Интелектуалдық ойын «Химия көшбасшысы»
Мақсаты : Оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа,, тапқырлыққа баулу.
Сайыс 5 кезеңге жіктеледі :
I.Бәйге (оқушылар жылдамдығына қарай, қайсысы дұрыс жауап береді, сол 10 ұпай
алады)
Сұрақтары :
-
1934 жылы дүниеге келген, химия ғылымының атасы
-
Ароматты иісі бар органикалық қосылыстар қалай аталады ?
-
Табиғи газдың негізгі құрамына кіретін қаныққан көмірсутек
-
Майлардың қандай түрлері бар?
-
Ас тұзының формуласы
-
Майдың құрамын анықтаған француз ғалымдар
-
Металдардың бұзылуы (коррозия)
-
Адам ағзасына тәулігіне неше грамм май қажет?
-
Темекі түтініндегі зиянды зат (никотин)
-
Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (йод)
-
Сұйық металл (сынап)
-
Тамаққа пайдаланылатын карбон қышқылы
-
Майлар неден алынады?
-
Құмырсқада , қалақайда кездесетін карбон қышқылы
-
Батыс Қазақстан қандай көмірсутектер қорына бай?
II. Тіл өнері ( сұраққа жауап беріп, кездесетін элементтерді қазақ, орыс, латын тілінде
айту, дұрыс жауапқа -20 ұпай , жартылай жауапқа- 10 ұпай)
-
Нені қызған кезде соқ? (темір- железо- феррум)
-
Нені көрсе періште жолдан таяды? ( алтын- золото- аурум)
-
Ауаның негізгі құрам бөлігі ( оттек- кислород- оксигениум)
-
Сұйық металл ( сынып- ртуть- гидраргирум)
-
Арпа , бидай ас екен, алтын ..... тас екен (күміс- серебро- аргентум)
III. Дода. Химиялық жұмбақтар шешу ( дұрыс жауапқа -10 ұпай )
1.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепіреді «А» деген элемент. Бірақ ол
біреудің отын үрлемесе, өзі ешуақытта жанып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қай
элемент? (Оттегі)
2. «В» деген элемент қай металдың болсын орнын басуға әзір- ақ , бірақ қанша
буырқанса да , одан металл шығып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қай элемент?
(Сутегі)
3. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі
химиялық элемент. . Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Неон)
4. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада , өзі химиялық
элемент. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот)
5.Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін
есіңе түсіреді. Ойлаңдаршы бұл қай элемент? (Бор)
IV. Ғажайып жетілік. Қатарлардағы ұпай санының таңдап, онда жасырынып тұрған сұрақтарға жауап береді , соған сай ұпай жинайды.
10
|
10
|
10
|
20
|
20
|
20
|
30
|
30
|
30
|
-
101 Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті металға теңеген. Осы жеті металды атаңыз (алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын, сынап)
-
102 Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65 пайызы қайда болады? (қанның гемоглобинде)
-
103 Аммиак суда жақсы еритін өткір иісті газ . Оны суда әртүрлі мөлшерде ерітуге болады. Құрамында 3-10 пайыз аммиак бар ерітінді халық арасында қалай аталады?
( мүсәтір спирті)
-
201 Каучукты резинаға айналдыру үшін, медицинада , тұрмыста жертөлені және
қоймаларды аластау үшін, оқ- дәрі және сіріңке өндірісінде қолданылатын, сары
түсті суда нашар еритін, су жұқтырмайтын, жылу мен ток өткізбейтін, морт келетін
қатты зат. (Күкірт)
-
202 Бұл элементке кейбір омыртқасыздар- былқылдақденелілер мен буынаяқтылар
бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ,ғалымдар
қанның көгілдір болуы осы элементке байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай
элемент деп ойлайсыздар? ( мыс)
-
203 Адам ағзасында бұл элементтің жетіспеуі иіс пен дәм сезуді толық өзгертеді.
Бұл элементке өсімдіктерден түлкіжем және майқұлақ саңырауқұлақтары бай екен.
Топыраққа да бұл элемент жетіспейтін болса, өсімдіктердің өсуі нашарлайды. Бұл
маңыздылығы жоғары қандай элемент екен? (Мырыш)
-
301 «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша
кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материал азайса, басқа
жерде ол сонша көбейеді» деген тұжырымдаманы айтқан ғалым кім? Ол заң қалай
аталатын еді? ( М.В.Ломоносов. Зат массасының сақталу заңы)
-
302 Барлық жай заттардың арасында генетикалық байланыс болады. Күрделі заттар
құрамы мен қасиеттеріне сәйкес 4 түрлі класқа жіктеледі. Олардың өз кезегінде
ұқсастықтары менайырмашылықтары болады. Сол 4 класты ата.
(негіздер,қышқылдар, оксидтер, тұздар)
-
303 Мұндай байланыс кезінде атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң және теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар иондар деп аталады. Сонда қарама- қарсы зарядталған иондар арасында қандай байланыс болады? ( иондық байланыс)
V. Жорға 1 минутта 10 сұраққа жауап беру .
1. NaCI – тұз
2. Батпақ газы- метан
3. H2 SO4 –қышқыл
4. Калий- сілтілік металл
5. Кристализатор- химиялық ыдыс
6. Бор ,мәрмәр, ізбес, дала шпаты- осылардың барлығының формуласы СаСО3
7. Ең оңай балқитын металл – сынап
8. Жер қыртысында ең көп таралған металл- алюминий
9. Фенолфталеин. лакмус, метилоранж- индикаторлар
10. AI(OH)3 – гидроксид
11. Кремний қышқылының тұзы- силикат
12. Темір қосылыстарында неше валентті- 2,3
13. Күн құрметіне аталған элемент –гелий
14. Немісше «ақ металл» деген сөзге сәйкес аталатын элемент- висмут
15. Ертеден белгілі металл- мыс
Сервис және жаңа технологиялар колледжі
Пән мұғалімі : Абитова Ж.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |