Математика сабағы, 4 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы,
Уалиханов ауданы, Бидайық
орта мектебі
Нургазина У.М.
Сабақтың тақырыбы: Көлем және оның өлшем бірлігі
Сабақтың мақсаты:
-
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шжылдамдыққа, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
-
Білімділік: Куб ұғымын пысықтау. Көлем, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен оқушыларды таныстыру.
-
Дамытушылық: Ой - өрістерін кеңейту, математикалық тілдерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, тапсырмалар орындау, сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ Жаңа сабақ. Жаңа тақырып электрондық оқулық арқылы түсіндіріледі.(Оқушылар тыңдайды.)Геометриялық фигуралар көрсетіледі, соның ішінде текше жайында түсінік беріледі. Текше –көп жақты фигура, оның 6 жағы бар.
Текшенің көлемін табуға болады. Оның үш өлшемі бар. Мұнда көлемді табу жайлы түсінік беріледі.
Келесіні оқушылар өздері орындайды.
Тақырып толық түсіндірілген соң, электрондық оқулықтағы тапсырмалар ретімен орындалады, әр тапсырма сол мезетте тексеріліп отырады.
1 тапсырма: Тапсырманы тыңдайды, 1 оқушы шығып, тышқан тетігін пайдаланып сызғышпен фигураның өлшемдерін өлшейді. клавиатураны пайдаланып, орындайды.
Орындаған жұмыс тексеріледі.
2 тапсырма: 1 тапсырмадағыдай орындалады.
3 тапсырма: Көлем өлшем бірліктері таныстырылады. Шторкамен жабылады. Берілген өрнектерді оқушылар өрнектеп, клавиатураны пайдаланып, жауабын жазады.
4 тапсырма: Куб ұғымын пысықтауға арналған тапсырма.
Қорытынды: сұрақ – жауап.
Үйге тапсырма: № 2, №3 106 бет.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |