Сахараның оңтүстік аймақтары



Дата17.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#206374
Сахараның оңтүстік аймақтары.

Африка континентінің басым бөлігін алып жататын тропикалық жаңбырлы ормандар немесе джунглилер экватордың екі жағын да қамтиды. Бұл аймақта аспаннан құлақ тұндыра күнкіреген күн соңын ала бере құйылатын қалың жаңбыр, тропикалық нөсер жиі болып тұрады. Кейде 1-2 күн ішінде-ақ Мәскеуде бүкіл жаз, күз бойы жауатын жаңбырдың көлемінен де асып түсетіндей жауын нөсері болады. Мұнда ауаның температурасы үнемі жоғары, мәңгілік жаз орнаған. Жылу мен ылғалдың үзілмеуі-өсімдік атаулының мол болуының басты шарты.

Тропикалық орман ағаштарының көпшілігінің жапырақтары ірі, тығыз, қалың қабықты болып келеді. Олар біздегі сияқты күз түсісімен бірден түгел түсе салмайды, біртіндеп, жайлап түсіп отырады. Сондықтан да тропикалық ормандар мәңгі жасыл болып тұрады. Ағаштардың тығыз өсетіндігі соншалық, олар бір-бірімен тұтасып нуға айналады да, оның арасынан өту қиынға соғады. Ағаш бұталарының бәрі жоғарыға, жарыққа ұмтыла өсетіндіктен төбе жағы алып шатырға ұқсайды, төмені-сызды, алакөлеңке болып тұрады, ал мұндай қалып орхидей, папоротник бамбуктар үшін өте қолайлы.

Шындығында, джунглидегі өсімдіктер әлемінің патшасы-лиана шырмауықтары. Бұл өсімдіктер ағаштарды шырмай өрмелеп олардың төбесіне дейін өседі де, дәл бір жап-жасыл тұна қалған құлама су секілді әсер қалдырады. Күндіз-түні джунглидегі сан алуан үн толастамайды: тотықұстар бар дауысымен айғай салады, бұтадан бұтаға секірген маймылдар да өзінше дыбыс беріп жатады. Тек жауыз қолтырауындар ғана үндемейді. Олар өзен-көлдерде суға көміліп жатып, өз жемтіктерін күтуден жалықпайды.




Питон.

Ұзындығы 10 метрге жететін алып жылан. Оңтүстік Африкада тіршілік етеді. Суда жақсы жүзеді, биік ағаштарға да жылдам өрмелеп шыға алады. Питон өз жемтігін шақпайды. Оған сақина жасай оралып, әбден тұншықтырып өлтіргенше қыса береді. Содан соң жемтігін бүтін күйінде жұтып жібереді де, оны қорытып болғанша бірнеше сағат қимылсыз жатады. Питонның негізгі қорегі-бөкен, құстар, кеміргіштер, павиандар. Олардың ішінен сирек болса дақабыландарды да ұшырастыруға болады.


Логиаф бақасы.

Әлемдегі ең ірі бақа. Оның салмағы 3 кг тартса, бойы 25см-ге дейін жетеді. Бұл бақа өте сирек кездеседі, ол тек Камерунда ғана тіршілік етеді.


Жако.

Тотықұстардың ішіндегі ең көп сөз білетіні. Ол жүзден аса сөзді сақтай алады. Жако өте жақсы ұша да алады. Әрі мықты, әрі тұтқыр тұмсығы бұтадан бұтаға жылдам ауысуға үшінші аяқ секілді қызмет етеді, сондай-ақ бұл құс тұмсығын жаулардан қорғайтын құрал ретінде пайдаланады. Тотықұстың негізгі асы-бана, жаңғақ, басқа да жемістер.





Африкалық айрылмастар.

Дөңгелене біткен қысқа құйрығы бар кішігірім тотықұс. Олардың қоразы мен мекиені мәңгілік жұптасып тіршілік ететіндіктен де, «айрылмастар» деп аталады. Ұясында жұмыртқа басатын кездерден басқа уақытта олар топтанып жүреді. Түрлі шөптермен, өсімдіктермен, жаңғақтармен қоректенеді. Ағаштардың қуысына ұя салады. Олар өте ұғымтал, әуесқой, қолға да тез үйренеді және иесіне тез бауыр басады, оны таниды, сәлемдесе біледі.




Құбылмақ.

Ол кесірткеден аумайды. Ол өзінің түсін тұрған ортасына ыңғайлап өзгерте алады. Бұлай құбылу қорыққанда, ашыққанда, жарық түскенде де болады. Хамелеонның айдары, үлкен аузы мен жаратылысы өзгеше көзі көңіл аударады. Ол көзін айналдыра аударып-төңкеріп жан-жағының бәрін көре алады. Ол бұғып отырып насекомдарды желімдей жабыстырар қасиеті бар ұзын тілін еркін лақтырып-ақ аулай береді.


Окапи.

Ол тропикалық ормандағы тартымды әрі бірегей сүтқоректілердің бірі. Ғалымдардың назарына ол тек XX ғасырда түскен еді. Бойы есектің бойындай. Оның жібектей үлпілдеген терісі бар, тек аяғындағы алашааттардікіндей ақ-қара жолақтары да ерекше. Окапи керіктің тұқымдасы болғанмен, оның мойны онша ұзын емес. Ұзын да нәзік тілдерімен бұталы өсімдіктердің, ағаштардың жапырақтарын үзіп жейді.


Қабылан.

Үлкен, сұлу тұлғалы, зерек мысық. Оның жүні сары, қара дақтары ерекше көз тартады. Тропикалық ормандардағы бұталы өсімдікпен, күн сәулесімен шағылысып, тіпті байқалмай қалатын кездері де бар. Күші мен қаһарлылығы жағынан ол арыстаннан кемшіл болғанымен, қулығы мен зұлымдығы одан да асып түседі. Ол бірнеше сағат бойында аң жүретін соқпақтарды күзетіп дымын шығармай жатады. Жанынан қаперсіз өтіп бара жатқан киіктерді көргенде бұл жыртқыш оқтай атылады. Қабылан түңгі мезгілде жалғыз жортады. Оның қимылдары мейлінше епті. Бір секіргенде-ақ жемтігі уысында жатады.






Мартышкалар.

Шағын денелі, құйрығы ұзын маймыл. Олардың тұрақ-мекені-ормандар. Олар ағаштан ағашқа еркін секіріп, құлағын қимылдатып, ішек-сіленді қатырардай бет-аузын қисаңдататын «өнері» де бар. Қолына не түссе де жей береді: шөп, жапырақ, насекомдар мен құстар. Мартышкаларды біз цирктен жиі көреміз: олар бірде ат үстінде еркін отырса, енді бірде итке мініп жатады...




Мүйізтұмсық құс.

Біршама ірі, құйрығы ұзын құс. Тропикалық орманды мекендейді, ағаш қуыстарына ұя салады. Насекомдармен, кесірткелемен қоректенеді, жеміс-жидектерді де жек көрмейді. Мүйізтұмсық деп аталу себебі оның тұмсығында мүйіз секілді қатты нәрсе кездеседі.





Таңғажайыптар мен аңыздар мекені.

Африканың жануарлар әлемі сан түрі: ұшықиырсыз кең дала – саваналарда – жүйрік киіктер мен бөкендер де жортып жүреді, қабаландар мен гепардтар өз жемтігін аулайды ...

Африка пілі – құрлықта тіршілік ететін ең ірі сүтқоректі жануар. Оның салмағы 9 т. Дейін барады. Ересек пілдердің бірінің азу тісі 220 кг. болады. Ересек пілдер бір күнде 140 кг өсімдік жейді.

Тарғыл қорқау үйір боп өмір сүреді. Табанды арланы емес, тәржиебелі ірі тұлғалы ұрғашы қор қау басқарады. Табын тамақ алауға бет алғанда, ол бәрінің алдында жүріп отрады. Олар алашааттарды, гну – бұқларын, су ешкілерін аулайды, қорқаулар арыстандар мен гипард асының қалдықтарын - өлекселерді де сүйсіне жейді

Көнкей – бойы 25-37 мм болатын аздап жылтырап тұратын қара сасық қоныз. Ол қөн арасынан шариктер жасап алып, оларға өз жұмыртқаларын салады. Ежелгі египетте көнкейді киелі деп санаған, олар бақыт әкеледі деп сенген. Бізге оның әр түрлі бейнелері ғана жеткен.

Түйе. Африкашөлдерінде мекендейді. Олардың арқасында олардың арқасында май жинайтың жалғыз ғана өркеш бар. Бұл қор түйенің бірнеше күн жем жеп, су ішпей өзін жақсы сезуіне көмектеседі. Оның тегіс, жалпақ, мүйізді тұяғы болады. Соның арқасында нар құмға омбылап құлаудан қорықпайды. Шөлдерде құм көтерілгенде түйенін танауы жабық болады.

Қасқыр - өте ақылды жыртқыш. Қиыр Солтүстіктегі қасқырлар ірі болады. Қасқыр ашық аланқайларды ұнатады, себебі онда жемтігін ұстау женілдеу болады. Әдемі және тез жүгіреді, бейне бір жерге бауырымен төселіп жатқандай әсер береді. Ол өзіне өмірлік серік таңдайды. Апаның ешкімге көрінбейтіндей жасайды. Қасқыр жемьігін екеулеп аулайды. Қасқырдын есту қаблеті ерекше жетілген. Қаншығы жылына 5-6 – дан, кейде 10-ға дейін күшіктейді.

Қоныр аю – Еуропа мен Азияға кең жайылған. Ол – боиы 3-м дейін жетеді. Қалың ормандарда өмір сүреді. Алқаптарға жем іздеп шығады. өзі денелі болғанмен, жидектерді жанғақтарды т.б. жейді. Жаздыңгүні кез келген онаша жерге ұйықтай салады. Ал қыста апанға ұйқтайды. Жылына бірет 2-3 қанжық туады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет