«Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салық есептілігін қабылдау»



Дата03.07.2016
өлшемі100.47 Kb.
#175139


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы «__ » _________

№ ___ бұйрығына

23-қосымша


«Салық есептілігін қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер
1. «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министірлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Салық есептілігін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген салық есептілігін қабылдау – оны табыс еткен сәттен бастап 10 минут ішінде;

салық есептілігін электронды түрде қабылдау – салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесі оны қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

ХҚО-на құжаттар тапсыруы үшін көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.



5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) салық есептілігінің екінші данасында салық қызметі органдарының белгісі;

2) салық есептілігінің қабылданғаны туралы почта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе ХҚО-ның қабылдаған уақыты мен күнінің белгісі;

3) салық органының салық есептілігін электрондық түрде қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы хабарламасы;

4) жеке табыс салығы және мүлік салығы бойынша декларацияның электрондық түрде қабылданғаны туралы анықтама;

5) жеке табыс салығы және мүлік салығы бойынша декларацияның қағаз жеткізгіште қабылданғаны туралы анықтама;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден (салық есептілігі табыс етілмеген деп есептелген жағдайда) бас тарту туралы уәжделген жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушының келу тәртібімен жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырады.

Портал арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне», Салық төлеушінің кабинетіне немесе СЕӨС-ке жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

3) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00–ден 20.00–ге дейін. Қабылдау және нәтижелерді беру «электрондық» кезек арқылы жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;

4) порталға – электрондық түрде, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы салық есептілігін:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-на немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;

2) порталға – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылып электрондық түрде табыс етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы салық есептілігін:

мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті;

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін, олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін;

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін, олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікті қоспағанда;

ХҚО-ға немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы электрондық түрде табыс етеге құқылы.



Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына салық есептілігін тапсыру үшін Салық кодексінде белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күнінің белгісі болған кезде, мерзімінде тапсырылған деп есептеледі.

Салық есептілігі қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі данада жасалады. Бір данасы көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін салық есептілігі нысандары көрсетілетін қызметті берушінің www.salyk.kz интернет-ресурсында «Салық есептілігі нысандары» бөлімінде орналастырылады. Көрсетілетін қызметті алушы оларды сату орындарынан ала алады.

ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттар жүйесінен алынған мәліметтермен жеке басын куәландыратын құжаттарды салыстырады, одан кейін аталған құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.


10. Салық есептілігі, егер:

1) уәкілетті органмен белгіленген салық есептілігі нысандарына сәйкес келмесе, немесе

2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе, немесе

3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе



4) салық кезеңі көрсетілмесе, немесе

5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе



6) қағаз жеткізгіште жасалған салық есептілігіне салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоймаса, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылмаса, немесе

7) уәкілетті орган белгілеген электрондық формат құрылымы бұзылса;



8) табыс ету мерзімі ұзартылған салық есептілігі электрондық түрде табыс етілмесе, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайы және телефондары бойынша ХҚО-ның басшысына жіберіледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға жеке өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды, ХҚО қызметкері (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шығу арқылы жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.salyk.gov.kz, ХҚО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.



17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
_______________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет