Салыстырма кесте



бет1/11
Дата09.02.2024
өлшемі55.7 Kb.
#491442
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
!@02=8B5;L=0O B01;8F0 07


«Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ



Р/с№



Құры-лымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме

1



Ереже

Солтүстік Қазақстан облысы


әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 326 қаулысымен
бекітілген

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар және өсімдік дүниесінің өзге де объектілерін қорғау саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


2. Басқарманың ведомствосы жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, басқарманың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150008, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57в-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау үшін шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет