағы балалардың алға басуы, күрделенбеген топтардағы балаларға қарағанда баяу жүріп, қозулары басым тұрғыдағыларға қарағанда айтарлықтай дамулары байқалғаны дәріптелген [27.159].

Р.С. Муравьева (1980ж.) өз зерттеулерінде, мотивацияның нәтижелігі іс-әрекеттің түріне, қалыптасу деңгейіне, сол іс-әрекет' дағдысына және оның бала үшін маңыздылығына байланысты, деп көрсетеді. Олигофрен балалардың мотивациялық деңгейінде, олардың мінез-құлықтарының жас және типологиялық ерекшеліктері бейнеленеді. Жасы өсе типологиялық ерекшеліктерінің мотивацияға әсері әлсіреп, мотивтің мағыналы қызметі маңызды орынға ие болады.

Коррекциялық - тәрбие жұмысының нәтижесінде әлеуметтік мотивация кеңінен қалыптасады, ал оның қалыптасуына үлкен ықпалын ұжымдағы құрбылары тигізеді. Ж.И. Намазбаеваның (1986) зерттеулерінде, көмекші мектептің тіпті бастауш сынып оқушыларында, ұжымдық еңбек арқылы іс-әрекеттің қоғамды-құнды мотивтерін қалыптастыру мүмкін екендігі көрсетілген.

Жасөспірімдердің эмоционалды - еріктік сферасының дамымауы, олардың тұлғалысы мен мінез-құлық жетілмеуінің маңызды көрсеткіші ретінде Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Г. И., Сухарева, Ж. И. Намазбаева өз зерттеулерінде айқын тұрғыда көрсеткен. Зерттеушілер, эмоцияның жетілмегендігін, уайымдардың түрлері біркелкі, тар болуын, тек тікелей тітіркендіргіш қана маңызды болатындығын және эмоционалдық тұтқырлықтың байқыланғыны жайлы белгіледі. Құмартуын баса алмаушылық, бұл тұрғыдағы балалар мен жеткіншектерде жиі мінез-құлық корреакциясының үстемділігіне бейімді болуынан көрініп отырады (мысалы, қатты ашулануы, басымқорлық) [28.85].

Сонымен қатар, ақыл-ойы кем оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу барысында, сөйлеу тілдерінде эмоционалдық күйлерінің әр түрлі реңктерін түсіну мен белгілеу динамикасы көрініп отырады. Ақыл-ойы кем оқушылардың барлығында да "жағымды эмоциялардың" едәуір сақталғаны анықталған. Көмекші мектептің жоғары сынып оқушыларының көпшілігі, яғни 80% әртүрлі ақыл-ой сезімдерді атай алады.

Ж.И.Намазбаева (1986), көмекші мектеп оқушылары әртүрлі эмоциялардың нәзіктігін жігін түсініп айыра білетіндігін анықтаған. Ойлау мен тілдің дамуы, өмір тәжірибесінің кеңеюі, түрлі сезімдерді әртүрлі сөздермен белгілей алуға алып келіп, сол сезімдерге түлғалық және мінез-құлық қатынасын көрсете алып, олардың себебі мен нәтижесін түсіндіруге, көмекші мектептің жоғары сынып, оқушыларының мүмкіндіктері болатыны анықталған [29.122].

Л.С. Выготский ақыл-ойы кем балалардың еріктің ауытқығанын - "өз мінез-құлықтарын меңгерудің кемістігі" - деп анықтаган. Л.И. Лаужикас (1967) өз зерттеулерінде, олигофрен балаларыдың әр түрлі типті топтарында еріктік және мінез-құлық ерекшеліктері түрлі болатындығын көрсетеді. Мысалы, байсалды балалар келесі реттегі ерік қасиеттерімен сипатталады: мақсатқа ұмытылушылық, табандылық, төзімшілдік, ұстамдылық.

Қозуы шапшан балалар, нұсқауларды жете түсінбей, зерттеушінің тапсырмасын орындауға кірісе береді. Тежелген балалар үшін: тапсырмаға немқұрайлы қараушылық, ықыласының болмауы, белсенділігінің болмауы тән; бұл балалар қиындықпен ұштасқанда табандылықты көрсетпейді [30.28].

И.П. Лаужикас мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушыларды ерік және мінез-құлық қасиетіне қарай келесі үш топқа бөледі:


  1. топ - белсенді, ұтымды балалар;

  2. топ - белсенді, ұтымсыз, қозуы басым тұрғыдағы балалар;

  3. топ - енжар, ұстамсыз, тежелген балалар.

М.Г.Царцидзе зерттеу барысында, еріктің жоғары даму кезеңдерін' анықтаған: 1) 10-11 жаста, 2) 13-14 жаста, 3) 15-16 жаста. Көмекші мектеп оқушыларының, жасөспірімдік жас кезеңнің 54,4% оқушыларында тұлғасының еріктік қасиеттері көрініс береді.

Сонымен, жоғарыда айтып өткен ғалым-дефектологтардың зерттеулері, мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлық құрылымдарының дамуындағы ерекшеліктерді ашып көрсетті.

Дегенмен, олардың тұлғалық және мінез-құлықтарының жетілмеуіне қарамастан, зерттеушілер жалпыға бірдей және көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық даму заңдылығының бірлігін көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдердің әлеуметтік жетілген тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жұмысының мүмкіндіктері мен болашағын анықталған.

Жасөспірімдердің қалыптан ауытқыған мінез-құлқы ауытқушылығы бар балалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық құрылымын екі психологиялық түрге бөлуге болады:

1.Невротикалық түрдегі психикалық декомпенсация;

2.Психопат тәрізді типінің психикалық декомпенсациясы;

Сонымен, ақыл-ойы кем жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқуының қалыптасу заңдылықтары, жалпыға бердей мектептердегі және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептердегі "тәрбиесі қиын" жеткіншектегілердей болып келеді [31.23]. Психологиялык және клиникалық сипаты, ақыл-ой кемдігінен жанамаланған тұрақтылықпен ерекшеленеді. Жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуы жоғарыда келтірілген биологиялық немесе әлеуметтік факторлардың бірімен ғана емес, нақты түрлерінің әрқайсысына тиесілі кешенімен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет