2.3 Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері
Мемлекеттік қоғамның дамуындағы болып жатқан өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарға деген жеткіншектердің реакциясы ерекше әлеуметтік феномен – мінез-құлқындағы ауытқулар – ретінде көрінеді, бұл қоғам үшін қосымша мәселелердің кешенін қалыптастырады. Осыған орай жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқуларды сипаттайтын дағдарысты құбылыстар жайлы мәліметтер келтіріліп, осы мәселелерді әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан шешудің қажеттілігі көрсетілген.
Мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар жасөспірімдерді кешендік ақтау жүйесінің басты бағыттары:
-
Әлеуметтік-құқықтық жұмыс;
-
РЦ психологиялық қызметі;
-
Әлеуметгік-педагогикалық қолдау;
-
Психологиялық-педагогикалық жұмыс;
-
Профилактикалық емдеу және сауықтыру жұмысы;
-
Әлеуметтік тұрмысқа және кәсіби еңбекке бейімдеу.
Жас ерекшелік, коррекциялық, педагогикалық психологияның жаңа жетістіктерін енгізуші психологиялық қызмет орталықтың жұмысы барысында жетекші рөлді атқарады [60.45]. Психологтардың құзыры тәрбиеленушілердің дамуындағы сапалық өзгерістерді уақытында тіркеп, олардың жекелеген ерекшеліктерін зерттеуге және әлеуметтік педагогтарға, мұғалімдер мен тәрбиешілерге тәрбиелік-коррекциялық жұмыстардың амалдары мен әдістерін тиімді пайдалануға көмектеседі.
Әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мақсаты — әлеуметтік асыраудағыларды емес, өмір қиыншылықтарын өздері жеңе алатын, белсенді қайырымдылық әлеуметтік адамдарды тәрбиелеу. Жұмыс қарым-қатынас жасау амалдарын, мәдениетті, мінез-құлықты, әдепті, өзара түсінушілікті қалыптастыруға бағытталады.
Сондай-ақ әлеуметтік көмек қызметі жайлы ақпараттан тұратын әлеуметтік мәселелер бойынша тәрбиеленушілер хабар етіледі. Басты міндет — әлеуметтік қатынастар мен тәжірибелерді кеңейту арқылы жасөспірімдерді әлеуметтендіру. Әлеуметтік-тұрмыстық сауалдар бойынша кеңестер ұймдастырылып, тұрмыстық дағдарыс жағдайларындағыларға көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік педагогтың қызметінің міндетін, мазмұны бойынша, жасөспірімнің қоғамға енуіне көмек көрсету ретінде, оның дамуына, тәрбиесіне, біліміне, кәсіби қалыптасуына көмек ретінде анықтауға болады. БҰҰ Конвенциясы жариялаған, баланың өмір сүруге, денсаулыққа және дамуға құқықтарын қорғау, ресми құрылымдармен әрекеттесе оны кез-келген дискринимация түрінен сақтау орталықтағы әлеуметтік педагогтың қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
РЦ жұмыс бағдарларының бірі болып әлеуметтік құны жоқ дәстүрлермен таласа алатын әлеуметтік құнды дәстүрлерді қалыптастыру табылады. «Ортаға жасалатын терапиясы» жүзеге асырылады: әлеуметтік педагогиканың құлдырауына тосқауыл жасау, тәрбие берудің қолайсыз әдістері мен әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалдарын, сәйкес емес физикалық, интеллектуалдық және эмоционалдық жүктемелерді коррекциялау. Сондай-ақ, «ортаның жасайтын терапиясы»: ұжымда қайырымдылық атмосферасын жасау, өзара түсінушілікті, өзін-өзі айқын көрсетуді, тұлғаның қоғамда интеграциялануын жеңілдететін өз шығармашылығын өнімді жүзеге асыруды қалыптастыру.
Психологиялық-педагогикалық жұмыс үйретудің коррекциялық концепциясына негізделе ұйымдастырылады. Орталық кәмелеттік жасқа толмаған балалардың негізгі жалпы білімді алуын қамтамасыз ете отырып, олдарды үйретуді ұйымдастырады.
Девианттік мінез-құлқы бар баладардың әлеуметтік-педагогикалық ақталуы барысында еңбекке үйретудің маңызы аса зор. РЦ-да кәсіпке дейінгі және бастапқы кәсіби дайындықтан өтуге арналған арнайы жабдықталған оқу-өндірістік орындары жұмыс атқарулары қажет.
Психологиялық-педагогикалық жұмыстар оқушылардың біліміндегі ақауларды жоюға және оларда жалпы білімнің негізін қалыптастыруға бағытталады. РЦ-да диагностикалық сыныптар, дамуды коррекциялауды үйрететін сыныптар (ПДТ бар балаларға арналған), ақыл-ойы жетілмеген оқушыларға арналған сыныптар ұйымдастырылған [61.75].
Бірінші деңгейдегі (3-4 сыныптар) оқушылар оқуды, жазуды, санауды, теориялық ойлаудың элементтерін меңгеруі қажет.
Ал 2-ші деңгейдегі (5-9 сыныптар) оқушылар аяқталған орта білімді алып шығуға қажетті жалпы білімнің негізін меңгеруі керек. Жұмыс білім-тәрбие беруді жіктеу принципі бойынша, жасөспірімдердің психикалық, тұлғалық және мәдени дамуының ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады. Оқушылардың ұдайы дамушы мәдни-білім ортасын қалыптастыру, педагогикалық үрдісті жүзеге асыру болып табылады.
Профилактикалық-емдеу және сауықтыру жұмысы нашақорлықтың, ішімділіктің алдын алатын превентивтік шаралардың жалауының қажеттілігінен туындайды. Бұл бағдарламалар жүйелік сипатта болуы керек.
Орталықтағы психиатр-дәрігер, психоневролог, терапевт ұдайы қабылдап, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып отырады. Сауықтыру жұмыстары денешынықтыру сабақтары, спорт секциялары мен сауықтыру топтары арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік турмысқа және кәсіби еңбекке бейімдеу кәсіптік, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлар бойынша кәсіби дайындық топтарында, теплицаларда, жазғы еңбек лагерьлерінде еңбек ету арқылы жүзеге асырылады. Жасөспірімдерді кешенді ақтау жүйесіндегі психологиялық қызметтің орны ерекше.
Психологиялық қызметтің мақсаты: әрбір жасөспірімнің сенімді психологиялық қорғанысын, әрбір тәрбиеленушінің өз мінез-құлқын өзгертуге тиісті екенін мойындауға, жағымсыз тұлғалық қасиеттері мен тұлғаарлық қатынастардағы кемшіліктерін түзетуге ұмтылысын қалыптастыру [62.128].
Психологиялық қызмет төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
-
тұлғаны кешенді диагностикадан өткізу; балалардың неғұрлым
нышандық проблемаларын және олардың тәрбиеленушілердің
дамуы динамикасындағы көрініс түрлерін (депрессиялық күйді,
агрессивтілікті, алаңдаушылықты және т.б.) зерттеу;
-
психопрофилактика;
-
оқушыларға «Сенім қызметі» арқылы кеңестік көмек көрсету;
-
дағдарыс жағдайларындағы, психологиялық күйлердегі мұғалімдер мен тәрбиешілерге психологиялық көмек беру;
-
педагогтарға арналған семинарлар мен жаттығулар өткізу;
Психопрофилактика жасөспірімнің дамуындағы болатын сәтсіздіктердің алдын алуға, бұл дамуға неғұрлым қолайлы жағдайларды жасауға, балалық шағының барлық кезеңі бойында психикасының саулығын дамытуға, нығайтуға және сақтауға бағытталған әрекет түрі [63.24]. Б.С.Братус оны жоғары деңгейлері «тұлғалық» және «жеке-психологиялық» болып саналатын көп деңгейлі құрылым ретінде көрсетеді [64.110].
Психопрофилактика білім беру ортасын, дамып келе жатқан тұлғаның ішкі қайталанбас жан дүниесінің шынайы әлемнің өзге субъектілерімен өзара әрекеттестігінің, әрбір баланың қабілеттік мүмкшшіліктерін анықтауға бағытталатын, нақты жағдайларын ескере отырып жасалынады. Психопрофилактиканы ұйымдастырудың талаптары:
• білім беру ортасында тәрбиеленушілердің психологиялық саулығын нығайтуды және сақтауды қамтамасыз ететін барлық заңдылықтар мен өзара байланыстарды біртұтас көрінуі;
• бала дамуындағы жеке-психологиялық ерекшеліктердің салдарынан болатын қиыншылықтарды уақытында анықтап, алдын алу;
• баланың кезекті жас кезеңіне өтуіне байланысты болатын қиыншылықтарды уақытында анықтап, алдын алу;
-
мекемеде, қарым-қатынас жасау барысында және білім беру ортасының барлық субъектілерінің өзара қатынастары кезінде жасөспірімге қолайлы психологиялық тұрақты шағын жағдайды қалыптастыру;
-
әрбір жас кезеңіндегі баланың сәтті дамуын қамтамасыз ететін
психологиялық жағдайларды тиімді бақылау;
-
жүйкелік-психикалық күйді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу; психогимнастиканың, өзін-өзі реттеуші жаттығулардың көмегімен психоэмоционалдық күйден шығару;
-
тәрбиеленушінің осы білім беру кеңістігінен шыққан кезде болатын психологиялық қиыншылықтарды уақытында анықтап, алдын алу.
Психопрофилактикалық жұмыстар төмендегідей бағыттар бойынша жүргізіледі:
• жасөспірімнің дамуындағы болатын «дағдарыстардың» келеңсіз салдарының уақытында алдын алуды мақсат ететін дағдарыс алдындағы профилактика бағдарламасы;
• түлектердің кейінгі өмірінде болатын оқиғалардың (білім беру ортасының өзгеруі) келеңсіз салдарының уақытында алдын алуды
мақсат ететін шұғыл профилактика бағдарламасы;
• жекелеген тәрбиеленушілердің келеңсіз тұлғалық қасиеттері мен қылықтарының алдын алуға бағытталған жеке психопрофилактика бағдарламасы;
Психопрофилактика жүйесіне мыналар енеді:
Жасырын және айқын психологиялық проблемалардың себептері жайлы мәліметтерді жасауға негіз болатын, баланың даму ерекшеліктері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған диагностикалық коррекциялау жұмысы; дамытушы немесе коррекциялық-профилактикалық бағдарламаның нақтылы мазмұны мен амалдары таңдалып алынады;
1) кеңес беру — жағымсыз тенденцияларды жою және дамудың
психологиялық сәтті болуын қамтамасыз ету мақсатымен келеңсіз мінез-құлықтардың себептерін, белгілі бір жасөспірімнің немесе балалар тобының қиыншылықтарын бірігіп (тәрбиешілермен, мұғалімдермен) анықтап, талқылау;
2) ағарту — жасөспірімдердің дамуындағы, іс-әрекетті меңгеруіндегі,
қарым-қатынас жасауындағы нышанды қиыншылықтардың болуының алдын
алуға мүмкіндік беретін ақпараттарды уақытында таратуға бағытталады
Педагогтар мен жұмыс тұлғаны жалпы ынталандырушы және симтоматикалық диагностикадан өткізуден басталады.
Педагогикалық құлдырауды болдырмай және оның алдын алу жұмыстарына мұғалімнің психологиялық дайындығына мынау да енуі қажет: оқушылардың дамуы барысында пайда болатын ауытқулардың сипаты және оларды жою жолдары жайлы ғылыми-негізделген дұрыс көзқарастарды қалыптастыру.
Оқу-тәрбие жұмыстарының табысты болуы персоналдың тәрбиеленушілер тұлғасының жағымды қасиеттеріне сүйене білуімен анықталады.
Л
Көптеген мұғалімдер мен тәрбиешілер өз тәрбиеленушілерінің жеке-нышанды ерекшеліктерін білмей немесе оларды өз жұмысында ескермей, оқушылармен өзара қарым-қатынас жасай алмайтындығын білдіреді. Тәрбиеленушілердің педагогтардың тәрбиелік ықпалдарына объективті қарсы шығуы салдарынан маңызды қиыншылық пайда болады.
Қарым-қатынастың өктем, тұрпайы үлгі түрінде жасалуы балалардың ашық қарсылық көрсетуін тудырады. Тәрбиешілердің жиі ауысып тұруы, жүйкеге әсер ететін жағдайдың қалыптасуы, қолданылатын педагогикалық әдістердің немесе ықпалдардың келеңсіз салдарын көре білмеу психологиялық-педагогикалық шараларды жүргізу барысында қосымша қиыншылықтарға әкеледі.
Мұғаліммен қарым-қатынас жасау сипаты бір жағынан, баланың ересек адаммен қарым-қатынас жасауының алдыңғы тәжірибесімен, ал екінші жағынан - оқушының мұғалімге деген әр түрлі көзқарасының қалыптасуымен: жағымды - оқушы мұғаліммен қарым-қатынас жасау барысында, оған қайырымды қарап, оның тұлғасын мойындауымен және жағымсыз - оқушы өзін агрессивті, тұрпайы немесе тұйық ұстап, мұғалімнің тұлғасын мойындамауымен анықталады [65.39]. Тәрбиелеудің сәйкес емес әдістерін (бір қалыпты емес, қайшылықты, жеке ерекшеліктерді ескермейтін) және әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалдарын, шамадан тыс интеллектуалдық, физикалық жүктемелерді коррекциялау психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі болып табылады.
Ал жасөспірімдердің құрдастарымен қарым-қатынас жасауы оның осы уақытта «дұрыс ересек адаммен» қарым-қатынасы бар болса ғана мұның тиімді болатынын ескерген жөн. Дәл осы қарым-қатынас арқылы құрдастарының ортасында қалыптасқан құндылықтарды тексеріп, түсінуге болады. Бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасаған кезде ғана, нақтылы қоғам мен әлеуметтік ортаға тән өнегелі идеалдар мен құндылықтардың жүйесін біртұтас меңгереді.
Педагогикалық ұжымға психологиялық көмек көрсету мақсатымен семинарлар, жаттығулар ұйымдастырылады. Педагогтар мен психологиялық жұмыс, педагогикалық жағдайларды, айналасындағыларды және өздерін дұрыс бағалауды мақсат етіп, оларда рефлексивтік мінез-құлықты дамытуға бағытталған.
Өйткені үлкендердің түртпегінен шаршаған жасөспірімдер жасандылыққа төзбейтін педагогтардың қайырымды қатынасын көріп, қастарында өздерінің құндылықтарымен толық келіспесе де, оларды бірге біртіндеп іштей өзгеруге тырысатын, түсінетін және мойындайтын адамдардың бар екенін біле бастайды. Педагогтардың тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өздерін дамыту, оларда гуманистикалық бағыттарды қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс өнімділігін қамтамасыз ететін шаралардың бірі болып барлық мамандардың жұмыс барысындағы ауызбіршілігі саналады. Осы мақсатта барлық мамандардың тұрақты әрі жүйелі түрде бірлесіп еңбек етуін қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдас-тырылады. Консилиумды ұйымдастыру және өткізу барысында психолог сәйкес кәсіби амалдарыды пайдаланады: іскерлік ойынын, жағдайлар үлгісін жасау, топтық кәсіби рефлесияны және т.б.
Мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдер әлеуметтік дамуының ауытқуларымен қатар, оқу үлгерімінің нашар болуы, танымдық қызығушылықтардың болмауы, оқуға үстірт қарау тән болады. Олар үшін оқу өмірлік маңызға ие болмағандықтан, оларға педагогикалық ықпал жасау, көптеген кезде, қажетті нәтижелерге әкелмейді. Мұғалім жұмыс барысында оларды білімді меңгерудің рационалдық тәсілдеріне - оқылатын материалды логикалық өңдеуге, басты ойды анықтауға, салыстыру, талдау, қорытындылау операцияларына, өзіндік тұжырымдар жасауға, ой операцияларын тасымалдауды жүзеге асыруға — үйретуі керек [66.43].
Алайда, алдымен танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру қажет. Мінез - құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдер оқуға дүрыс қатынасын қалыптастырудың кезеңдері:
1.Білім алуға деген құштарлықты, танымдық қызығушылықтарды
қалыптастыру;
2.Оқу еңбегінің қиыншылықтарына тойтарыс беруді үйрету;
3.Рационалды оқу еңбегінің іскерліктерін меңгерту;
4.Оқу еңбегіне деген дұрыс қатынасты қалыптастыру.
Сонымен, мінез-құлықтың бұзылуының жүйелік сипаты РЦТП
тәрбиеленушілерін ақтаудың кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуын
меңзейді.
Жас адамдардың ауытқушылықтың мінез-құлықтарының мағынасына қатысты әр түрлі ғалымдардың көзқарастарына талдау жасай отырып, біз мұндай мінез -құлықты қоғамдағы, әлеуметтік ортадағы, жан-жағындағы, топтағы әлеуметтік - рухани нормалара мен құндылықтардағы ауытқулар, осы нормалар мен құндылықтарды қалыптастыру мен меңгерудегі, сондай-ақ адамның осы қоғамдағы өзіндік белсенділігі мен өзін - өзі көрсетуіндегі ақаулар түсінеміз[70.24].
Девияция басты көрсеткіші болып қоғамда қабылданған әлеуметтік-рухани нормалардың күйзеуі болып саналады. Әлеуметтік-рухани норма дегеніміз адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе ұйымдардың нақтылы қоғамға қатысты тарихи қалыптасқан мінез-құлқындағы мүмкіншіліктерінің өлшемі, шектеуі болып табылады. Бір формалар күйзеліп және екінші біреулері толықтай қалыптаспаған қазіргі қайта құру жағдайындағы қоғамда нормаларды түсіндіру, қалыптастыру және оларды қолдану өте күрделі жұмыс.
Мүмкіншіліктер шектеуінің белгісіздігі, көрсеткіштердің көп болуы, қандайда бір мінез-құлық түрлеріне қатысты айқын жауапкершілік шараларының жоқтығы «ауытқушылықтың» ұлғаюына, оның шектеусіз болуына себеп болады.
Девианттық мінез-құлықтар түрлерін зерттеу жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлықтарының көп болатыны жайлы айтуға мүмкіндік береді, әр түрін сипаттаған кезде бірдей сипаттамаларды кездестіруге болады, жасөспірім мінез-құлқында әр түрлі ауытқулар үйлесімділігін жиі байқауға болады. Сонымен, мінез-құлықтағы белгілі бір ауытқулардың бірнеше түрге айқын да бірегей бөлінуі айтарлықтай қиыншылық тудырады.
Анықталған заңдылықтар алдын алу үрдісін ұйымдастырудың төмендегідей ұстанымдарын қалыптастыруға негіз болды: алдын алу жұмысын жеке адамға арнап ұйымдастыру; әлеуметтік тұрғыдан таңдау жасау; баланың топ ішінде өзін белсендіруі, өзін-өзі дұрыс бағалауы; рефлексивтік ұстаным; үрдіс барысындағы тәрбиелік әр түрлі институттардың ұштасуы; оқушылардың девианттық мінез-құлқының алдын алу шараларының белгілі бір девианттық ауытқу түрлерінің алдын алу шараларымен үйлесімділігі; алдын алу шараларының ықпалын жанастыру.
Алдын алу шараларының бағдарламалары мәселелердің екі түрлі тобын қарастырады: жас адамдардағы рефлексивтік ұстанымдарды қалыптастыруға қатысты жалпы мәселелер және жастар арасындағы девианттық мінез-құлықтың белгілі бір кезеңдегі кездесетін түрлерінің алдын алу шараларының арнайы түрін.
Алдыға қойылған мәселерді шешу үшін мынадай әдістемелер кешенін пайдаландық: ертегі терапиясын, әлеуметтік драманы, әлеуметтік бағыттағы ойындарды, әлеуметтік-психологиялық тренингті.
Ертегі терапиясын әлем мен ондағы қатынастар жайлы білімге талдау жасау мен оның мағынасын іздестіру үрдісі ретінде, шынайы өмір мен ертегідегі оқиғалар арасындағы байланысты қалыптастыру үрдісі ретінде, оқушылардың ертегідегі мазмұнды шындыққа көшіру үрдісі ретінде қолдандық.
Психодраманы жоғары сынып оқушыларының өзіндік ішкі әлеміндегі өзгерістерді түсінуіне пайдаландық. Бұл жерде драмалық қойылымдар құралы көмектесті.
Психодрамалық әдістер «қазір және осында» әрекеттік жүйесіндегі уақыт-кеңістігіндегі құрылымды құрастыруға мүмкіндік берді. Оқушылар бұл жүйеге өткенді, бүгінгі мен келешектегіні енгізу арқылы, өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйене отырып, өткен мен келешектегіге тікелей араласа алатын болды. Осының салдарынан олардың жағдайды қабылдауы өзгеріп, мінез-құлықтары жағдайға сай болып қалыптаса бастады.
Әлеуметтік бағыттағы ойындар жасөспірімдердің шынайы да, шындыққа үйлесіңкіремейтін өмірдегі рөлдерді басынан кешулеріне мүмкіндік берді, әр түрлі рөлдік ұстанымдар тұрғысынан өзіндік мінез-құлықтарының стратегиясын құра бастады. Рөлдік ойындарға қатынасушылар тұрақты әрі үйлесімді мінез-құлық түрлеріне бейімделіп, өздерінің рөлдік репертуарларын кеңейтті.
Әрбір ойын кәдімгі қойылымға ұқсас болды, қатынасушылардың жағдайға қатысты өзіндік таңдауын жасауға және мақсатына жетуіне мүмкіндік берді.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістемесі топтағы психологиялық жұмыстың өзекті әдістерін қолдануға бағытталады. Тренинг тұлғаны дамытуға, пайдалы іскерлікті қалыптастыруға, тұлғааралық қатынастардағы біліктілікті меңгеруге жол ашады. Тренингтің айтарлықтай нәтижесі ретінде оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін түсінуін, алдын алу жұмыстарына олардың тұрақты араласуын, өзіндік әрекеттері мен басқа адамдардың әрекеттерін дұрыс бағалай білуін айтуға болады.
Зерттеу барысында әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жәрдемнің төмендегідей бөліктері анықталды: диагностикалық көмек (баланың мінез-құлқындағы ауытқулардың себебін анықтау, оған ықпал етудің қолайлы психологиялық-педагогикалық амалдарын таңдау, мәселелерді шешуге қажетті жағымды психологиялық жағдайларды қалыптастыру); кеңес беру (жоғары сынып оқушыларына кеңес беру шараларын ұйымдастыру); тәжірибелік (көмекті қажет ететін оқушыларға арналған белгілі бір шараларды таңдау және жүзеге асыру); болжау арқылы жәрдем беру (қауіпті ықпалдарды жою мүмкіншіліктерін анықтау және оқушының экзисталдық саласын дамыту).
Қорытынды зерттеулер жоғары сынып оқушылары тұлғасында пайда болған өзгерістерге сүйене отырып жүзеге асырылып жатқан бағдарламалдың тиімділігі жайлы ақпарат алуды мақсат етеді. Бағалаудың субъективтік көрсеткіші ретінде мыналарды таңдадық:
1) жағдайға байланысты алаңдаушылық дәрежесі;
2) агрессия деңгейі;
3) тұлғаның жалпы психикалық күйі.
Мінез-құлықтағы ауытқулардың себептеріне мұндай әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың жіктелуі анықтама береді; түзету жұмыстарында олардың екеуі - себепртері мен сипатына қатысты болатын ауытқулар – маңызды орын алады. Себептері бойынша девианттық мінез-құлқы бар жасөспірімдердің екі тобы қарастырылады:
1) педагогикалық тұрғыдан азғындаған (тәрбиесі мен оқуы қиындық тудыратын);
2) әлеуметтік тұрғыдан азғындаған (отбасыда кері бағытта әлеуметтенуі, әлеуметтік жағымсыз ықпалдардың орын алуы);
3) психикалық дамуындағы патологиялық емес ауытқулардың болуы (эмоцияларының дұрыс еместігі, біржақты ақыл-ой, ерік-жігері дамуының нашарлығы);
4) психикалық және физикалық ахуалындағы ауытқулар.
Сипаты бойынша ауытқулар мынадай болып бөлінеді:
1.Аса белсенді және тым енжар;
2. Үлгерімі нашар және тәртібі нашар;
3. Зиянды машықтануы (шылым шегу, ішімділік, нашақорлық):
4. Зиянды бейімділігі (қырыстық, даушыл, агрессия) бар;
5. Заң бұзушылар.
Біз төмендегідей терминдерді қолдандық. Ауытқуы бар мінез-құлық– қоғамдағы құқықтық немесе адамгершілік нормаларына қайшы қылықтардың жүйесі. Әлеуметтіктен тысқары мінез - құлық - адамдардың бірлесіп өмір сүруі нормаларын, әлеуметтік міндеттерін, мінез-құлық ережелерін бұзушы, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын ауытқулы мінез-құлық түрлері.
Әлеуметтікке қайшы мінез-құлық - қоғамдағы құндылықтарға антагонистік тұрғыдан қарсы болатын мінез-құлық. Деликвентті мінез-құлық -заңда қарастырылатын қылмыстарға теңелетін мінез-құлық.
Сыртқы ортадағы ықпалдардың салдарынан пайда болатын мінез-құлықтағы ауытқулар үрдісіне талдау жасаған зерттеушілер оның ішкі қозғаушы күштеріне, әлеуметтік құндылықтарға бейімделу субъектісі (А.В.Петровский, А.Маслоу) ретіндегі, өзіндік бағалау (М.С.Неймарк, А.И.Липкина), өзіндік рухын реттеу (В.С.Мухина), өзіндік сананың (И.С.Кон) субъетісі ретінде қарастырылатын тұлға белсенділігіне баса назар аударды. Бұл зерттеулердегі тұлға Мен-концепциясы - адамның өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруына себепші болатын өзі жайлы көзқарастарының жүйесі - сияқты субъетивті тұрғыда болады.
Мен-концепсиясы мен онымен әрекеттесуші қажеттіліктерден және тұлғалық бағыттан тұратын өзін-өзі басқару механизмі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жасөспірім мінез-құлқының негізі болатын ішкі қозғаушы күші болып табылады.
Психокорреция бұл - психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсібір жағымсыз ауытқуларды, мінез-құлықтық, эмоциялы, танымдық, не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа да көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету.
Психокоррекциялық жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мынадай болуы мүмкін:
- баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды әлеуметтік ортада қалыптасқан талаптаррға сай келтіру;
- қалыптасқан жағымсыз мінез құбылыстарын бұзып, оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта құру;
- мінез-құлық стериотиптерін және оның эмоционалдық көрініс беру формаларын өзгерту;
- жалпы даму барысында қайта құру;
- ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
Психокоррекцияны жүргізудің түрлері көп болғаны мен олардың барлығының ортақ қасиететрі өте мол. Ол клиенттерді психодиагностикадан өткізу, проблемаларына байланысты коррекция тобына жинақтау, балалар жас ерекшеліктеріне байланысты жіне үлкендердің қажеттілігін ескере отырып психокоррекция жүргізу реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерін анықтау ұқсас нұсқамен жүргізіледі. Сондықтан психокоррекция өте күрделі жүйе болса да, клиенттің проблемаларына байланысты олардың мақсаты мен міндеттері әрқилы анықталғанына қарамастан барлық коррекциялық топтар жұмысының ретін бірнеше блогқа бөліп көрсетуге болады.
Бірінші блок – психодиагностикалық. Бұл кезеңде шытырман жағдайға алып келген факторлар таңдалынып, олардың орын алған себептері мен аймағы анықталады.
Шиеленісті жағдай орын алған аймақтар отбасы, құрбылар ортасы, жұмыс орны оқитын мектебі т.с.с. орталар болуы мүмкін. Осы мәселелерді толық диагностикалау мен жинақталған материалдарды талдау көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер көмегімен жүргізіледі және психологиялық кеңес беру процесімен ұштасады.
Бұл кезеңде клиентті коррекциялық жұмыс жүргізу қажет екендігіне сендіріп, ол жұмыстың ерекшеліктері мен пайдаланылатын әдіс-тәсілдер түсіндіріледі. Коррекция жұмысы – көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әрекеттер жиынтығы. Олардың ішінде психокоррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстардың әсері үлкен:
1.психолог пен коррекцияға қатысушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы. Бұл байланыс құбылмалы. өйткені қатысушылардың психологқа сенімінің біртіндеп өзгеруімен бірге бұл байланыс та өзгеріп тұрады;
2.өз проблемасын шешу жолдарын таба алатындығына сенімінің артуы. Клиенттің позитивтік нәтижеге жете алатындығын түсінуінің белгісі болып табылады;
3. қатысып отырғандардың психологқа және бір-біріне сенімдерінің болуы, біртіндеп осы сенімнің күшеюі және оны бір-біріне анық білдіруі. Бұл құбылысқа байланысты қатысушылардың әрқайссысы өз басынан кешкен проблемалардың орын алуына не себеп болғаны туралы сырын басқаларға ашып айтады немесе түйсініп, тұйықталып қалады.
Екінші блок – бағыт беру деп атауға болады. Бірінші кездесу басқаларына ұқсамайды, құрылымы алдын ала нақты анықталған және сол алгоритмнен онша алшақтамай, барлық орындау тәртібін сақтап жүргізуді талап етеді. Бірінші кездесу барысында қатысушылар дөңгелене отырып, бір-бірімен және психологпен танысып, алдағы кездесулерді шешілетін мәселелер қатысушылар тәртібіне қойылатын талаптар, ритуалдық шаралар, топтың ән-ұраны анықталып, талданып қабылданады.
Бұл кезеңде балаланың өз атын қабылдауы диагностикаланады. Балалар басқалармен танысу барысында өз атын немесе басқа өзіне ұнайтын атпен өзін атауына болатыны түсіндіріледі тренингтің соңына дейін немесе бала өзінің атын өзгертуді өтініш еткеніне дейін оны топтағылар өзі таңдап алған есімімен атайды. Егер қатысушы өз атынан бас тартса, ол өзін - өзі қабылдамауының белгісі, ал өзі таңдап алған аты оның кімге ұқсағысы келетінін білдіреді.
Бұл тәсілдің коррекциялық мәні – баланы өзіне ұнамайтын «Мен» көрінісінен шығып өзіне ұнайтын кейіпкер бейнесінде болуына мүмкіндік беру. Бастапқы кезде баладан неге басқа атты таңдағаның сұраудың ешқандай қажеті жоқ. Оның сәті ойын барысында өзінен-өзі келеді.
Танысу барысында психологтар да өздерін таныстырады. Бұл жерде екі вариант болуы мүмкін. Психолог тек өзінің атын атап барлық топтағылар бір-біріне тек «сен» деп сөйлеу керек екенін айта отырып, өзімен де солай сөйлеу керек пе жоқ болмаса «апай», «ағай» деген тіркесті пайдалана отырып «сіз» деп сыпайы сөйлесу талабы қойылатын-қойылмайтыны анықталады.
Танысуды жалғастыру үшін қимылды ойындарды ұйымдастырған орынды болады. Мысалы, «үшіншісі артық», «жасырынбақ» ойындары өте көңілді, қатысушы балалар құмарта ойнау барысында топтағылар бір-бірінен бастапқы жатырқаушылықтан тез айырылып бір-бірімен араласып кетеді. Сонымен қатар ойын барысында топтың дербестігі мен белсенділігі диагностикаланып, кейбір қатысушылардың топтағы рөлі анықтала бастайды.
Егер ойынның шешуші кезеңдерінде балалар белсенділік білдіріп, жетекшінің кезегі келгенде оның көзін байлап, ол балалардың біреуін ұстап алғанда ұсталған бала ойын ережесіне сай қылық көрсетсе, сыбырлап сілтеу орын алғанда «сілтеушіге» балалардың өздері ескерту жасаса қабырға жағалап тұрғандарды өздері ойынға тартса мұндай коррекциялық тобының жұмысында жетекші функцияны психолог астыртын білдірмей жүргізуі қажет.
Бірінші кездесуді аяқтауға жақындаған да барлық қатысушыларды дөңгеленіп тұруға немесе отыруға шақырып әр кездесуді аяқтайтын рәсім жайында келісіп алудың маңызы үлкен. Оның бірнеше нұсқалары бар.
Барлығы бір-бірін иығынан құшақтап шеңбер жасап тұрып, жай ырғақпен шайқалып өздері таңдап алған әнұранды орындау немесе барлығы етпетінен екі қолын жайып тастап жатқанда оң жақтағы көршісінің бетін қолына қойып жылауы, т.с.с. жақындастыру тәсілдерінің біреуін немесе тексеріп пайдаланатын екеуін таңдап алу керек. Мұнан соң жүргізілетін кездесулердің барлығы осы рәсімен аяқталады.
Үшінші блок – қайта құру. Бірінші кездесуде топ мүшелері үлкен белсенділік және дербестік элементтерін байқатып үлкендер жағынан қатысушылардың барлық элементтерін байқатып, үлкендер жағынан қатысушылардың барлық әрекеттерін қатаң қадағалауды талап етпесе келесі бесінші және алтыншы кездесуде спонтандық ойындар кеңінен пайдалануы қажет. Бұл ойындар барысында балалар қатынасында иерархия қалыптасып әр баланың күшті және осал жақтары айқындалады да балалардың дезадапциялық қасиеттері анықталады.
Бұл психодиагностиканы дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар келесі кезеңдерде топтық қатынас барысында қалыптасқан тәжірибиенің оң-теріс жақтарын балалардың өздеріне талап көрсетуге негіз болады. Спонтандық ойындар барысында психологтар балалардың өзара қатынасын бақылаумен қатар олардың бір-біріне ешқандай денесіне зақым келтірмеуін және жанын жараламауын қамтамасыз етеді.
Спонтандық ойын барысында біртіндеп қалыптасқан иерерхиядағы қатынасушылар рөльдері анықталады: әмірешіл, әмірешілдің уәзірі, шеттетілген оппазиционер, көнгіш конформист, «күнәһарлар».
Осы кезден бастап толық коррекция арқылы әр адамның қасиеттерін өайта құрудың келесі кезеңі басталады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі – жетекші алдын ала қандай әрекеттер арқылы қандай қасиеттер білдіруге жаттықтыратынын анықтап, сол бағыттағы ойындарды ұсынып отырады. Бұл кезде психологтар барлық топ мүшелерінің белсенділігін қамтамассыз етуге топтағылардың барлығы барлық ойындарға тең үлесін ұосатындай жағдай жасайды.
Төртінші блок – апробациялық. Қатысушының коррекция барысында меңгерген жаңа тәжірибесін өз бетімен көрсетуге өз күшіне сенудің өзін-өзі сыйлауын пысықтауға жәрдем беріледі. Кеңесші психолог клиенттің досы позициясында болып, оған тек өте қажет болған уақытта ғана көмек көрсетеді. әр адам алдында тұрған проблемаларын өзі шешуге тиіс, ал оны шеше алмаса топтағылардың көмегін пайдалана білуі керек.
Д.Карнеги еңбектерінде психокоррекциялық әсерді жөндеулерді, адамның ішкі әлеміндегі ерекше өзгерулерді қарастырған. Д.Карнеги өзінің бір сынағында психологиялық мәліметтерді психокоррекциялық жұмыстарда қолданады.
Психокоррекция жұмыстарын жүргізуде ол негізі былай дейді: «Тәртіпті сақтаңдар, бәрі жақсы болады». Адамдарға ұнау үшін Д.Карнеги ұсынған 6 анықтаманы ұсынады:
1. Басқа адамдармен қарым-қатынасқа шынайы түсіңіз
2. Күліңіз
3. Есіңізде болсын – адамның есімі, негізгі көмекші жақсы қарым-қатынасқа
4. Мұқият тыңдай біліңіз
5. Әңгімелесіп отырған адамыңызды не қызықтырады сол туралы айтыңыз
6. Өмірде өз орны бар екендігі туралы шынайы санасын иландыруға тырысыңыз
Ал, психотренингтер – коррекциялық жұмыста адамның ішкі әлемін жетілдіруге көмектеседі. Психотренингтер тапсырма шешуде, әрекеттің оптимизациялауда (оңтайландыруда) жүзеге асады. (Н.Цен, Ю.И.Иванов және т.б.). Психотренинг жаңа көзқарастар ұсынбайды, әрекетте нәтиженің жоғары болуына, адамның ішкі әлемі мен қасиетінің ықпалдастығына, біріншіден өзіндік санаға әсер етеді.
Психологиялық ойындар – психологиялық мәліметтерді коррекциялық жұмыстарда қолдануға, адамның ішкі әлемінің ерекшеліктерін сұрыптауға, тапсырмаларды орындауға басынан өткеруге көмектеседі. Психотехникалық ойындар Н.В. Цезенан, Ю.В.Пахомев еңбектерінде көрсетеді. Ол ойындардың ерекшелігі функцияларды дамытуға бағдарланған құбылыс шаршағандықты жеңу үшін, қабылдаудың концентрациясының жоғарылауына, эмоционалды тонусының (сарынының) жоғарылауына көмектеседі.
Қорыта айтқанда, психолог-практиктердің психокоррекция жұмысы бағыттан ерекшеленетін 3 ұстаным арқылы клиентке көмектеседі.
1. «Мен сияқты істе» - психолог клиентке эффектілі тәсіл көрсетеді және жүзеге асыруға көмектеседі. Әрекет, тәсілдеріне жауапкершілікті алады.
2. «Бірге істейік» - жауапкершілікті психолог іздеудегі және табудағы эффектілі тәсілді клиентке ұсынады.
3. «Жақсы нәтиже болуы үшін ойланыңыз» - бұл тәсілді жүзеге асыруда клиентке жауапкершілік жүктеледі, тәсілді шешуге, таңдауға, игеруге көмектеседі.
Бірінші ұстаным психотехникалық әсер етуге жақын, мазмұны клиентке тиімді.
Екінші ұстаным клиентке сапалы көмектеседі.
Үшінші ұстаным клиенттің бағдарлауына жеке тұлғалық ерекшеліктеріне ішкі әлемінің деңгейімен және санасымен байланыстырады. Әр ұстанымның мақсаты - түзету жұмысының тапсырмасы, біреуін психолог қолдануда стереотиті жұмыс істейді, ол коррекциялық жіктеу жұмысын қиындатады.
Психокоррекция мәліметтерді дискретті бағдарлауға, адамның ішкі әлеміне мінездеме беруге жалпы психологиялық заңдылықтарды қабылдауға көмектеседі.
Түзету жұмыстарынң әдістері жасөспірімдердің іс-әрекетер жүзеге асырылатын топпен арақатынасы байланысты әсерлі болады. Жасөспірімге қоғамдық белсенді іс-әрекетке бай аймақты ұсынатын және жұмыс нәтижелеріне баға беруші топ өзіндік тәрбиелік қызмет атқарады.
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқулардың себептерінің бірі болып жасөспірімнің авторитарлық, яғни мектеп, отбасы, қоғам тәрбиесіндегі сипаттағы «Мен»-мен және есеюші «Мен»-і арасындағы келіспеушілік саналады. Сондықтан да біздің модельдің үшінші бөлігін тәбиелеуші және қайта тәрбиелеуші субъектілер тарапынан болатын қарым-қатынастарды қайта құру арқылы жасөспірімнің эмоциялық саласына ықпал ету құрайды.
Зерттеу коррекциялық процес барысындағы осындай қарым-қатынастарды іздестіруді мақсат етті. Тұлғалық тұрғыдан қарау идеялары мен мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдегі болатын біз жасаған Мен-концепциясы үлгісі негізінде эксперимент барысында мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімге түзету жұмысы жағдайында тұлғалық тұрғыдан қарау тұжырымдалды. Ол мыналардан құралады:
-
жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарау, педагогтың жасөспірімге тұлғалық теңелуі, жасөспірімнің құқықтарына құрмет көрсету;
-
мінездегі ауытқушы жасөспірімді шынайы түрде қабылдау, оның кемшіліктеріне түсіне білу, себептерін түсіну, оған көмек көрсетуді дұрыс жолын таңдау;
-
жасөспірімнің субъективті ұстанымын қамтамасыз ету, іс-әрекет барысында жетістікке жету атмосферасын қалыптастыру, ынталандыру;
-
тәрбиешінің жасөспірім үшін үлгі болуы, оның серіктес, кеңесші, тәжірибелі ересек жолдасы ретіндегі рөлін атқара білуі;
-
жасөспірімге қойылатын талап пен құрметті үйлестіре білу;
-
қажетті жағдайда тежеуші амалдарды пайдалана білу.
Осыған орай тұлғаның Мен-концепсиясы ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық көзқарас пен тежеуші амалдарды қолданудың шекарасы қарастырылады.
Тұлғалық тұрғыдан қараудың шекарасынан делинквентті мінез-құлықтың 4-5 деңгейлердегі түрлерін шығарамыз: себепсіз агрессияны, «қара ниеттегі қызғанышты», әдейі айтылған өтірікті, өзімшіл мінез-құлықты және тағы да басқа нормадан тыс ауытқуларды.
Тәрбиеші тұлғалық ішкі күштердің қолдауын байқамаған жағдайда ғана тежеуші амалдарды пайдаланады. Жазалаушы, көндіруші әрекеттерді жасөспірім түсініп, мойындау білуі керек, ол оның тұлғалық намысына тиіп кетпеуі қажет. Эксперименттік тәжірибе жұмыстары түзету үрдістерінің нәтижелігін арттыруға қажетті бірқатар әлеуметтік-педагогикалық шарттарды анықтады;
-
отбасы, мектеп, қосымша білім беру мекемесі, құқық қорғаушы органдар, мемлекеттік және қоғамдық қызметтер сияқты тәрбие беруші барлық субъектілердің тәрбиелеуші-түзетуші күштерін ұштастыратын, жасөспірімнің мінез-құлқындағы ауытқуларды түзетудің біртұтас моделі болуы керек;
-
жасөспірімге жасалатын ықпалдардың кешенді болуы:
а) сана, ерік-эмоциясы, мінез-құлқы сияқты салаларына әсер етуші ықпалдар;
б) көркемдік, қоғамдық, техникалық сияқты әр түрлі іс-әрекеттердегі ықпалдар;
в) әлеуметтік, медициналық, психологиялық педагогикалық салалардағы ықпалдар;
3) түзету үрдісінің мектептегі оқу-тәрбие ісімен тығыз байланыста болып, үйлесім табуы;
4) түзету жұмысының диагностикалық тұрғыдан қамтылуы, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан болжам жасау амалдарының болуы;
5) әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық іс-әрекеттердің жеткілікті деңгейде болуы, олардың мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне түзету бағдарламасын жүзеге асыруға, жасөспірімдермен түзету және медет беру шараларын жүргізуге көмектесу.
Модельді педагогикалық тұрғыдан басқару шарттарының жиынтығы мыналардан тұрады.
1) жасөспірімнің өзіндік ерекшеліктерін, әлеуметтік байланыстары мен мектептің, отбасының ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты жоспарлау;
2) тәрбиелеу-түзету үрдісіне қатынасушы барлық субъектілердің әрекеттеріне бағыт беру;
3) нәтижелерге психологиялық-педагогикалық талдау жасау.
Зерттеу барысында жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды түзету үрдісі кәсіби мамандардың, яғни әлеуметтік педагогтардың қатынасуынсыз айтарлықтай дәрежедегі нәтиже беріп, толықтай жүзеге асуы мүмкін еместігі анықталды.
Көптеген мұғалімдер окушылардың жеке ерекшеліктерін білмей немесе оларды өз жұмысында ескермей оқушылармен өзара қарым-қатынас жасай алмайтындығын білдіреді. Қарым-қатынастың өктем үлгі түрінде жасалуы балалардың ашық қарсылық көрсетуін тудырады. Ал оқушылардың құрдастарымен қарым-қатынас жасауы оның осы уақытта «адамгершілікті — өнегелі қасиеті бар ересек адаммен» қарым-қатынасы бар болса ғана ол тиімді болатынын ескерген жөн.
Дәл осы қарым-қатынас арқылы құр-дастарының ортасында қалыптасқан құндылықтарды тексеріп, түсінуге болады. Бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасаған кезде ғана нақтылы қоғам мен әлеуметтік ортаға тән өнегелі армандар мен құндылықтардың жүйесін толық меңгереді.
Педагогикалық ұжымға психологиялық көмек көрсету мақсатымен семинар, тренинг және әр түрлі психологиялық шаралар ұйымдастырылуы қажет. Өйткені, үлкендердің түртпегінен шаршаған оқушылар жасандылыққа төзбейтін педагогтардың қайрымды қатынасын көріп, өздерінің құндылықтарымен толық келіспесе де, оларды бірге біртіндеп іштей өзгеруге тырысатын, түсінетін және мойындайтын адамдардың бар екенін біле бастайды.
Әр түрлі шаралар мен психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушылардың жас ерекшелік дамуының негізгі талаптарын міндетті түрде ескеру қажет. Мәселен, бастауыш және орта жастағы жасөспірімдермен жұмыс істеген кезде олардың өз-өзіне сенімділігін тудыруға, өздерінің мінезін, мүмкіншіліктері мен қабілеттерін және т.б. түсінуіне ықпал ету керек. Бұл жас кезеңі жасөспірімдердің өзіне сенімділігін, өзіндік намыс сезімін дамытуға және бекітуге қолайлы уақыт болып табылады.
Ал үлкен жасөспірімдермен жұмыс жасаған кезде олардың айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасты дамытуға, тұлғааралық қатынастарының себептерін талдауға ерекше мән берген жөн. Өмірдің мағынасын түсінуіне, жоспарын жасай білуіне, мамандық кәсіби таңдауға қабілеттіліктерін меңгеруге үлкен назар аудару керек.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін тек ескеріп қана қоймай, олардың мүмкіншіліктерін белсенді қалыптастырып, адамгершіліктік-өнегелі қасиеттерін дамытып, әр түрлі психологиялық жағдайларды дұрыс қолдана отырып, олардың мінез-құлық ауытқуларын алдын алу кажет. Осындай жағдайда ғана қазіргі кездегі оқушылар еліміздің білікті, парасатты азаматы болуына сөзсіз қол жеткізеді.
Психотерапия (психо ... және грек. therapeia - емдеу) адам ауруының себебін болжамдайтын психикалық тәсілдерді және оны емдейтін әдістерді дәлірек ұғынып, кеңінен қолданатын психология мен медицина арасындағы емдік тәжірибе түрі. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана – сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.
Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері – гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі , отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.
Адам ішкі жан дүниесінің қай сипаты ықпал етуді талап етуге байланысты психотерапияның негізгі 4 моделін бөлуге болады:
1.Психотерапия емдеу әдісі. Психикалық және соматикалық функция (медицин.модель) сферасында организмнің функциональды жүйе қалпына ықпал ету;
2.Психотерапия- үйрету процесін әрекетке әкеледі (психотерапияның психологиялық моделі);
3.Психотерапия манипуляциялаушы әдіс, инструмент сипатты және қоғамдық тексеру мақсатына қызмет етеді (әлеуметтік модель);
4.Психотерапия адамдар арасында ықпал ету барысында жүзеге асатын құбылыстар жиынтығы;
музыкатерапия- музыканы тыңдау, библиотерапия- кітап оқу арқылы ауруға ықпал ету. Имаготерапия - бейнелермен ойнау(imago: лат.-бейне) арттерапия - өнермен терапия. Көбінесе өнердің қолданбалы түрі пайдаланылады.
Арттерапиялық тапсырмалар екі вариант түрінде жүзеге асырылады: белгілі бір тақырыпта тапсырмалар орындау және берілген тапсырманың материасын еркін тақырыпта, еркін материалмен жұмыс жасайды. Тапсырма соңында тақырыпты орындау манерасын талқыға салады.
Натурпсихотерапия немесе табиғат ықпалы, логотерапия немесе әңгімелесу психотерапиясы, гештальттерапия негізгі мақсаты – жеке адам потенциалын көтеру, оның күшін үдету, интеграция және даму жолымен адам мүмкіндіктерін өсіру.
Марита-терапия негізі Японияда 1921 жылы берілген морита кітабында көрсетілген. Мұның теориялық нұсқауы адамдардың жолын, тәуелділігін түсінумен байланысты әдіс.
Супестивті психотерапия – сергектік, гипноздық ұйқы, наркотикалық ұйқы, жанама ұйыту және планцеботерапия – (дәрілік ықпал ету) қалпы.
Жүріс-тұрыстық психотерапия – (шартты рефлекстер) ықпал ету техникасы ретінде кеңінен қолданылады.(қорқынышты жою)
Жеке психотерапия. Бұл психолог пен клиент арасындағы өзара әрекеттесу мәнінің құрылу ерекшелігін көрсету болып табылады, яғни медициналық дигнозы бар. Психолог клиентпен қандай да бір өзара әрекет ету ситуациясын құрады. Ол адам мәні жөніндегі кәсіби білімі негізінде жасалады. Басқалай айтқанда психотерапевт жұмысы адам мәні туралы философиялық көзқарастарына сүйенеді.
Топтық психотерапия – бұл әр түрлі аурулармен ауыратын адамдар арасында жүргізілетін психотерапиялық ықпал жасау формасы ретінде қазір кеңінен қолданылады.
Топтық психотерапия ерте жастан – мектепке дейінгі, ең кәрілік шаққа дейін қолданылады.
Көптеген психотерапевт пікірлері бойынша топтық психотерапия қоршаған адамдармен өзара қатынас құрылуына негізделеді немесе қоршаған ортамен шиеленіс.
Топтық психотерапия ашық немесе жабық 25-30 адам құрамында жүреді және 8-12 адам(шағын топ).
Психотерапиялық сабақтар бір уақытта, бір жайлы жерде өтуі тиіс. Психотерапевт басқалардан ерекшеленіп тұруы тиіс. Топта оған қатысушылардың жекелік жетілуі деп атауға болатын құбылыстар жүреді. Олар жаңа формадағы әрекетте, өз танымдарын кеңейте ситуацияларды бастан кешіреді. Психотерапияны жүргізгеннен кейін жүріс-тұрыстық өзгерістер (ым-ишара, дене тұрысы, жүріс-тұрысы) байқалады. Олар өзіндік сана және санада өзгерістерінің сырттай көрінуі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |